Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Сөз тіркесі:белгілері,мағынасына,құрамына қарай түрлері
Содержание книги
- А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- Баяндауыш: тұлғалық, мағыналық, функциялық белгісі,; баяндауыш болатын сөз таптары.
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- деби тіл сипаты белгілері. Әдеби тілдің даму, қалыптасу кезеңдері туралы көзқарастар.
- Жақсыз сөйлем, жасалу жолдары.
- Когнетивтік тіл білімі.Зерттеу нысаны, мақсат міндеті, негізгі ұғымы.
- Көмекші морфема. Оған тән белгілер, қазақ тілінің қосымшалар жүйесі.
- Көркем әдебиет стилі және публицистиклық стиль, өзінідік белгілері, айырмашылықтары.
- Күрделенген сөйлем, күрделену жолдары.
- азақ лексикасының тарихи әлеуметтік қабатттары, жалпы түркілік қабат мәселесі.
- азақ тілі еріндік дауыстылары, ерекшелігі емлесі. Лингвистикадағы ерін үндестігі мәселесі.
- азақ тілі лексикасының тарихи-әлеуметтік қабаттары, даму жолдары.
- азақ тілін оқытудың ұстанымдары, сипаттамасы
- атысымдық әдіс, оның ерекшелігі
- Лексикология зерттеу нысаны, мақсаты, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері
- Меншік категориясы жасалу жолдары
- Оқшау сөз, түрлері. Қаратпа сөз, қолдану ерекш, тыныс белгілері
- Республикасының мемлекеттік тілі
- Сабақтас құрм.сөйлем, белгілері,жасалу жолдары,түрлері. Көпқұрамды сабақтас
- Салалас құрм.сөйлем.,байланысу тәсіліне, мағынасына қарай түрлері
- Септік категориясы:категориялық белгісі, септіктерді грам-қ,көлем-к,құралдық септіктерге жіктеу мәселесі.
- Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.
- Синтетикалық сөзжасам, оның қазақ тіліне тән ерекш.
- Сөз таптастыру принципі:атауыш,одағай,көмекші,модаль сөздер сипаты.
- Сөз тіркесі:белгілері,мағынасына,құрамына қарай түрлері
- Сөздердің байланысу тәсілдері,синтетикалық, аналитикалық ерекш.
- Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары
- Сөздің лексикалық мағынасы,негізгі типтері, типке бөлудегі көзқарастар
- Сөйлем мүшесі:оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
- Стилистика: зерттеу нысаны,стилистиканың негізгі ұғым категориялары
- Стильдік мағына, оның лексикалық мағынадан айырмашылығы
- Сыртқы лингвистика:салалары,сипаттамасы
- Тілдік жағдаят: сандық, сапалық, бағалық белгілері.
- Тұрақты тіркес:белгілері,оларды жіктеу туралы көзқарастар. Лакун фразеологизмдер. олардың ұлттық ерекшеліктері
- стеу морф-қ белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
Сөз тіркесі бойынша талдау жасау:Жер шары – сан түрлі халықтардың мекені. Әр халық өз дәстүрімен өсіп-өніп, өз тілінде сөйлейді.
Сөз тіркесіне және сөйлемге тірек болатын — сөз. Негізінде, сөз дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Қарым-қатынас жасау үшін ойды басқа біреуге жеткізудің негізгі формасы — сөйлем болатын болса; сөз — сөйлем құраудың материалы, ой құраудың арқауы. Кез келген сөз бір-бірімен тіркесе алмайды. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті олардың ең басты мағыналық-грамматикалық ерекшелігінің бірінен саналады.
Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп танудың басты белгілері мыналар: 1. Сөз тіркесінің құрамында толық мағынасы бар кемінде екі сөз болады; 2. сөз тіркесінің құрамындағы сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.
Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен түрліше байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп.Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайрандасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып. Осылардын бәрі — сөйлемнің модельдері, ал сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары — сөз тіркестерінін аса қажетті бөлшектері — оларсыз сөз тіркестері құрылмайтын модельдер деп есептеледі. Басыңқы сынарлары сөз тіркестерінік мағыналық тіректері, діңгекті таянышы болғанмен, сөз тіркесін құрауда бағыныңқы сынарлардың синтаксистік қызметі ерекше деп танылады.
Сөздердің тіркесуі екі турлі болады: бірі — тұрақты сөз тіркесі, екіншісі — еркін сөз тіркесі. Идиомалық, фразалық тіркестер еркін сөз тіркесіне емес, тұрақты сөз тіркестеріне жатады.
Неше сөзден тұрса да, еркін сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Бір сыңардың қызметін жеке сөз атқаруы да (жаздың, жыл) бірнеше сөз атқаруы да (жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып, жыл құсымен енуі мүмкін.
Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі балып екі түрге бөлінеді.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме т. б.
Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.
|