Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білімді бекітуге арналған тапсырмаСодержание книги
Поиск на нашем сайте Білімді бекітуге арналған тапсырма Анаңа арналған ашықхат даярла. Ашықхатты суретпен безендірумен қатар, ана- сына деген сезімдерін жазу ұсынылады. Қосымша тапсырма Анаға қатысты 3 мақал-мәтел жаз. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауына мүмкіндік жасау мақсатында мұғалім жинақтар мен энциклопедиялармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау; 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу. • өлең мәтініндегі ерекше ойларды тани алады; • шығармадағы көркем сөздерді анықтай алады.
нәрлі, жылу, нұр, ғұмыр, арайлы.
парақтар, бояу қарындаштар.
Сабаққа қатысты нұсқаулар Тапсырманың негіздемесі:өлең мәтінін оқу, өлең не туралы екенін анықтау арқылы оқушы- ның оқылым дағдысы қалыптасады. Тапсырманың орындалуы:оқулықта беріл- ген өлең мәтінін мұғалім өзі оқып таныстырады. Мәтінді оқып аяқтағанда оқушылардан қандай мәтін тыңдалғандығы сұралады. Оқушылар өлең мәтіні тыңдалғанын, жанры поэзия екендігін айта- ды. Екінші рет тыңдағаннан кейін өлең не туралы екендігі жайында жұбымен ой бөліседі. Оқушыларға анаға қатысты көркем сөздерді табу тапсырылады. Автордың өлеңде айтқысы келген ойы сұралады. Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша сара- лау орын алады. Қабілеті төмен оқушыларға ашық сұрақтар қойылып, жауап беруге мүмкіндік жаса- лады. Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады.
Тапсырманың негіздемесі:оқушыға «сипат- тау» ұғымы туралы мағлұмат беріліп, затты немесе ұғымды сипаттау сөздерін қолдануға дағдыланды- ру көзделеді. Тапсырманың орындалуы:оқушыларға ал- дыңғы тапсырмада өлең мәтінінде автордың анаға қатысты қандай сөздерді қолданғанын анықтап, мағынасы ашылғанын айта келіп, енді өз ана- ларын қандай сөздермен сипаттай алатындары сұралады. Жұп арасында өз аналарына арналған сезімдерін, аналарын таныстыруда қандай сөздер қолданатындарын айтады. Осы сөздерге «қан- дай?» деген сұрақтар қойып, жұп арасында жау- ап береді. Мұғалім «Қандай? Қай?» деген сұраққа жауап беріп, заттың немесе құбылыстың сынын, сипатын білдіретін сөздерді «сипаттау» дейтінін айтады. Мысалдар келтіреді. Сыныпта мұғалім оқушы- лардың көз алдында тұрған затты сипаттауды ұсынады. Оқушылар ол затты сипаттап айта алуы арқылы жаңа білімді меңгергенін танытады. Саралау мүмкіндіктері:сұрақтар бойынша саралау орын алады. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, сұрақ қояды. Ал қабілетті оқушыларға талқылап, өз ойын айтуға жетелейтін сұрақтар қойылады. Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен бірге
Ойымызбен бөлісейік Тапсырманың негіздемесі:оқушының мәтін- дегі баланың анасына арнаған сипаттау сөздерін қолдануы мен ол сөздерді таңдауы туралы өз ойла- рын айта отырып, өлеңдегі өздері үшін ерекше деп танылған сөздер туралы өз ойларын айту арқылы шығарма тіліне назар аударып, өз көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Өлеңдегі сөз- бен өрілген анаға деген сезімдерді суретпен қалай беруге болатынын ойлану арқылы алынған ақпа- ратты модельдеуге мүмкіндік жасалады. Тапсырманың орындалуы: оқушыларға мәтін- нен анаға арналған сипаттау сөздерін тауып, дәп- терге теріп жазу ұсынылады. Сөз мағынасын талдауды кестеге жазады. Сөз- дерді жазғаннан кейін ол сөздерді қолдануға байланысты өз ойларын жұбына айтады. Ортақ шешімге келіп жазады. Өздеріне ұнаған сөздердің себебін айтып, оқушылар өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік ала- ды.
Сөздер мен сөз тіркесі Мағынасы таң мекен
айдай
күн көзіндей
сүті нәрлі
Өлеңдегі анаға арналған сезімдерді суретпен қалай беруге болатынын жұбымен ойланып, па- рақтарға суретпен береді. Саралау мүмкіндіктері:сұрақтар бойынша саралау орын алады. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, сұрақ қояды. Ал қабілетті оқушыларға талқылап, өз ойын айтуға жетелейтін сұрақтар қойылады. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәні мен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:жұбымен талдап жа- зады, соңында сыныппен бірге орындау ұсыныла- ды.
Тапсырманың негіздемесі:оқушы өз анасын сипаттап, анасының махаббатын сипаттайтын сөз- дерінің мағынасына үңіліп, анаға арналған жылы сөздерін жинақтап, шағын кітапша жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттырады. Тапсырманың орындалуы:оқушылар өз ана- ларын сипаттайтын сөздер мен ана махаббатын сипаттайтын сөздерді жеке жазады, жұп арасында ортаға салады. Жұбымен толықтырған сөздерін кітапшаға түсіруді жоспарлайды. Кітапша жасауда жеке жұмыс ұсынылады. Саралау мүмкіндіктері:ресурстар бойынша саралау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қол- дау қажет ететін оқушыларға үлгі немесе сөздер тізбегі беріледі. Пәнаралық байланыс:«Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы өз ойла- рын айтып жинақтауда жұппен орындау, кітапша жасауда жеке орындау ұсынылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |