азақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары.

Поиск

Қазақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары.

Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстары түрлері тиімділері

 

Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу оның түрлері

Қазақ тілі сабағындағы грам-қ ойындар

Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс, оның оқушы белсенділігін қалыптастырудағы ролі

Қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар

Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстың түрлері, жүргізудің әдіс тәсілдері

Қазақ тілін оқытудағы тіл дамыту жұмыстары, ондағы мәтіннің маңызы

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары

Қазақ тілін оқытудың әдіс тәсілдері Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беру оқыту әдістерінсіз жүзеге аспайды. Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыру жолында мұғалімнің жүргізген жұмысы оқыту әдістеріне тікелей байланысты. Оқыту әдісі дегеніміз не? Педагогика теориясында бұған мынадай анықтама берілген: “…Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі” десе, ал педагогакалық энциклопедияда "Оқыту әдістері" – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, – деп көрсетеді. Әдіс дегеніміз – дүниені, қоршаған өмірді, құбылысты танудың жолдарын белгілейді. Оқытудың, білім берудің мәні – үйренушіні, білім алушыны дүниені танудың түрлі жолдарымен, амал-тәсілдерімен, әдістерімен қаруландыруда болып табылады. Оқу үдерісі осы мақсатқа қызмет етіп, бұл үдерісте үйренушінің өзінің ішкі күш-жігері мен қуатын оған тірек етіп, оны негізгі әрекет етуші тұлғаға айналдыруы тиіс.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты."Оқыту әдісі" және "әдістемелік тәсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.Қазақ тілін оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы “зерттеу” деген мағынаны берген. Бертін келе алғашқы мағынасы кеңейіп, “белгілі бір пәнді оқытудың әдісі” дегенді білдіреді Қазақ тілін зерттеуші әдіскер-ғалымдар оқыту әдістерін төмендегідей саралайды: ағартушы-ғалым А.Байтұрсынов: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе ... Әдіс деген қатып- семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті болу: шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдістің жақсы –жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай, ...»,–дейді [122]. Әрине, оқыту барысында ұтымды әдісті дұрыс таңдай білу, орнымен жұмсау- оқытудың табысты, мазмұнының мәнді болуының басты шарты. Оқыту әдістері – оқытушы мен студенттің оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің тәсілі.Ал жалқылау, жалпылау әдістері кейбір әдебиеттерде индукция, дедукция деп қолданылады. Бұл әдіс туралы А.Байтұрсынов: «Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтау....Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісі болып бірігеді» [122, 364].Ғалым Ж.Аймауытов: «...Жеке дидактика яки методика дидактиканың жалпы ережелерін жеке пәндерді оқытқанда қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баян етеді... Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып) бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге, бірге кемелденуге тиісті. Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес. Сабақ беру – үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, әйтпесе осы жолдан тайма деп оқытушыға міндет есебінде еш нәрсе ұсынбайды. Ол тек сыннан өткен ұтымды жолдарды ғана нұсқайды», −дейді [119]. Ғалымның бұл пікірі күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ, керісінше әдістеме ғылымында жетекші рөл атқаруда. Оқыту барысында қандай бір жаңашыл әдісті қолданбайық оның түбінде, бастауында жоғарыдағы тағы да басқа әдіскер - зерттеушілердің пікірі жатыр.Әлімжанов, Маманов, Әбілқаев Бұл жөнінде тілші-ғалым С.Қазыбаев: «Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік, дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың өзара бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі»,–деп көрсетеді [121]. Х.Арғынов синтаксистен оқушыларға білім беруде мынадай оқыту әдістерін пайдалануды тиімді деп санайды:- байқау әдісі;- түсіндіру әдісі;- әңгіме әдіс.Ал Ә.Исабаев болса, қазақ тілінен білім беру әдістерін былайша топтайды:Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері (Қазақ тілін әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі).Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері (Әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі, кітапты пайдалану әдісі). Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету әдістері (дайын материалды талдау әдістері, фонетикалық талдау әдістері, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдің материалдық түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі, диктант жазу әдісі) [18,36] Кез-келген пәнді оқытуда қатысымдық әдістің алатын орны ерекше. Себебі пәнді оқыту оны теориялық тұрғыдан меңгерту ғана емес, студент алған білімін өмір қажеттілігін өтейтін мемелекеттік мәртебе алған қоғамдық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуі керек. Қазақ тіл біліміндегі тілдік қатынас (тілдік коммуникация) мәселесін теориялық тұрғыдан және әдістемелік жақтан жан-жақты қарастырған ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдіске байланысты мынадай тұжырым жасайды: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі»,– дейді.