Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- ларды сұрақтар қоя алуға дағдыландырады. Ал- дағы тапсырмаларды орындауға және оқушы- лардың жаңа сабаққа белсенді қатысуларына негізделген. Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықтағы суретке қарап, сұрақтар құрастырады. Суретте (Табиғат аясында ұшып жүрген масаның суреті. Аяғы алтау. Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрады, ал қалған екеуі: қорғаушылар. Қанат- тары мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп ке- теді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.) маса бейнеленген. Жазу үшін оқушыларға А4 қағазы мен фломастер беріледі. Әркім өзі неше сұрақ құрастырғысы келсе, сонша құрасты- ра береді. Сөздерді оқып, өздері тексереді. Қағаз- дарын жоғары көтеріп көрсетеді. Оқушылар өз- дерінің жазғандарын ортаға салып оқиды. Мұғалім оқылғандар бойынша мәтін мазмұнына сай келетін ортақ сұрақтарды шығарып тақтаға жазады. Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Орындалған жұмыстарды таныстырған соң, «Сөй- леу қабырғаларына» ілуге болады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада оқушылар мәтіндегі кейіпкердің мінез-құлқын талдайды және іс-әрекеттеріне баға беру арқылы коммуникацияның түрлі тәсілдері, оның ішінде тілдік дағдылары дамиды. Тапсырманың орындалуы:Мұғалім мәтінді өзі оқып береді. Мәтін http://erketai.kz/balalarga/ ertegiler-alemi/kishkentai-masa/ алынғанын ескерткен жөн. Оқушыларға мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу тапсырылады. Оқушылар- дың барлығы мәтінді оқып шыққан соң, мұғалімнің
Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушылар- дың шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негіздел- ген. Тапсырманың орындалуы:мұғалімнің көме- гімен оқулықтағы суретті мәтіннің нұсқасымен са- лыстырады. Мұғалім ең алдымен әртүрлі қабілетті оқушыларды 4-5 оқушыдан топқа бөліп, келесі не- гізгі сұрақтарды қояды. Масаның көңіл күйін қай- дан көруге болады? Масаның ғажап, әдемі, сұлу екенін қайдан байқауға болады? Аяқтары қандай және нешеу? Олардың қызметтері суретте көр- сетілген бе? Масаның қанаттары қандай? Оның мөп-мөлдір, жеп-жеңіл екенін қайдан байқауға болады? Мұртшасының үлпілдек, ал тұмсығының жебе сияқты біздей екендігі көріне ме? Біз деген не? Ал оның ән шырқап тұрғанын қайдан байқауға болады? Осы негізгі сұрақтарға жауап бере оты- рып, ертегі кейіпкерін өзгертіп суреттейді. Салған суреттерді мәтінмен салыстырады. Оқушылар топ- та жауаптарын талқылап отырып жауап береді. Саралау мүмкіндіктері:топ бойынша сара- лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі», «Бейнелеу өнері» пәндерімен байланыс жүр- гізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және суреттегі кейіпкердің көңіл күйін тану бойын- ша алған білімдерін қолдана алады.
Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Топқа бөлудің белсенді әдістері пайдаланылады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға және тілдерін жаттықтыруға негізделген. Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген жаңылтпашты бірге дауыстап оқи- ды. «Жаңылтпаш – тілді дамыту үшін, жылдам, жаңылмай айтуға немесе оқуға берілген сөздер. Жаңылтпаштар ұйқасты, ұқсас сөздермен жазыла- ды» – деп, мұғалім түсіндіреді. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Тапсырманың негіздемесі:оқушылар ай- тылым дағдысын жетілдіреді. Тапсырманың орындалуы:бұл тапсырмада оқушылар жаңылтпашты оқиды және тақырыпқа сай қосымша жаңылтпаштары болса, сол жаңылт- паштарын айтады. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.) |