Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың өз ойларын байланыстырып, айту дағды- ларын қалыптастырады. Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген сауалдарға жауап береді: 1. Достар деп кімдерді айтамыз? 2. Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Балалар достар арасындағы қандай қасиет- терді байқағандарын жұппен талқылайды. Ба- лалар арасындағы қарым-қатынасты әңгімелеу барысында «әділдік», «қызықты», «қамқор болу» ұғымдары туралы түсінік қалыптасады. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін кімдерді дос деп айтуға болатыны сұралады. Оқушылар олар тату, өзара қамқор, бірін-бірі құрметтей- тін адамдар екенін еркін айтады. Достармен бір- ге немен айналысуға болатынын айқан кезде әр оқушы өзі досымен бірге немен айналысатынын айту арқылы жауап бере алады. Мұғалім оқушы- лардың жауабын толықтыру мақсатында негізгі сұрақтарын қоя алады. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүзеге асады. Қабілеті төмен немесе қол- дау қажет ететін оқушыларға үлгі немесе сөздер ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылардан адал достыққа қандай мысалдар келтіре алатыны сұра- лып, олар сынып алдында әңгімелейді. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырманы сынып- та талдау ұсынылады. Тапсырманы орындау бары- сында Барлық оқушылар қамтылуы керек.
Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған ере- жені талқылау барысында өз пікірлерін білдірген кезде эмоцияларын танытуда вербалды емес тіл- дік құралдар мен дәйек келтіре алу арқылы сөй- лесім дағдылары қалыптасады. Тапсырманың орындалуы:оқулықтағы достық ережесін мұқият оқып танысу сұрала- ды. Достық ережесін топта талқылайды. Ереже- ге келісетіні немесе келіспейтіні туралы ортақ шешімге келеді. Осындай шешімге келулеріне 3 дәлел (себеп) айтуы қажет. Өз шешімдері тура- лы дәлелді пікір айтуға дайындалу тапсырылады. Топтардың пікірлері тыңдалғаннан кейін мұғалім оқушылар ортақ пікірге, дұрыс шешімге келу үшін достық тақырыбына қатысты жағдаяттар айтса
Топта өздері достық ережесін құрастырады. Ереже құрастыруда ереженің құрылымы мен ерекшелігіне назар аударылады. Достық ережесін дәптерлеріне көшіріп алады. Саралау мүмкіндіктері:ресурс арқылы сара- лау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қолдау қажет ететін оқушыларға жағдаят ұсынылады. Пәнаралық байланыс:«Өзін-өзі тану» пәні мен байланыс жүргізіледі. Тапсырманың негіздемесі:өлең мәтінін оқу кезінде оқушыларды ырғақты дұрыс қолданып, өлеңді мәнермен айтуға дағдыландырады. Өлең мағынасына сай ишаратты қолдана алуға үйре- неді. Тапсырманың орындалуы:оқулықта беріл- ген өлең мәтінін мұғалім өзі оқып таныстырады. Мәтінді оқып аяқтағанда оқушылардан мәтін не туралы екені сұралады. Өлеңде қандай көңіл күй байқалатыны анықталады. Автордың екі дос ба- лаға сүйсіну сезімі болғандықтан өлеңді көтеріңкі дауыспен оқылатыны айтылады. Мұғалім өлең оқығанда кейбір сөздерге екпін түсіріп, кей сөз- дерге қосымша эмоция білдіретін ым-ишараттар мен қол қимылын қосып көрсетеді. Өлең екі рет оқылғаннан кейін сыныппен бірге екі-үш рет мә- нермен, қимыл-қозғалыс, ишараттар қосып айты- лады. Оқушылар оқулықта берілген келесі сұрақтарға жауап береді: 1. Өлең не туралы? 2. Өлеңде достар қандай? 3. Өлеңнен қандай қорытынды шығарар едің? Саралау мүмкіндіктері:жылдамдық бойын- ша саралау орын алады. Қабілетті оқушылар сы- ныппен бірге оқығаннан кейін жеке айтуға ынта білдірсе, қабілеті төмендер оқушыларды тыңдау барысында өлеңді жаттап алуға мүмкіндік алады. Сыныпты ұйымдастыру:сыныппен жұмыс ұсынылады.
табады. Содан кейін өз достарының қасиеттерін тізбектеп жазады. Оны топ ішінде таныстырып, нағыз достың қасиеттерінің тізбегін толықтыру арқылы сөздік қорларын кеңейтеді. Досының жақсы қасиеттерін мақал-мәтелдерді қолданып сипаттап жазады. Саралау мүмкіндіктері:тапсырманы орын- дауда жылдамдық бойынша саралау орын ала- ды. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар тез орындай- тын болғандықтан, оларға кеңейту тапсырмасы даярланады. Тапсырманы кеңейту барысында «ал өзің досыңның жағымсыз мінезін көргенде, не істер едің?» деген сұрақ қоюға болады. Сыныпты ұйымдастыру:топтық жұмыс ұсы- нылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |