Баяндауыш: тұлғалық, мағыналық, функциялық белгісі,; баяндауыш болатын сөз таптары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Баяндауыш: тұлғалық, мағыналық, функциялық белгісі,; баяндауыш болатын сөз таптары.

Поиск

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Баяндауыш болатын сөз таптары

Етістіктер мына тұлғаларда айтылып, баяндауыш болады:

ашық райдағы етістіктер

Мысалы: Мен бір аса маңызды жұмыспен келіп отырмын.

бұйрық және қалау райларындағы етістіктер

Мысалы: Ғылым таппай мақтанба. Кел балалар оқылық. Ол сағат жетіге шейін қайтса игі еді.

тұйық етістіктің атау түрі мен жатыс жалғаулы түрі

Мысалы: Дұрыс жазуға үйренудің бір жолы — кітапты көп оқу.

есімшелер

Мысалы: Аяңшыл ат арымас

Есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім) және есімдіктер ешқандай жалғаусыз да, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары және жатыс септік жалғауы қосылып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Ердің сыншысы — елі

Мезгіл және мекен үстеулері (ілгері, кейін, жоғары, төмен, ертең, кеш, былтыр, күндіз т. б.) атау тұлғада, кейбіреулері жатыс септікте тұрып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Киноға баруға уақыт тым кеш[1]

Дара және күрделі баяндауыш

Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш.

Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды.

Күрделі баяндауыштар келесі жолдармен жасалады:

Күрделі етістіктен

Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тізбегінен жасалады

Ілік септіктегі есім сөздер мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады

Күрделі сан есімнен болады

Есім сөздер мен мөлшер, өлшемнің бірлігін білдіретін сөздердің тіркесінен болады

Жоқ, бар, тиіс, жөн, керек, қажет сияқты сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп те, күрделі баяндауыш жасайды

Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалардан) да жасалады.

Билингвизм құбылысы сипаты. Интерференция және диглоссия түсінігі. Билингвизм[1] — қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы. Әсіресе екі тілді қатар пайдаланатын өнер қайраткерлерінің шығармашылығына ерекше назар аударатын ғылыми бағыт. Әуезов те сондай тұлғалардың санатына жатады. Ол «Абай»[2] трагедиясын орыс және қазақ тілінде бір мезгілде жазды. «Қасеннің құбылыстары», «Қынаптан қылыш», «Бекет», «Райхан», «Қалқаман-Мамыр» т. б. шығармаларын өзі орыс тіліне аударды. Әдеби мақалалары мен зерттеулерін, публицистикалық очерктерін екі тілде бірдей жазды. Қостілді жазушыларды құрмет тұтқан: «Бауыржан Момышұлының қазақ тілін өте жақсы білсе де, орыс тілінде одан да тамаша жазады» деп баға берген. Әуезовтің өзі түркі тектес тілдердің барлығында да еркін сөйлейтін болған. Бұл оның әдебиет пен мәдениеттік даму жолы мен өзара байланысын терең біліп, бағалауына ықпал жасаған.[3]Жасанды билингвизм - егде жаста екінші тілді бір тілдік ортада немесе екі тілдік ортада ұйрену мәтижесінде қос тілді бірдей жетік меңгеру.[4] Интерференция – шетел тілін үйрену үдерісіндегі ана тілінің кедергісі. Какофония (ағ.т. cacophony) – дыбыстың, сөздің, тілдің құлаққа жағымсыз естілуі. Дихотомиялық (= бинарлық) принцип – қостілділік принципі.ана тілінің ерекшеліктерін есепке алу, яғни құбылыстарға сүйену, ана және оқылатын тілдерде ұқсастықтары бар, сонымен қатар басқа тілдегі ана құбылыстарды жаттығуларда қосымша жаттығу, ана тілінде жоқ немесе ана тіліне лайықты құбылыстарынан маңызды айырмашылығы бар және тіл аралық интерференцияның себебі болу мүмкін;Интерференция (лат. inter - аралык, өзара,лат. ferio - тиісемін)[1] — костілділік (көптілділік) жағдайында тілдердін бір-біріне әсер етуі- интерференция екі тілді игерген адамның сөзінде шетгтілдік акцент түрінде пайда болады. Ол тұрақты немесе ауыспалы болуы мүмкін. Интерференция тілдін барлық денгейіне де қатысты, дегенмен фонетикада өте айкын байқалады. Интерференция құбылысы іске асу тәсілі жағынан фонологиядағы диахрониялык өзгерістерге жакын. Бұрынырақта орын алған Интерференция тіл жүйесінде субстрат, суперстраттүрінде сақталуы мүмкін.[2]

Буын үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігінің ерекшелігі.Еріндік дауыстылардың емлесі.Буын үндестігі деп сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуін айтамыз. жуан және жіңішке дауыстылар басқа тілден енген сөздерде, біріккен және қос сөздерде араласып келеді.буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:көмектес септік жалғауы: баламен, қалақпен. нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар: даланікі, әкетай, діндар, ағеке, өсімтал, кемтар. бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес. ов, ова, ев, ева, ин, ина: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазин. Дауыстылар еріннің қатысына қарай Еріндік және Езулік болып бөлінеді. Еріндік(лобиал) дауыстылар:о,ө,ұ.ү,у Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дөңгеленіп, сүйірленеді.

Буын үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігінің орны. Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.)