Оқушылардың білімін бағалау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылардың білімін бағалау

Поиск

Кел, бірігейік!

Тапсырманың негіздемесі:  бұл тапсырма оқушылардың оқылым      дағдысын   дамтытады. Тақырыптың мазмұнын ашуға берілетін тапсырма. Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген Ф.Оңғарсынованың «Білім керек

бәріне» өлеңін оқиды.

Оқымас бұрын мұғалім мәнерлеп оқып, үлгі көрсетеді. Сонан кейін оқушылар өлеңді бірі- гіп оқиды. Қиын немесе жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Осыдан соң өлеңдегі ұйқастарға көңіл бөлгізіп, олардың қай жолдары ұйқасып келіп тұрғанын анықтайды. Оқушылар оқып болған соң оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.

Пәнаралық байланыс: тапсырма «Дүниетану» мен

«Жаратылыстану» пәндерімен байланыс жүргізіледі. Саралау мүмкіндіктері:Мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға

ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:Өлеңді ілесіп оқыған- да барлық баланың оқып отырғаны қаралу керек.

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға «Қазір біз мақалдар ағашын жасаймыз, сендерге дейін ондайды ешкім жасаған жоқ. Жасаса да сендердікі басқалардан ерекше болуы тиіс» деп, тапсырма- ны орындауға деген қызығушылықтарын арттыра- ды. Оқушылар 4-6-дан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа көлемді флипчарттар және «Мақал-мәтел- дер жинағы» үлестіріледі. Оқушылар флипчартқа ағаштың суретін салады да, оның түсі мен пішінін ойластырады, жинақтың ішінен іздеп тапқан неме- се өздері білетін мектеп, білім туралы мақалдарды жапырақ тәрізді қағаздарға әдемілеп жазып, сол ағаштың суретін жабыстырады. Өлеңмен байланы- сты мақал-мәтелді таңдауы керек. Жұмыс барысын- да барлық оқушылардың жұмысқа қатысуы үшін мұғалім оқушылардың рөлдерінде бөліп беруіне болады. Мысалы мақал жинаушы, сурет салушы, уақыт белгілеуші, жасаған еңбектерін қорғаушы деген сияқты рөлдер. Қабілеті төмен оқушыларға мақал-мәтелдер жинағынан ақпарат қалай іздеу керек екені көрсетіліп жіберіледі. Оқушылар түсі мен пішінін ойластырады.

Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста топтық

саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтан іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Бейне- леу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі. Флип-


 

чартқа ағаштың суретін салады, жапырақтарды жабыстырады.

Сыныпты ұйымдастыру:мұғалім түрлі түсті үлестірме парақшаларды тарату арқылы топқа бөледі. Түстер жиналып бір топ болады. Мұғалім қабілеті бірдей оқушалырдың әр топта отырула- рын қадағалайды.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетілдіреді. Алдында орындалған тапсырманы қо- рытындылауға мүмкіндік береді.

Тапсырманың орындалуы:Мұғалім оқушы- лардың жасаған жұмыстары жөнінде «Сендер топтарыңмен өздеріңізге дейін ешкім жасамаған Мақал-мәтелдер ағашын жасадыңдар. Жасаса да сендердікі басқалардан ерекше деп ойлаймын» деп, олардың тапсырманы орындауға деген ынтасын арт- тырады.

Оқушылар топтарда дайын болған тапсырма- ларына «Мақал-мәтелдер ағашына» танысты- рылым жасайды. Таныстырылым жасар алдында мұғалім келесі жетістікті бағалау өлшемдерін бе- реді: 1. Неше мақал-мәтел алынды?; 2. Мақал-мә- телдердің мағынасын ашу; 3. Мағынасына қарай реттеу. Оқушылар осы берілген жетістік белгілері бойынша таныстырылым жасайды. Таныстырылып болған соң топтар жасалған жұмыстарын «Галере- яда. Қиял әлеміне саяхат.» мақал-мәтелдер ағашы- на іліп қояды. Барлық оқушылар өздеріне ұнаған

«Мақал-мәтелдер ағашына» смайликтерді жапсы- рады. Соңынан қорытынды шығарылады және жасалған мақал-мәтелдер ағашына баға беріледі. Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап,

өз идеяларын айтуға үйренеді.

Сыныпты ұйымдастыру:сынып оқушылары алдыңғы топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар автор ту- ралы мәліметті оқулықтан оқып танысады.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


 

 

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;

2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;

2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.

 

 

• мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтап және автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді;

• өлең мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;


• өлеңді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқиды.

 

 

айшылық алыс, күн жарымда, дүниені кезу.

 

 

мазмұнын ашатын суреттер, флипчарт, маркер, қағаз қайшы, желім, т.б.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)