Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеруСодержание книги
Поиск на нашем сайте Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы Жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру . Африка, сұрықсыз, келемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз.
флипчарттар, телефон.
• мұғалімнің көмегімен шығармадан кейіпкерді суреттейтін үзіндіні табады; • қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.
Сабаққа қатысты нұсқаулар Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- сын дамытуға көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген. Тапсырманың орындалуы:ойын: оқушылар- ды шеңберге тұрғызып, тапсырма түсіндіріледі (мысалы: қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, т.б). Барлық оқушылардың қатысуы қадағаланады. Тапсырманы кімнің оңай орындайтыны және кімге көмек қажет екені бақыланады. Мұғалім шеңберде тұрған оқушыларды әртүрлі қабілет- теріне қарай топқа бөледі. Оқушыларға топ мүше- лерінің басқаға ұқсамайтын қандай ерекшеліктері бар екенін анықтауға тапсырма береді. Оны білу үшін 3 сыныптасыңнан өзі туралы мәлімет жазып ал. Ол үшін сұрақтар қой: 1. Сенің сүйікті ісің қандай? 2. Қолыңнан не келеді? 3. Сен қамқорлық жасадың ба? Өздерінің бір-біріне ұқсамайтындарын анықтайды. Саралау мүмкіндіктері:топ бойынша сара- лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Жара- тылыстану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:жаттығуға үлкен кеңістік қажет болады – сыныпта орын босатуға, не болмаса мектеп дәлізін, не ойын алаңын пай- далануға болады. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқуға негізделген. Тапсырманың орындалуы:мұғалім «Бірігіп оқу» стратегиясы арқылы «Ұсқынсыз керік» ерте- гісін өзі оқып береді, оқушылар ілесіп отырады. (мәтін http://erketai.kz/ сайтынан алынды). «Бірігіп оқу» стратегиясынан соң, «Сөздерді оқу» стратегиясын қолданып, бейтаныс сөздер оқып көрсетіледі, мысалы: «Африка, сұрықсыз, ке- лемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз». Мұғалім бұл сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мәтін бойынша оқулықта берілген сұрақтар қояды. Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген. Тапсырманың орындалуы:оқушыларға керіктің сыртқы бейнесін сипаттайтын сөйлем- дерді оқу тапсырылады. Үзіндіні тауып оқыған соң, алдыңғы тапсырмада анықтаған өздерінің ерекшеліктері мен керіктің ерекшеліктерін бай- ланыстырады. Ол үшін сұрақтар қойылады: 1. Керіктің ұзын мойны үшін ұялғаны дұрыс па? 2. Оны келемеждейтін маймылдар туралы не айтасыңдар? 3. Біздің сыныпта сондай балалар бар ма? Бол- са оларға не айтар едіңдер? 4. Достарды келемеж ету қандай баланың ісі? Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- сын дамытуға көмектеседі. Мәтіннің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіруге негізделген. Тапсырманы қалай орындау керек:мәтінде- гі маймылдардың «– Ой, қараңдаршы, оның көзі- не қарау үшін де сатыға шығу керек!, – Қандай сұрықсыз әрі ыңғайсыз мойын!», – деп айтқан сөздерін тауып оқы. Сол сөйлемді сен басқаша қалай ауыстырар едің? Өзгертіп көр. Ол үшін мұғалім оқушыларға екі түрлі қағаз таратады. Ақ және сары түсті қағаз. Ақ түсті қағазға маймыл- дың айтқандарына қарсы, Керіктің ұзын мойнын мақтайтын, оны қолдайтын оқушылар жазады. Ал, сары түске Керікті әлі де болса мазақ еткісі келетін оқушылар болса, солар жазады. Мұғалім оқушылардың таңдауына бөгет жасамайды, ер- кіндік беріледі. Оқушы не жазғысы келсе, соны жазуына болады. Жазып болған соң, өз пікір- лерін оқушылар өздері қорғайды. Мұғалім тек сөйлемдерінің дұрыс құрылуы мен қателерін тү- зетеді. Саралау мүмкіндіктері:топ бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, өз ой- ларын айтуды үйренеді. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Жаратылы- стану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар дене мүшелері туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру:бұл тапсырма оқушы- лардың жазуына қолайлы болуы керек.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада оқушы- лар мәтіндегі кейіпкердің дамуындағы өзгерістерді анықтай алу және баға беру арқылы оларда ком- муникацияның түрлі тәсілдері, оның ішінде тілдік дағдылары дамиды. Тапсырманың орындалуы:4-5 оқушы-дан бір- неше топқа бөлінеді. Мұғалімнің көмегімен кейіп- кердің іс-әрекетіндегі өзгерісті, негізгі оқиғаларды са- лыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау мақсатында «Телефон» ойыны ойнатылады. «Керікке қоңырау шал. Оған басқалардан өзгеше болудың ұят емес екенін түсіндір.» деген тапсырма беріледі. Ол үшін топ мүшелері Керікке айтатын сөздерін анықтап, талдап жазып алады. Бір оқушы Керік, бір оқушы қоңырау шалып тұрған бала, бір оқушы жазушы болып рөлге бөлінеді. Ол үшін оқулықтағы мәтінді тағы да бір шолып шыға- ды. Бұл жұмыс үшін топты әртүрлі қабілетті оқушы- лармен топтастырған жөн. Балалардың қабілеттері ескерілуі керек. Өнерге бейім оқушылар мен ұяң оқушылардың бір топқа түспегені дұрыс. Әр оқушы кезектесіп жұмыс істеуі үшін уақыттың белгіленгені туралы жарияланады. Саралау мүмкіндіктері:топ бойынша сара- лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді. Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру:шағын топтарда қа- білеті әртүрлі оқушылар отырған соң, рөлдер бөлініп беріледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 78; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |