Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Шешендік сөз ерекшелігін балық сызбасына түсір.

Балықтың басына не туралы болатынын, үстіңгі қабырға сүйегіне ерекшеліктерін, астыңғы қабырға сүйегіне осы ерекшеліктерінің себебін, құйрығына қандай қорытынды ойлар болатынын жазу ұсыны- лады.

Қосымша тапсырма

Бір шешендік толғаудан үзінді жатта.

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;

2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.


абыз, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік.

 

 

парақтар, бояу қарындаштар.


 

• мәтіннің үзіндісі арқылы оқиғаның соңын болжай алады;

• мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құра алады.

 

 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың би- лер мен шешендер туралы не білетіндерін және оларды халықтың шешен деп тануының себеп- терін ортаға салу арқылы тақырып бойынша білетін мағлұматтары жинақталады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардың назары оқулықтағы суретке аудартылады. Сурет- тен не көргендерін оқушылар айтады. Олардан қазақтың дана үш биі туралы не білетіндері сұра- лады. Оқушылар би-шешендер туралы білетін мағлұматтарын ортаға салады.

Осы би-шешендерді халық дана, шешен, ретін- де тануының себебі неде деп ойлайсыңдар? – де- ген сауал бойынша ойларын сәйкестік аймағы арқылы талдайды. Берілген А3 парақтарына ор- таға қойып, өз ойларын өз бөлігіне жазады. Ой- ларын топта айтады да, ортақ шешімге келіп ор- тадағы аймаққа жазады. Жұмыстарын сыныпта таныстырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:топпен жұмыс ұсы- нылады.


 

Тапсырманың негіздемесі:берілген мәтін үзі- гімен болжам жасау арқылы сыни ойлау дағдыла- ры артады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Онда сурет арқылы оқушылардың қандай болжам жасайтыны тыңдалады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- ның тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Тыңдалым мәтінінің мазмұнын анықтап, мазмұны- на жоспар құру арқылы оқушының тыңдалымды түсінуіне мүмкіндік жасалады.

Тапсырманың орындалуы:аудиомәтін бірін- ші тыңдалғанда, сыныптан не туралы, қандай оқиға болғаны ғана сұралады. Екінші тыңдалғанда жұптар аңыз мазмұнын өзара айтады. Суретпен байланыстырып әңгімелейді.


 


 

Жұптар мазмұнды топта айтады. Мазмұныды шолып шыққанннан кейін ұсынылған оқиғалар- ды реті бойынша қойып шығу тапсырылады. Оқу- лықтағы берілген сөйлемдер парақтарға шыға- рылып қиықтармен беріледі. Топта сөйлемдерді оқиға реті бойынша қойып шығады. Топтар орнын сағат тілімен ауыстырады. Жұмыстар өзара топтар арасында тексеріледі.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.

Сыныпты ұйымдастыру:жұмысты жұппен, топпен орындау ұсынылады.

Аудиомәтін

Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

– Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сынды- ра алмайды.

– Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

– Бұдан не түсіндің, балам? – дейді. Сонда Төле бала:

– Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ын- тымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала ал- майды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.


Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа ба- рамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Тапсырманың негіздемесі:шешендік сөз мазмұны бойынша кейіпкерге мінездеме беру арқылы сыни ойлау дағдылары артады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар тапсы- рманы топта орындайды. Екі топқа әкесіне, екі топқа Төле биге мінездеме беру тапсырыла- ды. Мінездемені сызбамен жазу ұсынылады. Өз жазғандарын сыныпқа таныстырады, толықтыра- ды. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Төле бидің дана болып қа- лыптасуына әкесінің әсері туралы жұп арасын- да айтады, топта ойларын ортаға салып, ортақ шешімдерін сыныпта айту сұралады.


 

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:топпен жұмыс ұсы- нылады.

Көрсетйік

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- ның айтылым дағдысын дамытуға арналған. Берілген білім мазмұны бойынша ойын жинақтап, өз ойларын оқиға арқылы бере алуға мүмкіндік жасалады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардан шешендік сөздегі Төленің әкесіне берген сауалы- на өздері қалай жауап беретіндіктері сұралады. Оқушылардың ойлары тыңдалғаннан кейін өздері айтқан ойларды оқиға арқылы қалай түсіндіруге болатыны сұралады. Тапсырманы топта ойланып, осы сауалға жауап болатын оқиғаны плакатқа түсіру ұсынылады. Плакатта оқиғаның баста- луы, дамуы, шешімі бөліктермен берілу талабы ескертіледі. Көркем суретпен ғана емес, әңгіме арқылы беруге болатыны айтылады. Соңында жұ- мыстары таныстырылады. Әр жұмыс ең үздік, ең қызықты деген атаулармен марапатталады.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Топта бір-біріне қолдау көрсетіп, нәтижелі бола- ды.

Сыныпты ұйымдастыру:жұмысты жұппен орындау ұсынылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)