Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады. 1. Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.) 2. -нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі) 3. -жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.) 4. -хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.) 5. -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.) 6. -ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. 7. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.) [1]
Грамматикалық мағына білдіру тәсілдері. Аффиксация, ішкі флексия, редупликация, суплетивизм. Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарғатән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялардәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.[1]Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.[2] Дебат сабағы оны ұйымдастыру жолдары. Жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену негіздерініңМұғалімнің ғылыми – педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру мақсатында Л.С.Выготскийдің, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің «Дамыта оқыту», Ж.Қараевтың «Үш өлшемді», М.Жанпейісованың «Модульдік», Н.Оразахынованың « Сатылай кешенді талдау» технологиясын, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының оқушы белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен сабақтарында пайдалануда.Бұл технологияларды сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда тиімді қолданып жүрген мұғалімдеріміз бірталай.Мақсаты: Жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгеошілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.Міндеттері: білім берудің мазмұнын жаңарту мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу ғылымға мән беру · оқытудың озық технологиясын меңгеру · оқушының жеке қасиеттерін аша білу · білімді тереңдетуге жағдай туғызу · оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөлу · дамыта, сатылай кешенді, деңгейлеп, модульдік оқытуға қол жеткізу · шығармашылық тұлға қалыптастыруПедагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде оқушы : · өз ойын ашық айтады · тұлға ретінде қалыптасады · өзін-өзі бағалай біледі · өз ісіне жауапкершілікпен қарайды · ортақ шешімге келеді · еңбекке араласады · бірін-бірі сыйлайды, санасады Технология – шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Жаңа технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары. Оқыту технологиясы білім берудің тииімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде сипатталады. Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады/бекітуші топ және даттаушы топ. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік, оның көріністері.Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне бірі акустика артикуляциялық жақтан бейімделіп , үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей:1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады.2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан басталады.5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса , қосымша тек қатаңнан басталады. Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады.Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады.Дыбыс үндестігі деп сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін бірі өзіне ұқсата әсер етуі.Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.Ілгерінді ықпал дегеніміз көрші тұрған дыбыстардың алғашқысы кейінгісін өзіне ұқсата әсер етуі. Мыс:Кейінді ықпал дегеніміз сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуіү Мыс: жап – жабады, теп – теуіп, кітап – кітабы.Тоғыспалы ықпал дегеніміз қатар тұрған екі дыбыстың бір бірне әсер етуі. Мыс: Досжан – Дошшан,тасжарған – тасшшарған. - - Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдары төмендегідей:Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымшалар да ұяңнан басталады. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаңнан басталады. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін. Тілдің сөйлеу нормасына тән фонетикалық құбылыс. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз. Сөз екпіні дегеніміз екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін ең соңғы буынға түседі.Ой екпіні сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін. Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.Тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін сол сөздің қалыпты орны басқа орынға ауыстырып қолданылады. Тіркес екпіні дегеніміз тілімізде бңрнеше сөздің тіркесіп барып, бір ғана екпінге ие болуы. Мысалы: тәлім–тәрбие, ата–ана, оқу үшін, қырық шақты. Дыбыс екпіні бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі. Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: тама–ша–а, бә–әркелді, жара–а–сың. Реніш, кею, қынжылу сезімдерін дауыссыз дыбысқа түскен екпін білдіреді: т–тарт қолыңды, тыныш отыр–ррр, ж–жап есікті. Еліктеу сөз: Лексика семантикалық, морфологиялық,синтаксистік белгілері, түрлері, жасалу жолдары. Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыстарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына байланысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардыңқұлап түсуі, т.б еліктеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атауларын, сол сөздердің жиыны.Еліктеу сөз табы ретінде тілде кейін таныла бастады. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында болып келген. Осы еліктеу сөздер біресе үстеудің, біресе одағай ішінде қарастырылып келген. оларды алғаш сөз табы ретінде қарастырған А.Ысқақов болатын. Сөз табы ретінде танылуы 1. олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы; 2. оларды түрлендіретін мофологиялық көрсеткіштің жоқтығы және оларды басқа сөз табынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Еліктеу сөз мағыналық түрлері:Еліктеуіш сөздер – өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы құбылыстар мен заттар және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі – көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары.Еліктеу сөздің морфологиялық сипаты жағынан олар екіге бөлінеді: Жалаң және күрделі. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалады. мысалы: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің жұрнақтары негізгі еліктеу сөздерден (Балпаң, елпең, бұралаң, томпаң, сылаң шұбалаң, қорбаң т.б.) Күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір еліктеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалды. мысалы: куж-куж,шыр-шыр, жалт-жұлт т.б. Еліктеу сөздердің синтаксистік сипаты: еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызмеетін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Көбінесе еліктеу сөз анықтауыш сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. сөйлем ішінде сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап алу керек. кейбір сөйлемдерде бастауыштың, пысықтауыш қызметін атқара береді. Етістік: лексика семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі. Морфологиялық сипаты:Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері:Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды, болымсыз, сал сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. сөйлемде әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Жұрнақтары: ған, ген, қан, кен (бұрынғы өткен шақ), ар, ер, р, с (болжалды келер шақ), атын, етін, йтын, йтін (дағдылы өткен шақ), ушы, уші, мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек (мақсат мәнді келер шақ). Көсемше тұлғалық, мағыналық жағынан тиянақсыз болғандықтан, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етеді. а, е, й (жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді), ып, іп, п (бұрынғы өткен шақ). Тұйық етістік етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі. Тұйық етістік түбір және туынды етістікке у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Етістіктің таза грамматикалық категориялары:1) Рай категориясы: Сөйлеушінің қимыл, іс әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады. Ашық рай қимыл, іс әрекет үш шақтың бірін білдіретін рай түрі.Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (үшінші жаққа) қаратылып, бұйыра айтылатын, өзіне (бірінші жаққа) байланысты қимылға, іс әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі. Шартты рай қимыл әрекеттің болу болмау, орыналу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика грамматикалық категориялар тұлғаларына са, се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. ғой, еді, екен, етті, ма, ме, игі еді, (айт)са керек.Қалау рай сөйлеушінің қимыл, іс әрекетті орындауға я орындамауға ықыласын, қалауын, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Негізгі етістікке ғы, гі, қы, кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып жіктеледі де, жақтық, көптік, жекешелік мән үстеліп, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Шақ категориясы: Өткен шақ.қимылдың, іс әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп біткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Жедел өткен шақ ды, ді, ты, ті жұрн.жалғ. арқ.жасалады.Бұрынғы өткен шақ ған, ген, қан, кен (екен) тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады, етістікке көсемшенің ып, іп, п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.Ауыспалы өткен шақ. есімшенің атын, етін, йтын, йтін жұрн. арқ. жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасын білдіреді. Келер шақ. қимыл, іс әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Болжалды келер шақ есімшенің ар, ер,р, болымсыз етістіктен кейін с жұрн.жалғ.арқ. жасалады. Мақсатты келер шақ мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек жұрн. үстіне шы, ші жұрн. жалғанып, жіктелуі арқ. жасалады.Ауыспалы келер шақ а, е, й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқ.жасалады. Осы шақ. сөйлеп тұрған сітпен байланысты қимылдың, іс әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.Нақ сы шақтың күрделі түрі а,е,й, ып, іп, п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктердің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.Ауыспалы осы шақ а, е й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқ. жасалады.Жақ категориясы: Етістіктің рай категориясы, Қалау рай жасалу жолы, қызметі. Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады. Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай 4 түрге бөлінеді. Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді. Жасалу жолдары: –ғы,-гі, -қы,-кі Менің бар-ғы-м келді. Айт-қы-м келді. Шартты рай тұлғасына (-са,-се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Алсам игі еді. -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мен бар-ғай-мын. Сен бар-ғай-сың. Ол бар-ғай Қалау рай сөйлеушінің қимыл, іс әрекетті орындауға я орындамауға ықыласын, қалауын, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Негізгі етістікке ғы, гі, қы, кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып жіктеледі де, жақтық, көптік, жекешелік мән үстеліп, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады Етістіктің рай категориясы, түрлері, Бұйрық рай жасалу қызметі. Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың , іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы , орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық катеориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сыя бермейді. Негізінен алғанда рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.Бұйрық рай – сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады. Ал 3- жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалп отырады. І- жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап І-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жоқ емес. Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін қатегория аталады. Етістіктің 4 түрі бар: ашық рай, бұйрық, қалау рай, шартты рай.Бұйрық рай (императив) деп қимылды жасау я жасамауды басқадан талап ететін, қимылға қозғау салатын рай аталады. Қимылдың жасалу я жасалмауын талап ету, қозғау салу қызметі сөйлеушіге ғана қатысты. Бұрық райдың жіктік жалғаулары: І. Жақ: -айын, -йын, -йін;ІІ жақ: сыпайы: -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз.ІІІ жақ. –сын, -сін. Бұйрық райдың мағыналық құрамы: Бұйрық мағынаға: бұйрық, команд, жарлық, тапсырма сияқты мағыналық реңктер жатады. Талап ету Өтіну Тілек. Етістіктің рай категориясы.Райдың түрлері.Шартты рай жасалу жолдары қызметі.Шартты рай қимыл әрекеттің болу болмау, орыналу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика грамматикалық категориялар тұлғаларына са, се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. ғой, еді, екен, етті, ма, ме, игі еді, (айт)са керек. Етістіктің шақ категориясы,шақтың түрлері.Келер шақ түрі жасалуы Келер шақ. қимыл, іс әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Болжалды келер шақ есімшенің ар, ер,р, болымсыз етістіктен кейін с жұрн.жалғ.арқ. жасалады.Мақсатты келер шақ мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек жұрн. үстіне шы, ші жұрн. жалғанып, жіктелуі арқ. жасалады. Ауыспалы келер шақ а, е, й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқ.жасалады. Етістіктің шақ категориясы,шақтың түрлері.Осы шақ түрі жасалуы. Осы шақ. сөйлеп тұрған сітпен байланысты қимылдың, іс әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.Нақ сы шақтың күрделі түрі а,е,й, ып, іп, п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктердің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.Ауыспалы осы шақ а, е й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Әдеби тіл оған тән белгілер. Ұлттық әдеби тілдің тармақтары. 1Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиетнегізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.011 с.) |