Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі:«Ханзаданың до- стығы» ертегісі бойынша кейіпкерлерге сұрақ қою және сұрақтарға жауап беру арқылы білім мазмұ- нын қолдану дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім бірінші оқушыны өз қалауымен таңдап, кейіпкер рөлін ұсынады. Оқушы сынып алдында орындыққа отырады, ал қалған оқушылар оның кейіпкері- не сұрақтар қояды. Мысалы: орындықта отырған оқушы қоңыз рөлінде болса, ол қоңызға қойыла- тын сауалдарға жауап береді. Сұраққа жауап беру арқылы оқушының мәтін мазмұнын меңгеруі, та- пқырлығы танылады.

Саралау мүмкіндіктері:әр оқушының қа- білетіне қарай нәтиже бойынша саралау жүзеге асады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма сыныпта орындалады.


 

Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар ертегі мазмұнына сүйене отырып, жоспар құрастырады. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар топ- тарға бөлінеді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі.

 

Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың ай- тылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген келесі мақал-мәтелдердің мағына- сын түсіндіреді:

1. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.

2. Дос тұтқанды қадірле.

3. Жақсы болсаң, жақын көп.

Түсіндіріп болған соң ертегімен байланысты-


 


рып, ойын дәлелдейді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі.

Тапсырманың негіздемесі:ертегі мәтінін- дегі оқиғаны осы заманға сәйкес өзгертіп жазу арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік жасалады.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға хан- заданың басынан өткен оқиғаны қазіргі заманға сай өз қалауы бойынша өзгерту ұсынылады. Өз- дерінің жазған мәтінін рөлдік ойын түрінде та- ныстырады. Тапсырманы орындау барысында оқиғаға кейіпкер қосуға, оқиғаны басқа арнаға өзгертуге болатыны ескертіледі. Мұғалім оқушы- ларға қолдау көрсетіп, оқиғаларын дамытуда көмек береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:өз мәтіндерін рөл- дік ойын арқылы таныстыру жолымен «Өнер» пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі. Ал қойылым қою кезінде арнайы орын дайындалады.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)