Оқушылардың білімін бағалау
Қосымша тапсырма
Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.
Тапсырманың орындалуы:оқушылар ереже- лер кітапшасын дайындайды. Оқушылар өз топ- тарымен отыра береді. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға бірнеше балаларға арналған кітапшаларды таратады. Оқушылар сол кітапша- ларды көріп, кітапшаларда не болатынын қарап шығады. Ақпарат жинап болған соң, мұғалім әзір- леген кітапшаның үлгісін безендіреді. Кітапшаға ат қойып, авторын тағайындайды. Әр топ тапсы- рманы өзінше орындайды, ол тапсырманы орын- дауға деген қызығушылықтарын арттырады. Жұ- мыс барысында барлық оқушылардың жұмысқа қатысуын мұғалім қадағалайды. Ережені әдемілеп кітапшаға жазады, суреттермен безендіреді. Жұ- мысты сынып бұрышына қоюға болады. Оқушы- лар топтарда дайын болған кітапшаларының та- ныстырылым жасайды. Таныстырылым жасар алдында мұғалім келесі көрсеткіштерді береді: 1. Кітапшаның аты; 2. Авторлары; 3. Шағын мазұнын айту. Оқушылар осы берілген көрсеткіштер бой- ынша таныстырылым жасайды. Барлық топтың жұмысына таныстырылым жасалады. Мұғалім оқушылардың жасаған жұмыстары жөнін- де мақтау сөздер айтып, олардың тапсырманы орындауға деген ынтасын арттырады. Оқушылар топтарда дайын болған тапсырмаларына таны- стырылым жасайды. Таныстырылып болған соң топтар жасалған жұмыстарын мұғалімге тапсыра- ды. Соңынан қортынды шығарылады.
Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі.Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтап іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру:мұғалім қабілеті бір- дей оқушылардың әр топта отыруларын қадаға- лайды.
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің мектебім
|