Оқушылардың білімін бағалау
Қосымша тапсырма
Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырмада өлеңді оқыу арқылы, оның мазмұны не жайында екенін түсінуге негізделген. Оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқу- лықтағы Алмат Исәділдің өлеңімен таныстырады. Алдымен өлеңнің авторымен таныстырып, оның портретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсіндіріледі. Сонан соң балалар өлеңді іштей түсініп оқып танысып шығады. Түсініп оқу барысында оқушыларға өлеңдегі кейіпкердің сы- ртқы бейнесі, оның іс-әрекеті, мінез-құлқы си-
патталған ба соған мән беріп оқулары сұралады. Мұғалім «панамыз, нанамыз, именіп, асулардан асыңыз, тұғырынан түспесін» тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін оқулықта берілген суреттегі үл- гісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір- бірін толықтырады. Өлеңді оқып, сөздіктермен жұмыс жасалған соң, оқушылар жұпқа бөлінеді. Онда «Өлеңдегі мұғалімнің сыртқы бейнесі, оның іс-әрекеті, мінез-құлқы туралы сұрақтар құрастыр және жұбыңа қой. Сұрақтардың жауабын өлең- нен тауып оқы» деген тапсырма беріледі. Ол үшін екі оқушы өлең бойынша сұрақтар дайындайды және кезекпен сол сұрақтарды өлеңнен тауып оқып береді.
Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырама барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру:өлеңдегі кейіпкерге байланысты сұрақтарды қоярда оқушылардың қабілеті ескеріліп, және уақыт беру мүмкіндігі ескеріледі.
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.1.2 мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
• өлеңді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқиды;
• сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексере алады;
• шығармашылық жұмыстар ұсынады.
кезекші, қоқыс жию, әркім-ақ.
плакаттар, мазмұнына сәйкес салынған суреттер.

|