Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Стилистика: зерттеу нысаны,стилистиканың негізгі ұғым категориялары
Содержание книги
- А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- Баяндауыш: тұлғалық, мағыналық, функциялық белгісі,; баяндауыш болатын сөз таптары.
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- деби тіл сипаты белгілері. Әдеби тілдің даму, қалыптасу кезеңдері туралы көзқарастар.
- Жақсыз сөйлем, жасалу жолдары.
- Когнетивтік тіл білімі.Зерттеу нысаны, мақсат міндеті, негізгі ұғымы.
- Көмекші морфема. Оған тән белгілер, қазақ тілінің қосымшалар жүйесі.
- Көркем әдебиет стилі және публицистиклық стиль, өзінідік белгілері, айырмашылықтары.
- Күрделенген сөйлем, күрделену жолдары.
- азақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі.
- азақ тілі еріндік дауыстылары, ерекшелігі емлесі. Лингвистикадағы ерін үндестігі мәселесі.
- азақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары.
- азақ тілін оқытудың ұстанымдары, сипаттамасы
- атысымдық әдіс, оның ерекшелігі
- Лексикология зерттеу нысаны, мақсаты, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері
- Меншік категориясы жасалу жолдары
- Оқшау сөз, түрлері. Қаратпа сөз, қолдану ерекш, тыныс белгілері
- Республикасының мемлекеттік тілі
- Сабақтас құрм.сөйлем, белгілері,жасалу жолдары,түрлері. Көпқұрамды сабақтас
- Салалас құрм.сөйлем.,байланысу тәсіліне, мағынасына қарай түрлері
- Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі.
- Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.
- Синтетикалық сөзжасам, оның қазақ тіліне тән ерекш.
- Сөз таптастыру принципі:атауыш,одағай,көмекші,модаль сөздер сипаты.
- Сөз тіркесі:белгілері,мағынасына,құрамына қарай түрлері
- Сөздердің байланысу тәсілдері,синтетикалық, аналитикалық ерекш.
- Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары
- Сөздің лексикалық мағынасы,негізгі типтері, типке бөлудегі көзқарастар
- Сөйлем мүшесі:оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
- Стилистика: зерттеу нысаны,стилистиканың негізгі ұғым категориялары
- Стильдік мағына, оның лексикалық мағынадан айырмашылығы
- Сыртқы лингвистика:салалары,сипаттамасы
- Тілдік жағдаят: сандық, сапалық, бағалық белгілері.
- Тұрақты тіркес:белгілері,оларды жіктеу туралы көзқарастар. Лакун фразеологизмдер. олардың ұлттық ерекшеліктері
- стеу морф-қ белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
Қай ғылымның болмасын негізгі мәселесі — оның зерттеу нысаны мен зерттеу пәні (предметі). Стилистиканың зерттеу нысаны — басқа да тіл ғылымы салаларындай, мәтін түрінде көрініс тапқан тіл болып табылады. Бірақ әр сала сол жалпы нысанның өзіне қажетті жағын алып қарайды. Мысалы, деңгейлік тұрғыдан лексикология өзіне қажеттісін, грамматика өзіне қажеттісін алып тексереді. Немесе белгілі бір қырынан, көзқарас тұрғысынан (мыс, тарихи грамматика, әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы) қарастырады.
Стилистиканың пәні әлі бір жақты шешімін таппаған күрделі мәселе деуге болады. Бұл ең алдымен оның зерттеу нысаны мен пәнінің күрделілігінен, одан тысқары зерттеу пәнінің аумақ-көлемінің кеңдігінен, анық еместігінен (оған, мысалы, әдебиеттану ғылымының мәселелері де кірігіп кетеді) келіп шығады.
Стиль - стилистика ғылымының ең басты категориясы. Тілшілер бұл ұғымды жалпы да кең мағынада — тілдік тұлға-бірліктердің, жалпы тілдік жүйенің тек хабар беріп қоймай, оны әсерлі түрде беретін сапаларымен байланысты алып қарайды. Сөйтіп, стиль сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына анағұрлым сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді. Бұндай жағдаяттар үнемі қайталанып, ал қатынас саласы типтеніп
отыратындықтан, стиль сол салалар мен жағдаяттарға тән анағұрлым типтенген тілдік құралдар мен сөйлеу сипаттарын да көрсетеді, ал бұл өз кезегінде қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Сонымен, стиль сөздің (тілдің) қарым-қатынастың міндеттерінен туындайтын және ол міндетті табысты орындау үшін жұмылдырылған сипатты белгісі екен.
|