Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

«Егер мен Толағайдай болсам... » өз ойыңды жаз. Оқушылардан өз ойларын, қандай істер істей- тінін жазу сұралады. Өз жазғандарын топта оқып, ең қызықты жұмысты сынып алдында «автор

орындығында» оқу ұсынылады.

Қосымша тапсырма

Толағай туралы өлең шығар. Ұсынылған ұйқас- ты пайдалан.

......................... ауылын,

......................... батырым.

.........................

......................... ақылын.

 

Оқушылардың      білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты

меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;

2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.


көгілдір күмбез, қажымас қайрат, шырақ.

 

 

парақтар, жарнама жазуға арналған арнайы парақтар үлгісі, бояулар үлгісі.


 

• мәтіннен көркем сөздер сөз тіркестерін табады;

• ұйқастарды қатыстырып, шумақтар құрастырады.

 


 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:сабақтың кіріспе тапсырмасы. Тапсырма оқушылардың оқулықта берілген суреттер бойынша өз ойларын айта алу дағдысын және сурет бойынша салыстыру жасап, айырмашылықтарды нақты көрсете алу дағдысын қалыптастырады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Суретте қазақ жерінің өткен тарихы берілген және қазіргі кездегі қазақ елі мен оның елордасы Астана қаласы берілгенін айта алады. Екі сурет бойынша не көргендері сұралады. Мұғалім толық айтқызу мақсатында сұрақтар қояды. Осы екі сурет бойынша қазақ елінің өткені мен бүгінін салыстырып, венн диаграммасына түсіртіледі.

Саралау мүмкіндіктері:оқушыны диалог арқылы саралау  орын алады. Қабілеті жоға- ры оқушыға жабық сұрақ қойылады, ал қабілеті


төмен оқушыға ашық сұрақ не үлгісі бар жауапты ұсынуға болады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Дүниета- ну» пәнімен байланыс жүргізіледі. Еліміздің елор- дасы, тарихы мен тұрмысы туралы әңгіме өріс алады.

Сыныпты ұйымдастыру:сыныппен, топпен жұмыс ұсынылады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың елорда туралы білетін және білгісі келетін мәліметтерін ортаға салып, ойларын жи- нақтау дағдысын қалыптастырады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Суреттегі Астанадағы айтулы кешен- дер туралы оқушылар атап айта алады. Оларды суреттеп әңгімелейді. Астана Қазақстанның Елор- дасы екендігі айтылғаннан кейін, Астана туралы не білетіндерін ортада әңгімелейді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма орындау- да ресурс арқылы саралау орын алады. Қабілеті


 


 

төмен оқушыға сөздер немесе сөз тіркесін айтып ойларын айтуға көмек жасалады.

Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада пен

«Дүниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:Сыныппен жұмыс ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған өлеңді оқып танысады, алдыңғы тапсырмадағы бол- жанған мазмұнмен салыстыру арқылы өлең мәтінінің ерекшелігін (түрін) тану ескеріледі.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушылар- ды оқулықтағы өлеңге назар аудартудан бастайды. Алғаш оқығанда мұғалім өзі мәнерлеп оқиды да, оқушылар саусақпен жүгіртіп ішінен ілесіп оқиды. Екінші оқуда оқушылар өздігінен жеке оқу орын алады. Мәтінмен танысқаннан кейін алдыңғы бол- жағандарын еске түсіріп және оқығандарымен байланыстырып , жұп арасында әңгімелейді.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушы- ларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұп арасында бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дауда мәтінді оқу сәтінде мұғалімге сынып бірге ілесіп оқиды, мәтінді жұп арасында өзара талқы- лайды.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы болып табыла- ды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы- лар алдыңғы тапсырмада алған мәтін мазмұнын қолданады.өз ойларын еркін жеткізе алу, сыни ойлауға дағдыланады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардан «ав- тор Астананы кімге, неге ұқсатады?» деген сұрақ қоюдан басталады. Олар анаға ұқсататынын айта- ды. Қандай сипатына қарай ұқсататынын мәтіннен табу сұралады. «Ал Ақорданы неге ұқсатады, нелік- тен ұқсатады?» деген сауалға да мәтіннен нақты жауап тауып, оған өз пікірлерін айтады. Мәтіндегі сөз қолданыстарын талдағаннан кейін автордың Астана туралы көзқарасына пікір айту сұралады. Ол пікірге қосылса, неліктен автор пікірін қолдай- тындықтарын, қарсы болса, неліктен автор пікіріне қарсы екендіктерін айтады. Өздері Астананы қан- дай ұғымдар арқылы танытатындары айтқызылады. Оқушының сыни ойлауына, өз пікірін дәлелді айта алуына жағдай жасалады.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушы- ларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұп арасында бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.

Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Дү- ниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.


 

Сыныпты ұйымдастыру:алдыңғы тапсырма- дағыдай жұмысты жұппен орындау ұсынылады.

 

Жасайық

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма алдыңғы тапсырмамен жалғасын табады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алу, шығармашылықпен ойлауға дағдыла- нады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар өлең құрауы қажет. Оқулықтағы үлгі көрсетіліп, талда- нады.

....... Астанам,

........ бас қалам

.........................

............. жас қалам.

Оқушылар үлгіні басты назарда ұстап, өздері өлең шығарады.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұптар бір-біріне қолдау көрсетіп, тапсы- рма нәтижелі болады.

Сыныпты ұйымдастыру:алдыңғы тапсырма- дағыдай жұмысты жұппен орындау ұсынылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)