азақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі.

Поиск

Қазақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі.

Қазақ лексикасындағы түркі тілдеріне ортақ сөздер, мағыналық топтары

Қазақ тілі - Қ.Р мемлекеттік тілі.Мемлекетттік тіл мәртебісі, әлеуметтік каммуникациядағы орны. Мемлекеттік Тіл мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. ҚР қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар:сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша,жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы

Қазақ тілі - Қ.Р мемлекеттік тілі.Мемлекетттік тілдің белгісі, мәртебесі.

Қазақ тілі дамуының тарихи кезең дәуірлері Баскаковтың жіктемесі.

Қазақ тілі диалектілерінің (Сөйленістерінің) таралу көлеміне қарай жіктеу, қазақ тілі жергілікті ерекшеліктерінің саны туралы көзқарастар. Қазақтың халық тілімен ұлт тіліндегі жергілікті диалектілермен сөйленістердің сипаты еш уақытта бірыңғай болған емес. Мәселен, диалектілер мен сөйленістердің шын мәнінде жергілікті сипатта дамыған уақыты қазақтың халық тілі қалыптасқан кезге сай келеді. Сол себепті Н.Т.Сауранбаев осы күнгі қазақ тіліндегі сөйленістердің пайда болу кезін XV-XVIII ғасырлар аралығына жатқызады. Ал ұлттық тілде, керісінше, жазба әдеби тілдің күшеюіне байланысты диалектілік ерекшеліктер азайып отырады. Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер негізінен халық тілі кезінен сақталған қалдық ретінде танылады. Бірақ ұлт тілі құрамындағы диалектілер мен сөйленістерде дамудың кейбір элементтері жоқ емес. Мысалы, Кеңес үкіметі жылдарындағы қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтарға байланысты бір сыпыра неологизмдер әдеби тілде де, сөйленістерде де қатар туып отырғаны байқалады. Әдеби тілдегі нұсқау сөзі кейбір сөйленістерде көрсетпе, демалыс-жатыскүн, тікелей басшылық-аяқтай басшылық, қабырға газеті-жар газеті,дуал газеті, шара қолдану-шара көру, мәжіліс-шақырыспа, тексеру(ревизия)-бұрлау, т.б. түрінде айтылған. Осылайша әдеби сөздердің жергілікті нұсқалар пайда болып отырған.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)