З.Бейсембаева мына әдістерді көрсетеді: табиғи әдіс, сұрақ-жауап, сурет әдісі, сөйлем мен сөзді толықтыру, мәтінмен жұмыс әдіс.Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталадыОқыту үдерісінде мына төмендегідей әдістер кеңінен қолданылады: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, көрнекілік, жаттығу әдістеріОқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту үдерісінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:''Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек''.Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты да әрекет жасайды.Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну үдерісінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, сұрақ-жауап, ауызша-жазба жұмыстар қатар қолданылуы қажет.Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгі-лерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады.Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.Сұрақ-жауап– мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Сондықтан сұрақ-жауап оқытудың аса күрделі әдісі болып есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін (т. б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.Сұрақ- жауап жүргізу барысында баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімі-мен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баян-дауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушының шеберлігі дәрістің тиімділігін арттырудың кепілі.Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі - оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады.Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптары-мен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамы-тады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселе-лерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күші мен ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандан-дырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.Дегенмен де, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.Бұған демонстрация, иллюстрация жәнебақылаутәсілдеріжатады.Демонстрация (көрсету) оқушылардықұбылыстар, процестержәнезаттардыңнысанасыментабиғижағдайдатаныстырубарысындақолданылады. Әдістіңбұлтүріоқылыпотырғанқұбылыстыңқозғалысынанықтау, заттыңішкіқұрылысыжәнесыртқыкөрінісіменнемесебірыңғайзаттардыңорналасужағдайыментаныстырудыкөздейді.Табиғинысананыкөрсетунегізіненсыртқыкөрінісіненбасталады (көлемі, түсі, формасы, өзарабайланысы т. б). Келесікезектеоныңішкіқұрылысынемесежекелегенқұрамыбөлініпкөрсетіледі. Заттыңүлгісіжәнекөркемтуындылароқушылартарапынанбіртұтастықжағдайындақабылданады.Демонстрациялаукөбінесеоқушылардыңпрактика-лықоқуәрекетіменұштасажүргізіледі. Приборлар мен нысандардыдемонстрациялаунәтижесініңтабыстыболуыбірнешежағдайғабайланыстыболады:-көрсетіліпотырғаннысанабарлықоқушыларғажақсыкөрінуітиіс;- оқуматериалынтүсіндірукезіндекөрсетужұмыс-тары жүргізіліп, соңынаннысанаалыныптасталуыкерек.Оны оқушыларғаалдыналакөрсетугеболмайды көрнекіқұралдардыбақылаубарысындаәрбіроқушымұғалімніңнұсқауыбойыншажұмысістеуітиіс;көрсетукезіндемұғалімніңауызшабаяндауыоқушылардыңбақылауындамытуғажәнекөркемсөйлеуінорнықтыруғаықпалетуітиіс; оқушылардыбақылаужұмыстарынәтижесінеқорытындыжасайбілугедағдыландыру т. Иллюстрация - демонстрация әдісіментығызбайланыстаболады. Бұләдістіиллюстративтіқұралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетудеқолданады.Иллюстрация әдісініңнәтижеліболуы, негізіненоныңқолданутәсілдерінмұғалімніңқаншалықтымеңгергенінебайланыстыболыпкеледі. Соныңнегізіндеоқушылар мен мұғалімгеоқуматериалынтабыстымеңгеругеайтарлықтайкөмекбереотыра, ғылымиұғымдардыжеңілмеңгеругесептігінтигізеді. Мектептәжірибесікөрсеткендейсабақтаиллюстрациялыматериалдарынкөптепқолдану, оқушылардыңназарыннақтылыоқуматериалынанауытқуынаәкепсоғады. Сондықтан, көрнекіқұралдардыпайдаланудыңдидактикалыққолданысынжәнетанымпроцесіндеолардыңрөліналдын-ала жақсылапойластырыпалуқажет. Бұғанқосымшамұғалімдеркөрнекіқұралдардыңтиімдікөлемін де анықтауықажет.Бұләдістердіңішіндееңбастырөлатқаратыны - бақылауәдісі.Олбарлықоқупәндеріноқытудакеңіненқолданылады.Бақылауәдісісабақтанақтызаттар мен көрнекіжәне техника құралдарынкөрсетукезінде, экскурсияда, лабораториялықжұмыстарда, еңбекоперацияларынорындаубарысындаерекшеорыналады. Бақылаумұғалімніңбасшылығыменсабақүстіндежәнесабақтантысуақыттамұғалімніңтапсырмасынабайланыстынемесеоқушылар-дыңөздерініңқалауыбойыншакеңіненіскеасырылады. Дұрысқолданғанбақылауәдісіоқушылардыңбайқағыштық, логикалықойлауқабілеттеріндамытады.Бақылауәдістерінқолданудыңтиімділігімынандайтәсілдердіқолданабілугебайланысты:

