Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытады және шығар- машылықпен жұмыс жасай алуларына көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:«Мұз жарғыш» жаттығуы орындалады. Мұғалім 3 оқушыға әртүрлі сұрақ қояды. «Сен анаңа қалай көмектесесің?», «Үй шаруасына көмектесесің бе?» деген сияқты сұрақтар қойылады. Бұл оқылатын мәтіннің не жөнінде бола- тындығына оқушыларды дайындау. Мұғалім қабілеті бірдей оқушыларды жұп қылады. Жұп арасында оқушылар «Ойлан – жұптас – бөліс» стратегиясы арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орын- дайды. Ол үшін оқушылар 1. Жұп арасында  мәтін

«Қолғанат» деп неге аталады, оқиға не туралы бо- латынын болжайды. 2. «Қолғанат» деп кімді айта- ды? Жеке ойланады. 3. Жұптарымен жасаған бол- жамды топта достарымен бөліседі. Оқушыларға


уақыт беріледі. Барлық оқушылардың жазғандары тексеріледі және неге олай ойлайтындарын айта- ды. Оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір жұп мүшесі өз ойын ортаға салады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шек- теу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету ен- гізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі.

Саралау мүмкіндіктері:жұп бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті бірдей оқушылар тапсырма- ны бірге орындағанда өздерін еркін сезінеді.

Пәнаралық байланыс:тапсырма «Қазақ тілі» пәнімен байланыста жүргізіледі. Оқушылар сөй- лемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың са- баққа белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жа-

салады.


 

 

                                                             


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Әңгімені оқып, мазмұндауға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар «Қолға- нат» мәтінін оқиды. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптағылар бір-біріне әңгімені баяндап береді. Мәтіннен алған әсерлерімен бөліседі. Бірінші тапсырмадағы жасалған болжам мен мәтіндегі оқиғаның арасында сәйкестік болды ма, болса қай жұптың болжамы дұрыс келсе, сол топ өздерінің жазғандарын оқып береді. Кейін сөздіктермен жұ- мыс жүргізіледі.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:жұптық, топтық жұ- мыстар жүргізілуге сынып дайындалады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың өз ойларын дамытуға және мәтінді түсіну- ге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар өзіңе арнап айтылған «қолғанат» деген сөзді естіп, естімегенін айтады. «Қолғанат» сөзін қалай түсін- гендері жайлы өз ойларымен бөліседі. Ал мұғалім осы сөздің мағынасы жайлы толық ақпарат алу үшін оқушылардан түсіндірмелі сөздіктерге жү- гінуін сұрайды. Осы сөздің анықтамасын оқушылар дәптерге көшіріп жазады. Сонымен қатар оқушы- лар әңгіменің жалғасын болжап айтады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі.

Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бойынша алған білімдерін қолданады.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың білімді шығармашылықпен пайда- лану дағдысы дамиды. Өз ойлары мен идеяларын, сезімін білдіруге дағдыланады.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- лардан суреттерін алып келулерін алдын ала сұрай- ды. Суретте оқушының үй шаруасына көмектесіп жатқан сәттері бейнеленуі тиіс. Оқушылар үйден әкелген суреттерді біріктіріп, коллаж әзірлейді. Ол үшін топқа бөлініп, флипчартқа топ мүшелерінің барлығының суреттерін желімдеп дайындайды.

Коллаж әзірлеуге арналған суреттердің «Мен

– қолғанатпын» тақырыбында болу керек екенін мұғалім алдын ала хабарлайды. Егер оқушының үй шаруасына көмектесіп жатқан суреттері бол- май жатса, оларды мәжбүрлеуге болмайды. Ол оқушыға өзі жайлы шағын әңгіме жазып әкелуі- не болады. Жұмыс аяқталған соң барлық топтар- дың коллаждары тақтаға ілінеді. Оқушылар өздері бағасын береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:коллаж әзірлеуге қа- жетті заттарды дайындау.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)