Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтел жатта.

Қосымша тапсырма

Бата алу туралы қосымша деректер ізде. Бір бата үлгісін жатта.

 

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;

2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.


• мысалды рөлмен мәнерлеп оқи алады;

• кейіпкердің мінез-құлқына қарапайым тілмен пікірін білдіреді.


 

 

сайран салу, қанасына сыймау, тұлға болмау, тегістік, абырой.

 

 


 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:берілген тапсыр- маны орындау арқылы оқушыны тақырып туралы ойларын жинақтауға, өз ойларын айту және жұп арасында айтылған ойды жалғастырып айта алу дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:тапсырма «әт- кеншек» әдісі арқылы жүргізіледі. Жұптағы екі оқушы бір-біріне қарсы қарап отырады. Бірінші оқушы бірінші сұрақ бойынша өз ойын толық ай- тады. Ол оқушы өз ойын бір минут айтады. Уақыт аяқталғанда екінші оқушы алдыңғы оқушының пікірін ескере отырып, екінші берілген сұрақтың жауабын жалғастыра отырып беру талап етіледі. Екінші оқушы да бір минут сөйлейді. Берілген екі сұрақ бойынша жұбымен пікір алмасады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Оқушы қабілетіне орай әртүрлі нәтиже күтіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма жұппен орындалады.

Тапсырманың негіздемесі:  мысал мазмұ-


нымен танысып, кейіпкер табиғатына сай мәнер- леп оқуда оқушы кейіпкердің мінез сипатына сын көзімен қарауы арқылы оқушының ойлау дағды- сы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен мысал- ды жеке оқып танысады. Жұп арасында мағынасы ауыр сөздерді анықтап, өздері түсіну үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Мысалда қандай кейіпкерлер бар, олар кімдер, сипаты қандай топта талдайды. Рөлдерді бөліп алып, дауыс мәнерін, көңіл күйін бере алу үшін жаттығады. Топтар кезектесіп оқиды. Саралау     мүмкіндіктері:         қабілеті       бірдей оқушыларды бір топқа жинау арқылы арқылы са- ралау орын алады. Нәтижесінде әр топтан әртүрлі

нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:топтық жұмыс ұсы- нылады.

 

Тапсырманың негіздемесі: мысал мазмұ- ны бойынша кейіпкерге мінездеме беру арқылы сыни ойлау дағдылары артады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар тапсырманы топта орындайды. Екі топқа қаң- баққа, екі топқа бидайға мінездеме беру тапсы- рылады. Мінездемені парақтарға сызба арқылы жазу ұсынылады. Өз жазғандарын сыныпқа та-


 


 

ныстырады, толықтырады. Мұғалім толық ай- тылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Қаңбақтың әрекеті мен мінез-құлқы мысалға ала отырып, адамның осындай жағымсыз әре- кеттерін сынап отырғанын мұғалім түсіндіреді. Осы түсініктен кейін өздеріне берілген кейіп- кердің мінез құлқын адам бойынан кездестіру- лері, олардың көрінісі туралы топта талқылау жасайды. Мысалдың негізгі мақсаты осындай жағымсыз әрекеттерді мысалға ала отырып, өнеге қалдыру екендігі айтылады. Осы мысал- дан қандай ой түйгендерін түйінді ой тақыры- бымен жазып, сыныпқа таныстырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.


Сыныпты ұйымдастыру:Топпен жұмыс ұсы- нылады.

Тапсырманың негіздемесі:берілген мысал мәтіні арқылы мысалға тән белгілерді анықтау арқылы әдеби-теориялық ұғым беріледі.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға «Би- дай мен қаңбақ» мәтіні мысал жанрына жататы- ны айтылады. Мысалдың ерекшелігін тану үшін топта талқылау ұсынылады. Топта мәтінге қарай отырып мысалдың ерекшелігін өрмекші сызба- сына түсіреді. Барлық топтар өз сызбасын галле- реяға іледі. Сызбаларды аралай жүріп танысады. Стикер арқылы пікірлерін, ескертулерін жазады. Соңынан өз жұмыстарын қайта алып, ескертулер мен пікірлер бойынша қайта қарастырады.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды бір топқа жинау арқылы арқылы са- ралау орын алады. Нәтижесінде әр топтан бірдей деңгейдегі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:Топтық жұмыс ұсы- нылады.


 

бойынша қаңбаққа кеңес беру арқылы оқушы- ның алған білім мазмұнын бағалауы, ойларын жинақтау дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:осы мысал арқылы қандай ой түйгендері сұралады. Сыныпта өз пікірлерін білдіргеннен кейін «Осы мысалдағы кейіпкер қаңбаққа қандай кеңес берер едің?» де- ген сауал тасталынады. Мұғалім «қаңбаққа кеңес» деген атауы бар парақтар дайындап, оқушыларға таратады. Онда үш кеңес жазуға арналған орын беріледі. Оқушылар өз кеңестерін жазып, сынып- та оқып таныстырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетіне орай әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)