Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтар дайында және жауап бер.

«Ыстық орындық» рөлдік ойыны ойналады. Аңыз мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, таңдалған балаға сұрақтар қойылады.

Қосымша тапсырма

Жер-су атаулары бойынша қандай аңыздар білесің?

Қосымша дереккөздер өзі білетін атаудың қой- ылу себебі туралы аңызды тауып, сыныпта айту тапсырылады.

 

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;

2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.


тәккаппар, шешен, би.

 

 

парақтар, сахнадағы рөлге қажетті киімдер.


 

• қосымша деректерден ақпарат ала алады;

• шешендік сөздерді өз сөзімен мазмұндайды.

 



Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:оқушылар өз ой- ларын ортаға салып, топта талдап ортақ шешімге келу арқылы жинақтау дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:     тапсырмада

«дастарқан» стратегиясы қолданылады. Топ мүше- лері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ор- тақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған па- раққа тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауа- бымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Саралау мүмкіндіктері:аралас топтар арқылы саралау орын алады. Топтағы оқушылардың дең- гейі әртүрлі болуы тапсырманың нәтижелі болуы

мүмкіндік жасайды.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада "Бейнелеу өнері" пәнімен жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топпен орындалады.


 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы қосымша дереккөздермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады және тақырыпқа сай шешендік сөз- дер туралы ақпарат жинайды.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім сыныпты дереккөздермен қамтамасыз етеді. Шешендік сөз- дер туралы бейнематериал көрсетеді. Оқушылар бейнематериалдан немесе тыңдалған мәтіннен шешендік сөздер жайында ақпаратты жазып, жи- нап отырады. Топта мазмұнын меңгеру мақсатын- да бір-біріне айтады. Түсініксіз болған сөздермен жұмыс жасайды, сынып бөлмесіндегі түсіндірме сөздіктен іздейді.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша са- ралау жүзеге асады. Қабілеті төмен оқушыларға сөздікпен жұмыста, түсінбеген сөздер бойынша мұғалім көмек жасайды.

Сыныпты ұйымдастыру:Топтық жұмыс ұсы- нылады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тыңдаған немесе көрген шешендік сөздер туралы мағлұмат бой- ынша ақпараттарымен бөліседі. Қандай маңызды ақпараттар естігендерін топта талқылайды.


 


 

Тапсырманың орындалуы:топтарда оқушы- лар маңызды деген ақпаратты кезектесіп айтып, А3 парағына жазады. Әр топ сынып алдында бір ақпараттан айтады. Қандай топ көп ақпарат жи- нағаны анықталады. Сол жиналған ақпараттың маңыздылығына қарай топтастырады. Топ-топқа тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар дайындайды. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады, әрбір топтағы оқушылардың жинаған ақпаратының маңыздылығына байланы- сты топтастыруы ескеріледі. Сонымен қатар жи- наған ақпараттың санына да байланысты сарала-

нады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма толыққан- ды орындалуы үшін мұғалім топтарды ресурстар- мен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.


Топтық жұмыс ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:Шешендік сөзді мұғалім өзі оқып береді. Одан соң мұғалім оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. Сөздерді оқу стратегиясы оқушыларға шешендік сөздің мағынасын түсініп, мағынасын өз ашып айтуға көмектеседі. Жаңа сөздің мағынасы бар ма? Анықталады. Сонан соң балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқып болғаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап береді:

Ақыл, білім неге ауыр? Оқу, ғылым неге терең?

Адамның өмірі неге оттан ыстық? Тәкәппар адам дегеніміз қандай адам? ЖЕРДЕН АУЫР НЕ?

Бала би қартайған шағында халқын жиып: Жерден ауыр не?

Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? – деп,

төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім. Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың мәтін- ді оқып отырғанда бір-біріне бөгет жасамауын қа- дағалау керек.


 

 

Өзгертейік

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсы- рмаларда шешендік сөздердің ерекшелігі мен құрылымымен таныстығы болғандықтан, бұл тапсырмада берілген Бала бидің шешендік сөзін өз пікірімен өзгертіп жазады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен шешен- дік сөз бойынша әңгімелеседі. Сосын оқушылар Бала бидің жауабын өз ойыңша өзгерту ұсыныла- ды. Сен қалай ойлайсың?

Оттан ыстық не бар? Көктен биік не бар?

Жауап үлгісі: Менің ойымша, оттан ыстық ананың құшағы, оттан ыстық Отан т.б.

Менің ойымша, Көктен биік – арман, қиял бо- лады.

Сосын өз пікірлерін топта дәлелдейді. Мұғалім шешендік сөзді әрі қарай жалғастырып, топ оқушыларына:

Дүниеде: не жеңіл? не тәтті? не қатты?

деген сұрақтар қояды. Топ оқушылары жауап беріп, жауаптарын дәлелдейді

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі топтар арқылы саралау орын алады. Қабілетті оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау жасап, нәти- желі жұмыс болады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі», «Сөз өнері» пәндерімен байланыс жүр- гізіледі. Байланыс орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:топтық жұмыс ұсы- нылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)