Оқушылардың білімін бағалау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылардың білімін бағалау

Поиск

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға «Сен білесің бе?» айдарымен берілген ақпаратпен та- нысу тапсырылады. Бердібек аталарың балаларға арнап көптеген қызықты әңгімелер жазған. Ол әңгімелерін балалық шақтағы қызықты сәттерінен жазған. Сен қызықты сәттеріңді жазып жүресің бе?

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазан- да Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туған.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.


 

 


 

 

2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;

2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.


оның жауабын таба біледі.

 

 

ғажайып, болашақ, қиялым.

 

 

суреттер, сызғыш, бояу қарындаш, флипчарт, маркер.


 

• мұғалімнің көмегімен шағын ертегі жаза алады;

• қарапайым және нақтылау сұрақтар қояды,

 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сыни ойлау дағ- дылары дамиды. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп аламыз. Сынып оқушыла- ры орнынан тұрып, ән айтады. «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыста- рымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

Содан соң оқулықта берілген жұмбақты шешеді. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

Бұл жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар? (мектеп)

Жұмбақтың жауабымен байланыстырып төмен- дегі сұрақтарды қояды. Сендер қандай мектепте


оқуды армандайсыңдар? Ол мектептердің ішінде не болғанын қалайсыңдар? Мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырып отырады. Сұрақтар төңірегінде балалардың әртүрлі пікірлерін тыңдаған жөн. Оқушылар өз қиялындағы мектебі жайында сұрақтарға жауап берген соң суретін қағаз бетіне түсіреді. Оқушыларды қиылған қағаздар бойынша топқа бөледі. Оқушылар қиылған қағаздардан су- рет құрастырады. Құрастырылған суреттер бойын- ша топ болып бөлінеді. Оқушыларға өздерің қандай мектепте оқығыларың келеді, сол мектептің суретін таңда деп тапсырма беріледі. Таңдалған суреттер бойынша оқушылар өз қиялын пайдаланып ғажай- ып мектептің суретін жабыстырады. Дайын болған сурет бойынша ертегі жазуға бағыттайды.

Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дау үшін сынып оқушыларының санына қарай топқа бөлінеді. Оқушыларға әртүрлі тақырыпта суреттер беріледі, оқушылар оларды ортақ бел- гілеріне қарай топтастырады және неліктен олай топтастырғандары туралы айтып береді.


 


 

Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз ойларын жазу арқылы жазылым дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Салған суреттері бойынша ертегі жазу тапсырылады. Ертегіні жазу үшін мұғалім жоспар ұсынады. Жоспарды танысты- рып, не жазуға болатынын түсіндіріп өтеді.

Ертегі жазу барысында мұғалім оқушылардың қа- білеттерін ескеріп әр қайсына бағыт беріп отырады. Қабілеті жоғары оқушылар жоспар бойынша өз ой- ларын жазса, қабілеті төмен оқушылар берілген үлгі бойынша жазуына болады. Мыс.алы:

1. Қиялымдағы менің мектебім.

2. Оның ғажайып көрінісі.

3. Ғажайып мектеп оқушысы. т.б.

Ертегі жазу барысында оқушылар өз қиялдарын қолданады, яғни ертегіні түрлендіріп жазуларына болады. Ертегіні оқушылар өз дәптерлеріне жаза- ды. Ол келесі тапсырма үшін керек болады.

Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста үлгі бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы- ларға тапсырманың үлгісі беріледі. Қабілеті төмен оқушыларға тапсырма үлгісі ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылар өз идеяларын жазуды үйренеді.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орнала- стырылады.

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз жазғандарын баяндай алулары арқылы айтылым дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Жазған ертегіні ортаға салып оқиды. Оқушылар жазылған ерте- гілерді бағалайды. Ол үшін «Авторға сұрақ қою» стратегиясы пайдаланылады. Сыныптың ортасына орындық қойылып оқушылар жазған ертегіні оқи- ды. Оқулықтағы берілген сұрақтарды пайдаланып бір-біріне сұрақтар қояды.

Оқушылардың барлығы ертегілерін оқып бе- реді. Оқушылардың ертегілерді мұқият тыңдалуы тапсырылады.


Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Сыныпты ұйымда- стыру: Тапсырманы орындау үшін сынып дайын- далады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз жазғандарын баяндай алулары арқылы айтылым дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:бұл ойында оқушылар өздерінің жазған ертегілеріндегі қи-


 

ялдағы мектептері бойынша жазған ертегілерін

«ертегілер галереясына» ілінеді. Оқушылар өз- деріне ұнаған ертегілерді бағалайды. Бағалау үшін оқушыларға смайликтер таратылып беріледі. Оқушылар бағалап болған соң қорытынды жа- салады. Ең көп смайлик жинаға ертегі «үзік ер- тегі»номинациясын жеңіп алады. Мұғалім «үздік ертегі номинациясының жеңімпазы» деген ме- даль (қағаздан) жасап оқушыларды мадақтауына болады. Бұл сыныпта сақталып тұрады. Оқушылар бұл медальды алу үшін ертегі, шығарманы үздік жазуға тырысады. Бұл оқушылардың шығарма жазуға қызығушылығын тудыруға негізделген.

Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтижесі әртүрлі болады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың шығармашылық пен сыни тұрғыдан ойла- уын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:тапсырмада оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отыра береді. Мұғалімнің көмегімен алдыңғысабақта оқыған «Алғашқы сабақ» мәтіні мен өздерінің қи- ялындағы мектептерін салыстырады.

Ол үшін кесте беріледі, кестеге мұғалім өз үл- гісін береді.

 

Алғашқы мектеп

Өз қиялыңдағы мектеп

Парта жоқ

Қозғалмалы, жұмыс жасауға икемделетін пульты бар парта

 

 

 

 

Кестені толтырған соң оқушылар жазғандарын ортаға салып талқылайды. Барлық топтардың жазғандары тыңдалып, оқушылардың өздерінің бағалаулары арқылы бағаланады.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)