Тәрбиешінің іс-әрекеті
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Ең алдымен балаларға ертегі туралы әңгімелеп, түсінік беру.
Ертегі дегеніміз - біздің халқымыздың арман-қиялынан туған шығарма. Ертегілердің түр-түрі өте көп. Солардың бірі – «Үйшік » ертегісін бүгін мен сендерге оқып, түсіндіріп беремін.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдап
отырады.
Іздену-ұйымдастырушы
Ертегі кейіпкерлерін атап шығу – бақа, қоян, тышқан, т.б.
Тәрбиеші мәнерлі рөлге еніп, ертегіні айтып береді.
«Ерте, ерте, ертеде ,
Ешкі жүні бөртеде,
Құйрық жүні ұзын екен,
Қырғауылы қызыл екен...» деп бастайды.
Ойын «Кім көп ертегі біледі?» Ойынның мақсаты: Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сергіту сәті:
Боран соғады оң жақтан, Боран соғады сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан.
Балалар қызығушылық білдіреді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп,
орындайды.
Балаларға бірнеше сұрақ қойып, ертегі туралы білімдерін жинақтап, ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп беруге дағдыландыру.
Сұрақтарға жауаптар
береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі мазмұнын түсінеді.
Түсінеді: Әдепті болуға, көмек беруді түсінеді.
Қолданады:Ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп береді.
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян».
Мақсаты:Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы – іс - әрекеттерін, әсерлі – көңіл-күйлерін білдіре отырып сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрысорындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге,оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу. Кейіпкер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс:қоян, қасқыр.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу, көрсеті, түсіндіру, сахналау.
Көрнекіліктер:Сахна, кейіпкерлер атрибуттары, көрме.
|