Тәрбиешінің іс-әрекеті
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Тәрбиеші: - Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады? - Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық. - Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық? (пойыздың дауысы естіледі)
Балалар:
- «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де...»,
- «Баяғы өткен заманда шал мен кемпір
тұрыпты»,
- Пойызбен барайықшы, тез жетеміз.
Іздену-ұйымдастырушы
- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық. - Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. 1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу.
2. Далада жұр шапқылап,
Керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ. 3. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. 4. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. 5. Өзі қып-қызыл болып піседі Күнге ұқсас келеді.
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен? Тәрбиеші балаларға «Уйшык »ертегісін еске түсіруін ұсынады. Тәрбиеші «Үйшік» ертегісін қуыршақ театр арқылы қоюын ұсынады.
- түлкі
- қоян
- қасқыр
- аю
-
- «Уйшык» ертегісінде.
Балалар мазмұнын айтып береді.
Балалар қуыршақтарын алып ертегіні
сахналайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы
- Ертегі қалай аяқталады?
Балаларды мадақтау, бағалау
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады:Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамиды.
Білім саласы:Қатынас.
Вариативті компонент:Бала тілі бал
Тақырыбы «Шалқан».
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ- жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Шалқан, көкөніс, үлкен.
Қостілдік компонент:Шалқан- репка.
Әдіс-тәсілдер: қызықтыру, әңгімелеу, таныстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері, қуыршақ Әже.
|