Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушылардың сұрақ қоя алу дағдысын дамыта- ды. Сонымен қатар өзара идея алмасу мен мәсе- лені бірлесіп шешуді үйренеді.

Тапсырманың орындалуы:сабақты баста- мас бұрын мұғалім оқушыларды екі шеңберге тұрғызады. Сыртқы және ішкі шеңбер сағат тілі бойынша жүреді. Оқушылар бір-бірінен бос уақыттарын қалай өткізетініне қатысты сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жа- уап алады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. Содан кейін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Топтарға бөлінген соң, оқулықтағы бос уақытты өткізу туралы суреттерге назар ауда- рады (мысалы: футбол, шаңғы, теннис, скрипка, жүзу, шахмат, коньки және би аяқ киімі).

Суреттердегі заттарға қарап, оқушылар үйірме түрлерін анықтайды. Әрбір үйірменің ерекшелі- гі туралы айтады. Осы туралы сөйлемдерді А4 қағазына жазып, көлденең керілген жіпке неме- се тақтаға іліп отырады. (Бұл «9 гауһар тас» ойы- ны үшін қажет болады).

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойын- ша топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен

              46    1-тарау. Өзім туралы


оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұ- мыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушыларды шеңбер- ге тұрғызғанда барлығын бақылау оңай. Оқушылар өздерін еркін ұстайды, мүмкін барлығы бір-бірін көріп тұрғанын түсінгеннен шығар. Кейбір оқушы- ларға оңай түспеуі де мүмкін, сондықтан мұғалім шеңберде барлығымыз ашық сөйлесіп, ойларымы- зды білдіріп, идеяларымызбен бөлісе алатындарын түсіндіреді.

 

Тапсырма негіздемесі:оқушылардың тыңда- лым дағысын дамытуға бағытталады.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- ларға "бір заттың белгісін басқа заттың белгілері- не теңеп, жасырып айту арқылы жұмбақ шыққан. Жұмбақ тақпақтап, ұйқасты сөздермен айтылады." деп түсіндіреді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Ойлан, тап!

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушы- лар ойын, қиялын дамытуға және әдеби теориялық терминдерді білуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықтағы жұмбақты оқып, шешуін табады.


 


Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылардан үйренеді.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың өлеңді ілесіп оқуына негізделеді.

Тапсырманың орындалуы:өлең «Бірігіп оқу» стратегиясы арқылы оқытылады. Оқушылар мұғаліммен бірге оқиды. Содан соң оқу техни- каларының бір немесе бірнешеуін қолдануына болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстарды бір-біріне байланыстырып, сөз құратады. Жаңа сөздің мағынасы бар ма? Анықталады. Содан соң балалар өлеңді іштей оқып, танысып шыға- ды. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қадағаланады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бір- лесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)