- байқаудыңмақсатынанықтау;

- қабылдайтыннәрселердіңмөлшерінбелгілеу, салыстыруарқылыолардыңкөптегенбелгілерініңішіненеңнегізгі, бастыларынажырату;

- олардытоптастырып, қортындылар мен тұжырымдаржасау.

Байқайтыннәрселердің, бейнелердіңерекшеліктерінебайланыстыбақылауәдісініңнегізгітүрлері:

демонстрациялықбақылау;экскурсиялықбақылау;лабораториялықбақылау;техникалықбақылау;оқушылардыңөздігінендербесбақылауы.

Бақылауәдісінқолданудамынадайталаптарқойылады:1. Мұғалімоқушылардыбелгілінәрсеніжан-жақтыбақылауға, оныңнеғұрлымкөпжәнеәртүрліқасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіст.б. сезіммүшелерінқатыстыруарқылызерттеугебағытберуініңмаңызызор. Бақылау теккөрут.б.сезіммүшелерініңжұмысыменғанаемес,оладамныңойлауәрекетіментығызбайланыстыболуыкерек.Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін
ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын,
байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үүшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды

Жаттығу әдісі оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.

Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т. б.Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі - ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі - оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі -көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.Келесі әдіс проблемалық оқыту әдісі. ……………………………Жалпы оқыту әдістері оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту үдерісінде оқушылар-дың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.

Бұл әдістерді шартты түрде дәстүрлі педагогика мен әдістеменің әдістері ретінде бөлгенмен, олардың дәстүрлі не жаңаша түрде қолданылуы оқытушының шеберлігіне байланысты дер едік.

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары Дебат Т. Авт.К.Поппер. оқушы\ң шығарм\қ белсенділігін, зерттеушілік, белсенділік қасиет. қалыптаптырады.2топ:бекітуші, даттаушы топ қатысады.әр топта 3-5 оқушы.белгілі бір уақыт беріледі.Бағыттарды анықтау үшін жеребе тасталады. Әр топқа 15минут бер. Тақырып күрделі болса алдын ала беріледі. Ойлау стилінің синтезатор, идеалист, прагматик, аналитик, реалсит 5түрін дамытады. Ұжымдық оқыту Т. Авт. Дьяченко.Басты шарты тапсырма алмасу.6-7адамнан тұратын топ. Әр топ мүшесіне жеке тапс.беріледі. бір бірімен алмасады. Сосын топтар арасында алмасады. бір оқушы барлық тапсырманы орындайды. Бақылауды қорытынды ретінде қабылдайды. Дамыта оқыту Т авт. Элконин. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру.Сабақ: 1.оқу мақсатының қойылуы;2.оны шешудің жолдарын бірлестіре қарастыру;3.табыл. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Материалды жалаң, жаттанды емес, бақылаулар жасап,зерттеу жүргізу арқ. меңгереді.қойылатын сұрақтар ойлауды пайымдауды қажет ететін проблемалы болуы тиіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.016 с.)