Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі.

Поиск

Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі.

Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын категория екендігі. Сөз арысындағы қарым-қатынастың түрлілігіне қарай септік катгеориясының мағнасының түрлі болатынын. Септік категориясының мағынасының септік жалғаулары арқылы берілетіні. Қазақ тіліндегі жеті септік бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше сұрақтары болатыны. Сөздердің септелуінің екі түрі: жай септеу, тәуелді септеу. Жай септеудің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары.

Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі, ол туралы ғылымдағы пікірлер. Ілік септіктің тұлғасы. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі қызметі. Табыссептіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз) қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар. Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік қызметі. Жеті септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Шығыс септік тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.

Синоним жасалу жолдары. Сөз варианттары, синоним мәселесі

Синоним деп ұғымы бір біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа басқа сөздерді айтамыз.

Синонимнің жасалу жолдары:

1. лексикалық фразеологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер:

• Сөз мағынасының даму барысында жасалған синонимдер: епті, тура, берік, қарапайым деген сөздер көп мағыналы бола келіп, әр мағыналарында әр түрлі синонимдік қатар құрайды: епті –икемді, байімді; епті– пысық, ширақ, еті тірі; тура– тік, түзк, тіке; тура– дұрыс, жөн; берік –қатты, күшті; берік–мықты, сөзінде тұрғыш; қарапайым–жай, қатардағы; қарапайым –жұпыны, тұрпайы.

• Табу және эвфемизмдер арқылы жасалған синонимдер: жасыл – жай, найзағай; жолбарыс– қара құлақ, шері; аяғы ауыр –жүкті, екі қабат; дүние салды– өлді, қайтыс болды.

• қарапайым сөздер арқылы пайда болған синонимдер: өтірікші– суайт; кішкене – құттақандай, титтей, титімдей.

• кірме сөздер арқылы пайда болған синонимдер: батыр (бәһәдүр) –батыл, ер; шәкірт (шагирд) – оқушы, ақиқат (хәқиқат) – шындық.

• фразеологиялық тіркестер арқылы жасалған синонимдер: ауыз бастырық – пара, ұзын құлақ – сыбыс, өсек, қоян жүрек – қорқақ, қырғи қабақ – өш, араз.

2. Морфологиялық тәсілдер арқылы жасалған синонимдер:

Қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер сын есім синонимдердің дамуына ең өнімді жол ы болып есептеледі. Сын есім синонимдер бірде синонимдес жұрнақтардың әр түрлі түбірлерге қосылу нәтижесінде жасалса, кейде бір аффикстің әр түрлі түбірлерге жалғануы арасында пайда болады.

• синонимдес аффикстер арқылы жасалған синонимдер: шақ, шек, қақ, кек, ғыш, гіш, қыр, кір, шыл, шіл, шаң, шең.

Бұлардың ішінде шақ, шек пен ғыш, гіш (тырысқақ, тырысқыш) аффикстері мағыналары жағынан өзара синонимдес болып келсе, қыш, кіш пен қыр, кір (білгіш, білгір), ғыш, гіш пен шаң, шең, шақ, шек (ашуланғыш, ашушаң, ашуланшақ) жұрнақтары да білдіретін мағыналары тарапынан синонимдес болып табылады.

• бірыңғай аффикстер арқылы арқылы жасалған синонимдер.

Бірде өзара мәндес түбірлерге жалғанып, бірде мағыналары алшақ түбірлерге қосылып, сын есім синонимдерді туғызатын біркелкі аффикстердің қатарына жататындар: ды, ді, ты, ті, лы, лі, сыз, сіз, шыл, шіл, лас, лес, паз, қой, ғой.Мысалы; қадірлі–құрметті–ардақты–қымбатты; екпінді–қарқынды; болжағыш–байқағыш–сезгіш.

3. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер.

4. Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған сын есімдерге сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы нәтижесінде пайда болған күрделң сөздер жатады.

• Біріккен сөздер арқылы пайда болған синонимдер: ашқарақ–қомағай–мешкей–тойымпаз; көнетоз–ескі–көне–баяғы; көкбақа–арық; қысылтаяң–қысылшаң–ауыр деген синонимдік қатардағы ашқарақ, көнетоз, көкбақа, қысылтаяң деген күрделі сөздер мағыналық жағынан жеке дербес сөздердің мағынасымен сәйкес келіп, олармен синонимдік қарым қатынаста жұмсалады.

• Қос сөздер арқылы жасалған синонимдер. Қосарлану тәсілі арқылы жасалған сын есімдер негізгі түбірлердің қайталанып келуі (биік-биік) арқылы да, туынды түбірлердің қосарланып келуі нәтижесінде де (сырлас-мұңдас, күйлі-қуатты) жасалады.

Сөз варианттары деп сөздің лексикалық бірлігінде өзгешелігі жоқ, бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздерді атаймыз. Мысалы: ұқсау–ұсау, гөрі–көрі, түңлік–түндік, азар–әзер, қазір–кәзір,сайтан–шайтан, мысық–мышық. Бл сияқты сөздердің түрленуінен оның мағынасы өзгермейді. Сондықтан да бұлар – әр басқа сөздер емес, әр түрлі варианттағы сөздер.

Сөздің әр алуан варианттары – тұлғаларында айырмашылық бар, бірақ мағыналары тепе теңдікті білдіргендіктен, сырттай синонимдерге ұқсас, омонимдерге қарама қарсы құбылыс. Синонимдік қатардағы сөздердің мағыналарында аз да болса реңктік, не стильдік, не эмоционалдық ерекшеліктері болады. Ал сөз варианттарында мұндай ерекшеліктер болмайды. Сөз варианттарының өзінше белгілері болады.

Сөз варианттарының өзіндік белгілері:

1. Сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы керек.

2. лексика семантикалық ұқсастық сақталуы қажет.

3. дыбыстық өзгешелігі лексика семантикалық өзгеріс тудырмауға тиіс.

Осындай белгілерге қарамастан түрлі контекстте қолданыла беретіндіктен, кейде сөздің варианттарын синонимдерден ажырату қиынға соғып жатады. Себебі вариант тұлғалардың кейбірі жүре келе мағыналық жағынан саралануымен немесе стильдік реңкке ие болумен байланысты. Вариант тұлғалары тұрақты емес, өйткені олар үздіксіз өзгеріске түсіп отырады. Немесе сыңарының ескіріп, қолданудан біртіндеп шығып қалуы мүмкін.

Сөздің фонетикалық варианттарының мағыналық саралану арқылы мүлдем бөлек ұғымды білдіреді. Мысалы: айғай–айқай (айхай–айһай/ойхой–ойһой).

Варианттардың көпшілігі не грамматикалық, не бірыңғай фонетикалық варианты болу үшін мынадай өзіндік ерекшеліктер болуы тиіс:

1. Сөздің вариант қатарларының тұлғалық айырмашылығы олардың мағыналық бірлігін, тепе теңдігін бұзбауы;

2. Вариант сөздердің сыңары екеу болып, түбірі бірсөздер болуы тиіс.

3. Сөз варианттары тікелей аффикстер арқылы түрленбей, бір түбірдің не бір қосымшаның фонетикалық өзгеріске түсуінен түзілуі тиіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)