Оқушылардың білімін 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылардың білімін

Поиск

Ойлан, тап!

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығармашылық ой- лау арқылы дамиды. Айтылған ақпарат бойынша өз пікірлерін қоса алады.

Тапсырманың орындалуы:бұл тақырыпта

«Жұмбақтар сайысы» ұйымдастырылады.Ол үшін оқушылар топқа бөлінеді. «Өз жұбыңды тап» жат- тығуы. Оқушылар шеңбер құрап отырады. Мұғалім жануарлардың аттары жазылған үлестірме парақ- шада таратып береді. Жануарлардың аттары 4-6 үлестірме парақшада қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы басқалардың қолында сондай сурет бар екенін білесіз. Әрқайсысыңыздың міндеттері - өз тобын табу. Оқушылар топқа бөлініп болған соң сайы- сты бастайды. Оқушылар мектеп, оқу құралдары, ұстаз, білім туралы білетін барлық жұмбақтарын ортаға салады. Жұмбақтар тыңдалған соң қай жұптың көп жұмбақ айтқанын мұғалім айтып бағалайды.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың са- бақта белсенді болуына жағдай жасалады. Өз ой- ларын еркін жеткізе алады.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөздік қорын қолдану дағдысы дамиды.

Тапсырманың орындалуы:жеке оқушы орындайтын жұмыс түрі. Оқушылар өздері жұм- бақ құрайды. Мұғалім сыныпқа жұмбақ құрау ерекшелігін түсіндіреді. Яғни жұмбақ құрастыру үлгісін ұсынады. Мұғалімнің мақсаты жұмбақты дұрыс құрау оқушыларды бағыттайды. Оқушы- лардың жазбалары тыңдалып, бағалау «Автордың орындығы» стратегиясы арқылы жүргізіледі.

Саралау мүмкіндіктері:Қабілеті жоғары оқушыларды өзіне көмекші ретінде белгілейтінін сыныпқа ескертеді. Бұл оқушылар мұғаліммен бір- ге сыныпты бақылауға алады. Олардың міндеттері әр жұптың қасына барып, өз нұсқасын ұсынады.

Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық жұмыстарда барлық оқушылардың жұмысқа араласуын қа- дағалау керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)