Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Өзім туралы Жайлаудағы демалыс
2.2.1.1 мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлмен/ мәнерлеп оқу; 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
жайлау, сәске, бесін, текемет, ұшар басы.
«Жазғы демалыс» тақырыбына байланысты көңілді ән жазылған үнтаспа, кеңсе құралдары (флипчарт, топқа бөлуге арналған суреттер).
• өлеңді оқып не жайында екенін түсінеді; • бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа жауап береді.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдылары дамиды, өзара идея алмасу мен мәсе- лені бірлесіп шешуді үйренеді. Тапсырманың орындалуы:тапсырма оқушы- лардың оқу жылындағы алғашқы тақырып екенін ескере отырып, оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығын оятып, тақырыпқа кіріспе ретінде ұсынылады. «Жазғы демалыс» тақырыбына байла- нысты көңілді ән тыңдатып, мұғалім оқушыларды үлестірме парақшалар арқылы жұпқа бөледі және үлгі сұрақтарын (Сен жазғы демалысты қалай өт- кіздің? 2. Жазғы демалыста қайда бардың? 3. Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғалар болды? т.б.) көрсетеді. Оқушылар «Сұхбат алу» ойынын ойнау үшін сыныпта еркін қозғалады. Олар алдымен бір-біріне жазғы демалысты қалай өткізгендері жай- лы сұрақтар қояды, содан соң олар өзге оқушымен жұп болып, оған бұрынғы жұбының демалысы ту- ралы әңгімелеп береді. Мұғалім олардың сұраққа дұрыс, толық жауап беруін қадағалайды. Бір-біріне қолдау көрсету үшін жұптық жұмыс түрі жүргізіледі. Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада жұптық саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушылардың қа- білетін дамытуын қолдау үшін беріледі. Сыныпты ұйымдастыру:«Сұхбат алу» ойынын ойнау үшін жұпқа бөлініп, үлестірме па- рақшалар таратылады. Үлестірме парақшалар- да бірнеше суреттер (2 алма, 2 алмұрт) берілген. Екі алма бір жұп, екі алмұрт бір жұп болады. Осы жұптар бір-бірінен сұхбат алады. Басқа оқушы- ларға барып, өзінің жинаған сұхбатымен бөліседі. Ойынды шынайы жүргізуші ретінде ұйымдасты- руға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ол үшін әр оқушы өзіне микрофон жасап алса, ойынды оқушылар қызыға орындайды. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың өлеңді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқуы арқылы тыңдалым дағдысы дамиды. Тыңда- лым бойынша өз ойлары мен идеяларын еркін айтуға дағдыланады. Алғашқы тапсырманы то- лықтыруға негізделген тапсырма. Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқу-
Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ тапсырмадан әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың сұрақтар қойып және қойған сұрақтарына жауап бере алу дағдысын жетілдіруге және тақы- рыпты түсінуге бағытталған. Тапсырманың орындалуы:«Өлеңнің мазмұны бойынша өз жұбыңа сұрақтар қой және жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер» деген тапсырма беріледі. Ол үшін қабілеті әртүрлі оқушылардан жұп құрылады. Жұпты құру үшін мұғалім әртүрлі суреттерді немесе басқа да тәсілдерді қолдана- ды. Оқушылардың пікірлері анықталады. Берілген уақыт ішінде жұптар өздеріне сұрақтар қойып, бір- бірінің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім барлық жұптарды қадағалап, сұрақ қо- юға қиналатын оқушыларға көмектесіп, оқулықта берілген сұрақтарға ұқсас сұрақтарды өзі қояды: 1. Жайлау деген не? 2. Жайлауға қашан шықтық? 3. Алдымызда не бар? 4. Таудың басындағы мұз неге мәңгі тұрады? 5. Бізді кім күтті? 6. Атам мен әжемнің көңіл күйі қандай? 7. Жайлауға қашан жеттік? 8. Бесін және сәске сөздерін қалай түсінесің? 9. Сәскеде шықса неге бесінге қарай барады? 10. Жайлауда бүлдіргенді қалай теріп жеді? Мұғалім рефлексивті талқылау болып жатқан- дығына көз жеткізеді. Жұптардың өзара әрекет етуі мадақталады және олардың ұйымшылдығы, бейімділігі ескеріліп, сыныпта айтылады. Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырманы орындау үшін топтарға қабілеті әртүрлі оқушылар жиналады. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дау үшін сынып оқушыларының санына қарай- жұпқа бөлінеді. Жұптарды қабілеті әртүрлі оқушы- лардан құруға назар аударылуы тиіс.
дамытуға және алдыңғы тақырыпты бекітуге бағытталған. Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқулықта берілген (Қаладағы демалыс және ауылдағы дема- лыс суреті берілген) суреттердегі жазғы демалыс- ты өткізуге қолайлы әртүрлі жерлерді салыстыру тапсырмасын орындайтындарын айтады. Ол су- реттердің әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, тағы да демалуға болатын жерлердің атауларын сұрайды. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар топқа бөлінеді. Ол үшін қабілеті әртүрлі 4-5 оқушыдан шағын топ құры- лады. Әрбір топқа флипчарт беріледі. Онда олар әрбір жердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, демалуға болатын басқа да жерлерді жа- зады. Жұмыстың басталуы мен аяқталуын мұғалім қадағалайды. Барлық топ мүшелерінің қатысуы ескерілген жөн. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы толықтыруына болады. Мұнда әрбір ой- дың құнды екендігі ескеріліп, барлық салыстырулар тыңдалады, ешқандай шектеу жасалмайды, идея- лар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Бұл тапсырма кезінде кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау маңызды екендігі жиі ескеріліп отырады. Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, әртүрлі қабілетті оқушы- лар бір-бірлеріне қолдау көрсетеді. Қосқан үлесі көрініп тұру үшін әр оқушының бөлек түсті қалам қолдануына болады. Сынып «Атомдар мен мо- лекулалар» белсенді стратегиясы арқылы топқа бөлінеді. Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруге және тақырыпты бекітуге бағытталған. Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Жазғы демалыста есіңде қалған ең қызықты сәтті әңгімелеп айт» деген тапсырма беріледі. Оқушылар жеке-жеке өз әңгімелерін сынып ал- дында айтады. Барлық оқушылардың әңгімелерін тыңдау барысында оқушылар артық-кемшілігін белгілеп отырады. Барлық оқушылардың әңгіме- лері тыңдалып болған соң, бір-бірін бағалайды. Өздеріне ұнаған әңгімені таңдайды. Саралау мүмкіндіктері:тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылар бір- бірінің әңгімелерін тыңдауы тиіс.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |