Білімді бекітуге арналған тапсырма 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Мәтіннің мазмұнына сәйкес күнделік жазу үлгісі бойынша кестені әрі қарай толтыр.

 

Бір кездері

Бірақ

Сондықтан

Джина жалғыз өзі Африканың қалың ну тоғайларын

аралап жүреді.

 

Мазасыз маймылдар мазақ қылды.

 

екі көзінен моншақ- моншақ жас тама бастады.

 

 

 

Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

Өзім туралы

Жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын


2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;

2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.

 

 

• негізгі оқиғаларды салыстыруды және өзгерістерді анықтайды;

• үлгі бойынша шағын ертегі құрайды;


жападан-жалғыз, мұңаю, кенет, өрмелеу, бұрын- соңды.

 

 

А. Қалаубаеваның орындауындағы

«Ертегілер әлемі» әні басылған таспа, көбелектің даму кезеңдеріне арналған суреттер.


 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді. Сонымен қатар сабақта жағымды көңіл күй орнатуға негіз- делген тапсырма.

Тапсырманың орындалуы:өткен сабақта біз не туралы айттық және не істедік? т.с.с. сұрақтар қойып, оқушыларды жаңа сабаққа шақыра- ды және бүгінгі сабақ өткен сабақтың жалғасы екендігі ескертіледі. Мұғалім сабақта «Ертегілер әлемі» әнін тыңдатады. Оқушылар әнді бірге шы- рқап, көңілдерін көтереді. «Ертегілер әлемі» әні- не шыққан клипін көрсетуге болады (https://www. youtube.com/watch?v=Lkmv50XMrDE). Мұғалім бұл әнді тыңдату арқылы оқушыларға тақырып- тың ертегілер жайлы жалғасатынын түсіндіреді. Оқушылардың әнді белсене шырқауларына жағдай жасалуы керек. Шеңберге тұрып, әнді би қимылдарымен жалғастыруға болады.

Әннен соң оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Әнді жақсы салатын оқушылар белсенділік танытады. Сабақ тақырыбын жақсы


білетін оқушылар бұл тапсырманы емес, қосым- ша тапсырманы орындауға болады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Музыка» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру.Ә. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер әлемі» әні басылған таспаны қойып тыңдату.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын дамытуға және ақпарат алуларына негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар оқу- лықта берілген ертегінің анықтамасын өздері оқи- ды. Мұғалім оқушыларға ертегі туралы қосымша ақпарат береді.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың мәтін желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыра алу дағдысын жетілдіруге және мәтінді түсініп оқуына негізделеді.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім әңгімені


 


 

өзі оқып береді. (мәтін http://erketai.kz/ сайтынан алынды) Оқушылар өткен сабақта оқытылған мәтіннің жалғасы екенін түсінеді. Оқу техника- ларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. «Сөздерді оқу» стратегиясы оқушы- ларға жаңа сөздерді түсініп, оларды есте сақтауға, мәтіннің ішінен табуға, дұрыс айтуға көмектеседі.

«Бірігіп оқу» оқу стратегиясы арқылы төмендегі техникалардың бір немесе бірнешеуін қолдануы- на болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстар- ды бір-біріне байланыстырып, сөз құратады. Жаңа сөздің мағынасы анықталады. Содан соң балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қа- дағаланады. Оқып болған соң, оқушылар мәтін бойынша бірнеше сұрақ қояды. Сұрақтар топта талқылану үшін уақыт беріледі. Ол үшін мұғалім топтарға сигналдық үлестірме парақшаларын та- ратады. Мұғалім балаларға оқулықтағы сұрақтар- ды қояды. Сұрақ-жауап кезінде оқушылар сиг- налдық үлестірме парақшаларын көтереді. Қызыл

– жауап дайын емес; сары – әлі ойланып отыр; жа- сыл – жауап беруге дайын. Мәтінді талдап болған соң, рөлге бөліп оқытуға болады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді. Кейбір оқушыларға олардың қа- білеттері мен қажеттіліктеріне қарай сұрақ қой- ыңыз. Осылайша барлық оқушылар сұрақтарға жауап бере алады және өзгелердің толығырақ жауаптарын тыңдай алады.


Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың ақпаратты басқа формада түсіне алу дағ- дысын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманың орындалуы:оқушы ертегідегі оқиғаларды салыстырып, өзгерістерді анықтайды. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар бойынша су- рет салады.

Тапсырма оқушылардың ертегіні басқа фор- мада ұғына алуларына арналған, сондықтан оқушылар осы сұрақтар бойынша сурет салады. Суреттерді салу үшін қағазда екі бөлікке бөліп салу тапсырылады. Бір бөлігіне маймылдардың керікті мазақтаған кезін бейнелесе, екінші жағы- на ұялып, кешірім сұрап тұрған кездерін сала- ды. Бұл тапсырманы топта орындайды. Мұғалім жиі бір топтан екінші топқа барып, олардың жұмыстарын бақылауы керек. Жұмыста қабілеті төмен оқушылар отырған топқа баса назар ауда- рылады. Егер олардың жауаптары дұрыс болса, сол топтан бастаған дұрыс болады. Себебі ол топ мүшелерінің дұрыс жауаптары аз болса, басқа топтың оқушылары дұрыс жауаптарды беріп


 

қоюы мүмкін. Ал олар ұтымды жауаптар бере ал- маса, онда басқа топтардың берген жауаптары бойынша қай жерлерде қате жіберілгенін айту ұсынылады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезең- дерде барынша көп қолдау көрсету тиімді.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың жазылым дағдысын дамытуға көмекте- седі. Шығармашылық тапсырмаларды орындауға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:ертегідегі жануар- ларды өзгертіп, өзің ертегі құра деген тапсырма- ны оқушылар жеке орындайды. Бұл үшін мұғалім керіктің орнына пілді қойып өзгертуге болатынын түсіндіреді. Яғни пілдің ұзын мұрнын мазақ еткен жануарлар, пілдің ренжуі, ұзын мұрнының пайда- сы туралы ертегі үлгісін ұсынады. Оқушылар өздері кез келген аңды таңдап, ертегіні өзгертіп жазады. Барлық оқушылардың жазғандары тексеріледі және неге сол аңды таңдағанын айтады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзе- ту енгізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі»     пәнімен байланыс жүргізіледі.     Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел-

сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың жазылым дағдысын дамытуға көмекте- седі.

Тапсырманың орындалуы:оқылған ертегі бойынша кестені дәптерге толтырады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.011 с.)