Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Ұйқасты пайдаланып, өлең шығар.

............ қуана барамыз,

............ шаттанамыз.

............ құшақтап,

............ сағынамыз.

Қосымша тапсырма

Ата-әжеңнің ауылына барғанда басыңнан кеш- кен ерекше оқиғаңның суретін сал.

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

Тапсырманың негіздемесі:Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алу, шығармашылықпен ойлауға дағдыла- нады.

Тапсырманың орындалуы:берілген тапсы-


 

 


2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;

2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.

 

 

• шығармадағы кейіпкердің бейнесі мен мінез- құлқын сипаттауда қарапайым тілмен пікірін білдіреді;

• негізгі оқиғаларды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.


табалдырық, қия, мұржа, балауса, шапақ, мейірбан.

 

 

парақтар, түрлі бояулар.


 

 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған пікірді жалғастырып айту арқылы оқушының сөйлеу мәдениеті, тыңдалған пікірге өз ойын айту, ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен оқушы- лардан туған ел мен туған жер ұғымы туралы ой- лары сұралады. Содан кейін С. Мәуленовтің туған ел туралы айтқан пікірінің үзіндісін оқулықтан оқиды. Осы үзінді бойынша оқушыларға өз пікір- лерін айтқызып, ақын пікірін жалғастырып әң- гіме өрбітіледі. Сынып шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім І сұрақты қойып кез келген бір оқушыға допты лақтырады. Доп алған бала сұраққа жауап беріп, басқа оқушыға допты лақтырып береді. Әр сұрақ бойынша доп бес балаға беріледі. Бес пікір тыңдалады. Берілген барлық сұрақтар бойынша осылайша пікірлер тыңдалады. Соңынан мұғалім пікірлерді жинақтап, оқушыларға алғыс белдіреді. Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша са- ралау орын алады. Әңгімелеуде қабілеті төмен оқушыға сұрақтар немесе жауабы дайын сұрақтар

қойылып көмек жасалады.


Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Дүниета- ну» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:сыныппен жұмыс ұсынылады.

 

Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған мәтінді мұғаліммен ілесіп оқу арқылы оқушының көркем мәнерлеп оқуы қалыптасады. Мәтіннің не тура- лы екенін, негізгі айтар ойы не екендігін анықтау арқылы мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыпта- сады.

Тапсырманың орындалуы:мәтінді мұғалім алдымен оқып таныстырады. Екінші оқуда ілесіп оқитындары ескертіледі. Мұғалімнің оқу мәнері мен ырғағын байқап отыру тапсырылады. Екін- ші оқуда сынып мұғаліммен бірге ілесіп оқиды. Мәтін үш рет бірге ілесіп оқылады. Мәтін оқып танысқаннан кейін мәтін не туралы, ақын қандай ой айтуда екені сұралады. Туған жер, ата-әжеңнің, әкеңнің өскен жеріне деген құрмет туралы екенді- гін оқушылар айтқаннан кейін, автор осы әңгімеде қандай ой ұсынып отырғаны анықталады. Жетек- ші, анықтау сұрақтары қойылып, әңгіменің негізгі ойы не екендігі анықталады.


 


 

Саралау мүмкіндіктері:Диалог бойынша са- ралау орын алады. Әңгімелеуде қабілеті төмен оқушыға негізгі сұрақтар немесе жауабы дайын сұрақтар қойылып көмек жасалады.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:мәтін бойынша тірек сөздер мен көркем сөздерді картаға түсіру арқылы мәтін тілімен жұмыс жасауға қалыптаса- ды және ол сөздерді қолдана алуға дағдыланады. Тапсырманың орындалуы:мұғалім тапсыр- маны жұбымен талқылап орындауды ұсынады. Мәтін бойынша тірек сөздер мен көркем сөздерді қағаздан жасалған шағын карталарға жазады. Белгіленген уақытта жұпта жауап береді. Өз жа- уаптарын топтағы екінші жұпта тексереді. Егер жауаптары сәйкес келмесе топта талқылау жа- сайды. Мәтін бойынша сөздер картасын мұғалім сыныппен бір тексеріп толықтыртады немесе өзгертеді. Осы картадағы сөздерді пайдаланып, жұппен туған жері туралы сипаттама мәтінін жазу сұралады. Сипаттама мәтін туралы мағлұмат еске түсіріледі. Жазылған мәтіндер топта тыңдалады да, ең үздігі сыныпта таныстырылады. Саралау мүм- кіндіктері: аралас топтардағы оқушылар арқылы саралау жүреді. Оқушылар өзара қолдау көрсетіп

нәтижелі болады.


Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық, топтық жұ- мыс ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсыр маның жалғасы болады. Оқушылардың өздері жазған туған өлкесі туралы сипаттау мәтіндерін постер арқылы таныту тапсырмасы арқылы шығармашылық қырларын дамыту көзделеді.

Тапсырманың орындалуы:тапсырманы топ- та орындау ұсынылады. Алдыңғы тапсырмада жазған мәтін мазмұнын және оқылған мәтін ойын постерге түсіру тапсырылады. Топта талқылаған- нан кейін ортақ ойларын постерге түсіру туралы бір шешімге келіп, постерлерін жоспарлайды. По- стер жасауға уақытты сынып мүмкіндігіне орай мұғалім өзі белгілейді. Дайын болған постерлерін сыныпта қорғайды. Постердің мазмұны, көр- кемділігі, таныстырылуы бойынша бағалау орын алады.


 

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр топтың деңгейіне орай әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топпен орындалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)