Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы барлық сыныппен бірге орындау ұсынылады.


 


Тапсырманың негіздемесі:берілген суреттер- ге назар аударып, суреттерді салыстырады. Топта өзара сурет бойынша өз ойларын айту арқылы сөздік қоры кеңейеді.

Тапсырманың орындалуы:оқулықтағы ил- люстрацияға назар аудартылады. Оқушылар- дан суреттен не көріп тұрғандары сұралады. Олар суретте не бейнеленгенін айтады. Осы суреттердің отбасымен қандай байланысы бар екендігі сұралады. Адамдардың алақандарында тұрған киіз үй макетінің отбасына қандай қаты- сы бар екендігі айтылады. Екінші суреттегі отба- сы туралы әңгімелейді. Екі суретті бір-бірімен салыстырады. Оқушылар екі суретті «Отбасы» ұғымымен байланыстырып сөйлейді.

Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырма барлық оқушыға бірдей ұсынылады. Оқушылар қойылған сұрақтарға өз деңгейлеріне қарай әртүрлі жауап бере алады. Әртүрлі нәтиже күтіліп, нәтиже бой- ынша саралау жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада

«Бейнелеу өнері» пәніменбайланыс орын ала- ды.

              50    2-тарау. Менің отбасым және достарым


Тапсырманың негіздемесі:берілген сұрақтар арқылы отбасы мен отбасы қуанышы, бақыты ту- ралы ойларын ортаға салып, сөйлеу барысында тілдік, тілдік емес құралдарды орынды қолдану дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға плакаттар беріледі. Оқушылар плакаттың шетіне отбасында қандай қуаныштар болатыны, отбасы өзін қандай жағдайда бақытты сезіне алатыны туралы өз ойларын жазады. Берілген уақыт ішін- де жазып аяқтағаннан кейін, топта бір-біріне та- ныстырады. Топта барлық ойлардың ішінде ең үздік 5 ойды ортаға жазу сұралады. Барлық топ аяқтағаннан кейін сыныпта таныстырылым жа- сайды. Таныстырылым барысында ерекше ой- ларды марапаттау, ерекше ойға сынып назарын аудартып, ойды толық таныстыру мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.

Саралау мүмкіндіктері:таныстырылым бары- сында нәтиже бойынша саралау қолданылады. Ерекше ойдың иесіне мұғалім қолпаштау көрсете отырып, ойын әрі қарай жетілдіру мақсатында не-


 


 

гізгі сұрақтар қойып, диалог бойынша қолдау көр- сетіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топтық жұ- мыс түрінде ұйымдастырылады. Сынып үлкен от- басы, шағын отбасы, спортпен айналысуды сүйетін отбасы, үй жануарлары бар отбасы болып, беріл- ген сурет қиықтарын жинату арқылы оқушыларды топқа бөледі.


Тапсырманың негіздемесі:оқылым дағды- сын, сурет пен өлең арасында байланыс орнатуды жетілдіреді,

Тапсырманың орындалуы:оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Кейін оқушылардың на- зары оқулықта берілген суретке аударылады. Сурет арқылы баланың қарындасы туралы әңгіме жүр- гізіледі. Ағасы мен қарындасының арасындағы қа- рым-қатынас туралы сұралады. Ағасының қарын- дасына деген сүйіспеншілігі баяндалады.

Оқулықта берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Сурет пен өлеңді байланыстырулары тиіс. Оқушылар өз отбасыларындағы аға мен қарындас қарым-қатынасы туралы айтып береді.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Оқушылардың деңгейіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма сыныппен ұйымдастырылады. Оқушылар сынып алдында өз ойларымен бөліседі.


 

гізіледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)