Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі:берілген аңыз мәтінін түсініп оқу арқылы түсіну дағдысын дамы- туға арналған тапсырма.

Тапсырманың орындалуы:аңыз мәтінін оқыр алдында суретке назар аудартылады. Оқушылар сурет арқылы оқитын мәтін мазмұнына болжау жасайды. Мәтін не туралы болады, онда қандай кейіпкерлер болуы мүмкін, қандай оқиға орын алатынын болжап айтады. Мәтінмен өздері оқып танысады. Мәтіндегі мағынасы күрделі сөздер- мен жұмыс ұйымдастырылады. Сыныпта мағы- насы қиын деп ұсынылған сөздер талданады. Сынып бөлмесіндегі түсіндірме сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Аңыз мазмұны не туралы, алдыңғы болжаған мазмұнға сәйкес келу-келмеуі туралы сыныпта әңгіме ұйымдастырылады. Аңыз мазмұ- ны шеңбер бойымен әңгімеленіп, пысықталады. Оқушылар оқулықта берілген сауалдарға жауап береді.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кей оқушыларға мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі.


Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Гео- графия», «Тарих» пәндері мен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:  сыныппен бірге тапсырмаларды орындау ұсынылады.


Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың ай- тылым дағдысын дамытуға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген келесі сұрақтарға жауап береді:

1. Патша неге үлкен отбасын іздеп келді?

2. Қария қай сөздерді қағазға жазды?

3. Патшаның сұрағына қария қалай жауап берді?

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша сара- лау орын алады.

Сыныпты  ұйымдастыру:    оқушыларға же- ке-жеке орындау ұсынылады.


Тапсырманың негіздемесі:оқушы аңыз мәтініндегі оқиғаларды кейіпкер рөлінде әңгіме- леуі арқылы мәтін мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыланады.


 


Тапсырманың орындалуы:тақтаға аңыздағы бірнеше кейіпкерлердің аты жазылған қағаздар теріс қаратылып ілінеді. Онда қария, патша, сол от- басының баласы, сол отбасындағы бір мүше деп жазылады. Тақтаға кез келген оқушы шығып қағаз- ды алады, өзіне берілген рөлді таңдайды. Өз рөлінде аңыздың мазмұнын айтады.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кейбір оқушыларға мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы сынып- пен бірге орындау ұсынылады.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)