Сөздің лексикалық мағынасы,негізгі типтері, типке бөлудегі көзқарастар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сөздің лексикалық мағынасы,негізгі типтері, типке бөлудегі көзқарастар

Поиск

Сөздің жеке тұрғандағы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін лексикалық мағына дейміз.

Сөз мағынасы – ұғымның мазмұны, оның адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген белгісі, басқаша айтсақ, мағына дегеніміз– ұғымынң сөзде бейнеленуі.

Сөз мағынасын лингвистикада семантика деп те атайды, яғни сөздің семантикалық жағы дегенде сөздің мағыналық ерекшеліктері түсіндіріледі.

Семасологиялық зерттеулердің ең бірінші қарастыратын мәселесіСөз мағынасы.

Түбірлер– заттық мағына білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер– грамматикалық мағынаны құрайды.

Академик В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 түрін көрсетеді: атауыштық( номинативт)мағына– сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағына– тек тіркес құрамында айқындалады, синтаксистік шартты мағына– тек сөйлем ішінде айқындалады

Сөздің тура, ауыспалы мағынасы.Сөз мағынасын ауыстырудың жолдары Сөз мағыналарын ауыстырудың заңдары. Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы - оның тура мағынасы болып есептеледі. Серіктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады.дегенде арыстан сөзі –жыртқыш , қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.

Ал «Арыстан еді –ау Исатай бұл пәнидің жүзінде» дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш жігердің , намыс пен өжеттіліктің батыр тұлғалы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып , келтіріледі, басқа мағынаға айналады.Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы(келтірімді) мағына дейді. Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемдее келсе де, бірақ мағынаны заводтты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағыынаны білдіреді: 1. адам басы 2. таудың басы. 3 сөздің басы. Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын Тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып ,өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді.

Қол адамның дене мүшесі. Бұл осы сөздің тура мағынасы. «Сен менің оң қолымсың» деген сөйлемде оң қолымсың деген көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр.

Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген ұғымды қолы жеңіл ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Олар «қол» сөзінің ауыспалы мағыналары.

берді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)