Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте 4 Менің туған өлкем
«Менің туған өлкем» туған ел, туған жер ұғымына түсінік беріледі, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы мен бұрынғы астанасы Алматы қаласы туралы мәлімет алады, туған жердің табиғаты, туған жерде өткен балалық шақ туралы көркем туындылармен танысып, өз ойларын білдіреді. Мәтіндердегі автордың айтпақ ойына өз көзқарастарын білдіріп, ойларын жинақтайды. Алған білім мазмұнын қолданып, өз шығармашылықтарына бастау алады. Осы тараудың оқу мақсат 9-11-беттердегі Көлем мен құрылым кестесінде берілген. 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру ; 2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу; 2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау; 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау; 2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу; 2.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу; 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау; 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау; 2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау; 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу; 2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау; 2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу; 2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру; 2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру; 2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу; 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету. 1. Туған елім 2. Туған жер – байлығың 3. Батыр туса – ел ырысы 4. Батыр туса – ел ырысы 5. Астанам – айбарым 6. Астана –жас қала 7. Жайлауы жасыл байтақ ел 8. Мен тұратын өлке 9. Аңыз түбі – ақиқат 10. Елімнің даналары 11. Елге еңбек еткен де – ерлік 12. Туған жерге туың тік!
Тірек сөз байтақ ел, жөргек, белін буу, диқан, қамба, жұ- мақ, ғажап, тікенек, туған ел, ер жігіт, батыр, ырыс, көгілдір күмбез, қажымас қайрат, шырақ, қала- ну, тоғыз жолдың торабы, інжу-маржан, шалғай, шүйгін, жазғы қоныс, абыз би, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік, сайран салу, қанасына сыймау, тұлға, тегістік, абырой, жұпар, ақ күмістей, көркем, билік, бірлік, шапшаң.
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. байтақ ел, жөргек, белін буу, диқан, қамба.
А3 парақтары, бояу қарындаштар.
• туған ел туралы ойларын еркін айта алады; • көркем шығарма элементтерін салыстырады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардытақырыпқа қатысты өз ойларын ай- туға дағдыландыру көзделген. Тапсырманың орындалуы:тапсырманы орындар алдында Қазақстан Республикасы тура- лы (рәміздері, табиғаты, т.б) суреттер көрсетіледі. Топта «Суретте не бейнеленген?» «Қандай елге ұқсайды?», «Қазақстанды неге байтақ ел дейміз?» сұрақтары бойынша сөйлесіп, өз ойларын ор- таға салады. Топтың ойын «өрмекші сызбасына» түсіріп, сыныпқа таныстыруға дайындалады. Таныстырылым кезінде ойларын толық айта ал- маған жағдайда мұғалім сұрақ қойып, ойларын толық жеткізуге қолдау көрсетеді. Оқушылар су- рет бойынша өз ойларын айтқаннан кейін мұғалім «Қазақстан -– байтақ ел» ұғымына түсіндіру үшін «Қазақстанымызда қандай көрікті жерлер бар?», «Сендер қандай жерлерінде болдыңдар?» деген сұрақтармен оқушыларды Қазақстанның қалала- лары, көрікті жерлері туралы сөйлетеді. Саралау мүмкіндіктері:тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен немесе тапсырманы орын- дауда қиналып отырған оқушыларға үлгі болар- лық суреттер немесе сөздер беріледі. Ресурс бой- ынша саралау жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс:туған жер ұғымына қатысты суреттер топтамасы ұсынылғандықтан, «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс орын ала- ды. Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топтық жұмыс түрінде ұсынылады. Сынып бөлмесі топта отыруға лайықталып, парталар біріктіріліп қойы- лады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың сөздік қорларын, тақырыпқа сай ой-өрісін кеңейтеді деп күтіледі. Берілген өлең мазмұнын меңгеруде ақынның көңіл күйіне назар аударты- лады. Тапсырманың орындалуы:оқулықта берілген Оразақын Асқардың «Туған жер» өлеңіне назар аудартылады. Оқушылардан өлең мәтінімен оқып танысу сұралады. Өлеңдегі таныс емес, түсінбеген сөздермен сөздік жұмысы жүргізіледі. Өлең не ту- ралы екені анықталады. Мұғаліммен бірге ілесіп айту арқылы, өлеңді жаттап алады. Саралау мүмкіндіктері:өлең мәтінін қабілетті оқушылар шапшаң жаттап алып, 2-3 оқығаннан кейін жатқа айтуды сұрауға болады. Ал қабілеті төмен оқушыларға жаттауға қосымша уақыт беріледі. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Музыка» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырма барлық
Ізденейік Тапсырманың негіздемесі:оқушылар та- нысқан өлеңдегі тірек ұғымдарды, мазмұнын анықтап, өз ойын, пікірін білдіру арқылы тақы- рыпқа қатысты өз сезімін жеткізуге дағдыланады. Берілген өлең мазмұны оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді деп күтіледі. Тапсырманың орындалуы:оқушылардан өлеңге мұқият қарап, тірек сөздерді анықтау сұра- лады. Әр шумақты дауыстап оқи отырып, осы шумақтағы тірек сөздер анықталады. Осы тірек сөздер арқылы әр шумақтағы ойды анықтауға мұғалім бағыт-бағдар береді. Мағынасы түсініксіз сөздер сөздік-гол ойынын ойнау арқылы мең- гертіледі. Кесте ұсынылады.
сөз немесе сөз тіркесі менің түсінігім сөздіктегі мағынасы Сөйлем жөргек
бабам
тұнған жер
қамба
белін буған
Топта кестені толтырып болғаннан кейін «гол» деп айтып белгі береді. Топтар жұмысты мүмкін- діктеріне орай әртүрлі уақытта аяқтайды. Сынып аяқталғанда ортақ тексеріледі. Қателері түзетіледі. Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада ресурстар арқылы саралау орын алады. Топтағы оқушылар- дың сөздермен жұмыс жасауда түсініксіз сөздер- ге мұғалім ресурстар беріп, қолдау көрсетеді. Кей сөздердің мағынасын мүлде түсінбей, топта тал- дай алмай отырған жағдайда, сол сөзді синоним немесе мағынас жуық сөздермен, ұғымдармен байланыстырып түсінік береді. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың бір тақырыпта берілген көркемө- нердің екі туындысын салыстыру арқылы ортақ белгілері мен айырмашылықтарын ажырата алуы арқылы танымы кеңейтіледі деп күтіледі. Тапсырманың орындалуы: өлең мазмұ- ны мен суретте не берілгені туралы жұппен же- ке-жеке талдау жасайды, ортақ шешімге келеді. Жұбымен талдағандарын топта ортаға салып, ай- ырмашылықтары мен ортақ белгілерін венн диа- граммасына түсіреді. Диаграмма түсіруге А3 па- рақтары беріледі. Әр топ өз жұмыстарын сыныпта таныстырылым жасайды. Соңынан мұғалім топ- тардың жұмысын саралай отырып, толықтырулар жасатады. Саралау мүмкіндіктері:топ арқылы саралау
орын алады. Топтар бірдей қабілетті оқушыларға бөлінеді. Пәнаралық байланыс:бұл тапсырма «Бейне- леу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырма топпен орындалады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың тақырыпқа қатысты ой-өрісін кеңейтеді. Ұғымдарды байланыстырып айта алу дағдысы қа- лыптасады. Тапсырманың орындалуы:мақалды оқып танысады, мақалда не айтылғаны жайында жұ- бымен талдайды, оқылған өлең мазмұнымен бай- ланыстырып әңгімелейді. Екеуіндегі ойдың ортақты- ғын дәлелдейді. Өздерінен мақал құрастыру сұрала- ды. Жұптар өз жұмыстарын топта айтады, толықтыра- ды да, сыныптан сұрау кезінде айтады. Топтағы үздік мақалдарын қағазға жазып, тақтаға іледі. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Топтар бірдей қабілетті оқушы- ларға бөлінеді. Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырма топпен орындалады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |