Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары
Содержание книги
- А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- Баяндауыш: тұлғалық, мағыналық, функциялық белгісі,; баяндауыш болатын сөз таптары.
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- деби тіл сипаты белгілері. Әдеби тілдің даму, қалыптасу кезеңдері туралы көзқарастар.
- Жақсыз сөйлем, жасалу жолдары.
- Когнетивтік тіл білімі.Зерттеу нысаны, мақсат міндеті, негізгі ұғымы.
- Көмекші морфема. Оған тән белгілер, қазақ тілінің қосымшалар жүйесі.
- Көркем әдебиет стилі және публицистиклық стиль, өзінідік белгілері, айырмашылықтары.
- Күрделенген сөйлем, күрделену жолдары.
- азақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі.
- азақ тілі еріндік дауыстылары, ерекшелігі емлесі. Лингвистикадағы ерін үндестігі мәселесі.
- азақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары.
- азақ тілін оқытудың ұстанымдары, сипаттамасы
- атысымдық әдіс, оның ерекшелігі
- Лексикология зерттеу нысаны, мақсаты, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері
- Меншік категориясы жасалу жолдары
- Оқшау сөз, түрлері. Қаратпа сөз, қолдану ерекш, тыныс белгілері
- Республикасының мемлекеттік тілі
- Сабақтас құрм.сөйлем, белгілері,жасалу жолдары,түрлері. Көпқұрамды сабақтас
- Салалас құрм.сөйлем.,байланысу тәсіліне, мағынасына қарай түрлері
- Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі.
- Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.
- Синтетикалық сөзжасам, оның қазақ тіліне тән ерекш.
- Сөз таптастыру принципі:атауыш,одағай,көмекші,модаль сөздер сипаты.
- Сөз тіркесі:белгілері,мағынасына,құрамына қарай түрлері
- Сөздердің байланысу тәсілдері,синтетикалық, аналитикалық ерекш.
- Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары
- Сөздің лексикалық мағынасы,негізгі типтері, типке бөлудегі көзқарастар
- Сөйлем мүшесі:оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
- Стилистика: зерттеу нысаны,стилистиканың негізгі ұғым категориялары
- Стильдік мағына, оның лексикалық мағынадан айырмашылығы
- Сыртқы лингвистика:салалары,сипаттамасы
- Тілдік жағдаят: сандық, сапалық, бағалық белгілері.
- Тұрақты тіркес:белгілері,оларды жіктеу туралы көзқарастар. Лакун фразеологизмдер. олардың ұлттық ерекшеліктері
- стеу морф-қ белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.
Сөздік қор[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөдік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сһздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.
|