Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте (Қ.Жұбанов). ХХ ғ.лингвистикасы негізгі бағыттары.структурализм бағыты, ерекшелігі. Қазіргі заман тіл білімі жас граматистерге қарсы күресте қалыптасты. ХХ ғ-ң соңғы 10 жылы мен ХХ ғ-ң бас кезінен бастап батыс еуропа тіл білімінде жас граматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдәсә бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі.Әр елде, әр жереде жас грматизмге қарсы лингвитикалық мектептер пайда болы. Структуралық лингвистика. XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі - XX ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған объектің құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердін ара қатынасын, бір-бірімен байланысын, бір-біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады. Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылыс қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланысында қандай заңдылықтары бар? деген тәріздес сұрақтарға тұжырымды жауап болмады. Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт, Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф.де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. «Қазақ тілінің сөзжасамы» пәні, зерттеу нысаны, негізгі сөзжасам ұғымдар. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді. «Сөзжасам» пәні, зерттеу нысаны, сөзжасамдық ұғымдар Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасамның тәсілдері: Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі; Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы; Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы; Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті. Сөзжасамдық ұғымдар: • Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база — белглі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. • Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс — Қосымшалар. • Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение — сөз тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып табылады. • Сөзжасамдық мотивация орыс. словообразовательная мотивация, орыс. motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу • Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа — туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т. б. — бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкінсөзінен туып түрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі. • Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ — осы кунгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан көріктендіруі иілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр. Мэселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін, алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты уйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі уйы- түбірі емес,уйыт- туындысы, ал оның тудырушы негізі — уйы- түбірі. • Сөзжасамдық тип орыс. словообразовательный тип — белгілі бір сөз табына жататын сөздердің құрылымдық желісі. Әр тип өзінің жасалуына арқау болған сөздердің сөз табы жағынан бірынғай болуымен, негіз сөз бен туынды сөздің мағына жағынан бір-біріне қатыстылығымен және ұқсас форманттарының материалдық, сементикалық бірлігімен сипатталады. Сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Мысалы: қуаныш, өкініш, суйініш сөздері бір тип жасайды, тудырушы ненгіздері бірынғай етістіктер, туынды заттық мағыналары нақты қимыл-әрекетті білдіретін мағыналарға негізделген, тудырушьі қосымшалары бірыңғай дерексіз зат есім тудыратын -ыш, -ішжұрнақтары. • Созжасамдық тізбек орыс. словообразовательная цепочка — бір-бірімен жүйелі дәйектілік қарым-қатынаста болатын, бірінен-бірі туындап отыратын түбірлес сөздердің тізбегі. Бір түбірдің туа отырып, өз ішінде көп тармақты болып келеді. Мысалы: сез — сезік, сезікті, сезіктілік; сез — сезім, сезімді, сезімділік; сезім — сезімтал, сезімталдық; сезім — сезімшіл, сезімшілдік т. б. • Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация — түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы анықталады (көл — көлшік): Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негіз сөзден сөз тудырушы қосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, Сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады. А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан». 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді. «Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр. Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді. А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Айқындауыш және оның түрлері. Оңашаланған айқындауыш, қызметіне қарай ерекшелігі.Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді.Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзінің соңынан келіп, оны ерекшелеп көрсетеді. Мысалы, Үйде, Абайдың қасында, бұл ауылдың адамдарынан бөтен түсті үш кісі отыр (М.Әуезов).Қосалқы және қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзімен мағыналық және интонациялық бір бүтін құрап тұрады. Қосалқы айқындауыштар айқындайтын сөзін әлеуметтік, туыстық, кәсіптік, жас мөлшерлік т.б. белгілері жағынан ерекше атап көрсетсе (Әсет ағай, Айжан қыз, Наурызбай батыр т.б.), қосарлы айқындауыштар айқындайтын сөзінің ерекше белгісін қосарлап айтып, онымен мәндес қатар құрап тұрады (батыр-ұшқыш, әйел-ана, қызметші-малай).Айқындауыш — анықтауыштын ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.[1]Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-үіиқыш. Жазуда арасына дефис белгісі қойылады.Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді. Аналитикалық тәсілдің сөзжасамдық ерекшелігі. Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар). Бағалау және оның ұстанымдары. Бағалаудың қағидалары, барысы, және құн туралы айтпас бұрын , бағалау деген не екенінне тоқтай кетейік.«бағалау» (appraise) етістігі контекстке байланысты бірнеше мағына береді.Ол бағаны анықтауды, құнды орнатуды, санын бағалауды, сапасын анықтауды немесе бір нәрснің құндылығын білдіруі мүмкін.Біз өз мақсатымызға барлық жоғарда айтылған мағыналарды қолданамыз.Машина мен құрал-жабдықтар бағалаушылары қолдантын бағалау процесі барлық мағыналарды қамтиды.Бағалаушы бағаланатын обьектінің құндылығын анықтап қана қоймай , құндылықты анықтау үшін сандық және сапалықь қасиеттерін анықтайды.«Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін , бағалау қорытындысын , не месе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін.Бағалау— бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым .Бағалаушы–белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман.Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:Бағалау мақсаты–құн туралы қорытынды жасау,Бағалаушының мақсаты–мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.Бағалаушы риясыз, тәуелсіз және заңға ғана бағынатынын тағы да атап өтейік.Бұл бағалау қызметінің тағы бір жағымды жағы. Бақылау диктанты жүргізу ерекшеліктері. Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай дəрежеде меңгергенін жəне сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау. Бақылау диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын тапсырмалар беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп, үйге өз беттерінше даярлануға үйге тапсырмалар береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланылып, оқушы біліміндегі ақаулар түзетіледі. Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне əсерін тигізеді. Бақылау диктантына арналған мəтін мүмкіндігінше мағыналық тұтастықта болғаны дұрыс. Диктант мына жүйеде жүргізіледі. Мұғалім балаларды үзіліс кезінде жазылып қойылған диктант тақырыбымен таныстырады. Диктант мəтінін дауыстап бір рет оқып береді. Жазуда қандай ережелерді басшылыққа алу керектігі қысқаша ескертіледі. Əрбір сөйлемді мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Бірінші оқыған кезде оқушылар жеке сөздерді сөз тіркестерін немесе сөйлемді көңіл тыңдап, олардың мағынасын ұғып, жадында сақату керектігі ескертіледі. Екінші рет оқыған кезде балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы сөйлемнің сөзді қайырымнан (абзац) басталатыны түсіндіріледі. Үшінші рет қайталағанда, олар жазған сөйлемнің дұрыстығын тексеріп, тыныс белгілерін қоюы тиіс. Мұғалім балалардың тегіс жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы аяқтасымен, келесі сөйлемді оқуға кіріседі. Дəл осы сөйлемде кездесетін жазылуы қиын сөздерді немесе ережесі өтілмеген сөздерді тақтаға жазып, оның жазылуына зер салуларын ескертеді. Тақтаға жазылған сөздер көп болса, бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты бір сөздің орнына екіншісін шатастырып көшіруі мүмкін. Сондықтан сөйлемді оқушылар жазып бітісімен, тақтадағы сөздер өшіріліп тасталғаны дұрыс. Балалар жазған диктант мəтінін бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімге ілесе отырып жазғандарын тексеріп шығады. Қателерді түзетеді. Диктант мəтіндегі сөздері анық, бір қалыпты естілуі үшін мұғалім сыныпты аралап жүрмей, бір орында тұрып оқығаны дұрыс. Диктантты тексеріп, бағалау 2-3 күннен аспауы тиіс. Өйткені оқушылар өз жұмыстарыың нəтижесін асыға күтеді. Əдетте бақылау жұмысында екі сағат бөлінеді. Бірінші сағатта диктант жазылса, екіншісінде қатемен жұмыс жүргізіледі. Қатемен жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысында жиі кездесіп жүрген қателердің түрі негізінен мына төмендегідей болып келеді. 1. Əріптердің емлесін білмеуден (ы-і, ү-і, у-ю, і-у, ы-у, ы-у-ю, і-ю, п-б, н-ң, қ-ғ, м-н, т.б.); 2. Бас əріптің емлесін білмеуден (əсіресе жалқы есім мен жалпы есімді көп шатастырады); 3. Шылаулар мен септік жалғауларын ажырата алмаудан; 4. Сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастырудан (барма, бардың ба); 5. Қос сөздің, біріккен өздің, қысқарған сөздің емлесін білмеуден; 6. Күрделі сын есім. Күрделі етістіктердің жазылу емлесін білмеуден; 7. Шылаудың қызметін жəне емлесін білиеуден; 8. Сөздерді дұрыс буынға бөлуді білмегендіктен, тасымалдай алмаудан; 9. Үндестік заңын білмеуден; 10. Қосарлы дауссыздардың бір сыңарын тастап жазудан; 11. Бастауыш пен баяндауштың арасына қойылатын сызықшадан; 12. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін білмеуден, 13. Диалогты сөздерді жаза білмеуден; 14. Қаратпа, қыстырма, одағайлардың тыныс белгілерінен. Міне, жоғарыдағы қателіктер оқушылардың жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Осы орын алып отырған олқылықтарды жою үшін көптеген жұмыс түрін жүргізуге тура келеді. Бақылау жұмысы түрлері, жүргізу жолдары. Біліктер мен дағдыларды бақылау белгілі жалпы пдегогикалық талаптарға бағынады: 1) әр оқушыны тексерудің бірізділігі және үлгерім жыл бойы бақылау. Бақылаудың бірізділігі оқушыларда тілмен жүйелі жұмыс жасау қажеттігін тәрбиелеу үшін маңызды. Бұл мұғалімге бақылау объектісін таңдауға кездейсоқты жоюға мүмкіндік береді, бақылаудың болуын қамтамасыз етеді; 2) тексерудің жанжақтылығы әр оқушының сөйлеу әрекетінің барлық трлеоінің игеру дрежесін бақылауды болжайды. Жан-жақт ы бақылау сыныптың барлық оқушыларының тексеру кезінде ғана мүмкін. Оның барысында мұғалім үлгерімнің еебін жүргізеді (көп жағдайда жеке дәптерде); 3) бақылау өткізудегі саралау әдісі оқушылардың берілген категориясы немесе жеке оқушы үшін материалды игеру немесе меңгерудегі қиыншылықтарды есепке алуда, бақылаудың объектісі не барабар әдістемелер мен формаларды таңдауда көрініс алады; 4) бақылаудың объективл\тілігі оқушыларға белгілі бағаның критерийлердіқатаң ұстануы., оқушы туралы пікірдегі субъективтизмді минимумға дейін жеткізуін болжайды. Мұғалімніңқаталдығы әр оқушыға ықыласпен қараумен, оның өз күшіне сенімін нығайтумен қатар жүру керек; 5) бағаның тәрбиелік әсерін сақтау. Оқушылардың білім, білік және оқу әрекетінің мотивициялық және қызығушылық факторларына сер етудің қралы, өйткені ол оның табыстарының өрнегі, белгілі сыныптың бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін білім, білік және дағдылардың дәрежесінің өрнегі оюлып табылады. Бастауыш.Белглері, бастауыш болатын сөз таптары.Грамматикалық, логикалық бастауыш. Бастауыш. Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және баска сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі, нешіншісі? қайсы? қандайы? т. б.) жауап береді. Бастауыш баяндауышпен жақ арқылы, кейде жекеше-көпше (1—2 жақта) түрде де қиыса байланысады. Тіл ойлаумен тығыз байланыста, өзара қарым-қатынаста болады дегенде, әдетте, тілдік құбылыстар мен логикалық құбылыстардың, соның ішінде, әсіресе, форма мен ұғымның, сөйлем мен байымдаудығ бір-бірімен байланысын, өзара қатысы ескерілетінін теріске шығаруға болмайды Ал тіл білімінжегі логикалық бағыттың өкілдері осы байланысты асыра бағалап, тілдегі құбылыстар мен тіл біліміндегі ұғымдарға логика ғылымы тұрғысынан анықтама беріп келді. Мұндай анықтамалар бастауыш мүшеге де байланысты берілгенін жоғарыда айттық. Бастауш тек ойдың немесе қимылдың иесі тұрғысынан сипаттау логикалық грамматикаға тән. Синтаксистік (грамматикалық) және логикалық бастауыштар қолданылу орны, мазмұны, тұлғасы жағынан бір емес. Грамматикалық бастауыш атау септігі тұлғасында тұрып, сөйлемдегі ойдың негізгі субъектісі болса, логикалық бастауыш ілік не басқа септік тұлғасында тұрады, оның субъектілік қызметі синтаксистік бастауышпен салыстырғанда бәсеңдеу.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.013 с.) |