Тараудың қорытынды беті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тараудың қорытынды беті

Поиск

Тараудың қорытынды беті

Оқығанды қайталау

Сен не үйрендің?

Тапсырма негіздемесі:бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін қолдануына және тарауды қорытындылауға бағытталған.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушыларға дайын сөз тіркестерін береді. Оқушылар сол сөз тіркестеріне қатысты мақалдарды айтады. «Мен ертең жасаймын» – Еріншектің ертеңі бітпес., «Кітап оқу қызықты» – Кітап – білім бұлағы. Бұл мақалдар, оларды біз қандай тақырыптарда қарастырдық? Біз қандай мақалдың суретін салдық? Білім – теңіз, мектеп – кеме. Мақалдар жарысын өткізуге болады. Мектеп туралы қандай әңгімелер, өлеңдер оқылды?

Көрсетейік

Тапсырма негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың осы тараудан не алғандарын анықтауға бағыт- талған. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, өз ойларынан қорытынды шығаруына көмектеседі. Тапсырманың орындалуы:бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі. Қабырға газетін жасауға қажетті заттар алып келу тапсырылады. Қабырға газетінің тақырыбы «Біздің мектеп». Тарау бойынша жасалған жұмыстардың бәрі сыныпқа әкелінеді, оқушыларға көрнекті жерде болғаны дұрыс. Бұл жұмыстар оқушыларға қажет болады. Мұғалім оқушылардың қабілетін ескереді. Топта рөлдерге бөліп қойған дұрыс. Оқушылар өздерінің қабілетіне қарай жұмыстарын жасайды. Қа- бырға газетінің қалай болатынын мұғалім өзі көрсетеді. Бірнеше қабырға газетінің суреттері болса, топтарға таратылады. Барлық жұмыстар болған соң, сыныпта таныстырылым жасайды. Таныстырылым жасалған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысты бағалайды.

 

Қосымша тапсырмалар

Алға ұмтыл!

Тапсырманың негіздемесі:Бұл тапсырма оқушылардың ақпараттық құралдардан мәліметтер алу дағ- дыларын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманы қалай орындау керек:Мұғалім оқушыларға инттернеттен алғашқы және заманауи ме- тептердің, басқа елдердегі мектептердің суреттерін қарауды тапсырады. Өздеріне ұнаған суреттерді әкеліп мектептер коллажын дайындау тапсырылады. Қабілеттері жоғары оқушылар суреттерді та- уып әкелсе, ал, қабілеттері төмен оқушылар суреттерді желімдеуге көмектесе алады. Қабілеті жоғары оқушылар барлық суреттерді өздерінің қиялдары бойынша қолданады. Дайын жұмыстар қорғалады. Бағаланады. Өз ойларын ортаға салады. Тарау бойынша қарастырылған ақпараттардың қолданылуын мұғалім қадағалайды.

 

Алға ұмтыл!

Тапсырма негіздемесі:Бұл тапсырма оқушылардың өміріне қажет болатын мәтін түрлерін құра алу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманы қалай орындау керек:Мұғалім оқушыларға хат жазатындарын айтып түсіндіреді. Ол үшін РАФТ әдісін қоданылатыны айтылады.

 

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Кітап

Оқушы

Хат

Мені күтіп ұста

 

 

              100




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)