Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.

Поиск

Синтаксис-ң зерттеу нысаны, салалары,зерттеу әдісіне қарай түрлері.Сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.

Синтаксистік қатынас: предикаттық,айқындауыштық,анықтауыштық,адвербиалдық

Синтаксистің зерттеу нысаны

Сөйлем – синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.

Сөйлем синтаксисі өз ішінде екі үлкен салаға, яғни жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны – жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері, жай сөйлемдердің топтастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің әр қилы мағыналық-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің қызметі мен жасалуы болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол арқылы күрделі ойды білдіруі болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді. Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара деңгейлерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты. Жай пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөйлемді құрайтын грамматикалық амалдарды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрле

рін жай сөйлем синтаксисі зерттейді.

Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемніңСинтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі.

• Синтаксистік байланыс орыс. синтаксическая связь — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалықжақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:

• Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.

• Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.

• Синтаксистік емес категориялар орыс. несинтаксические категории — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы,сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

• Синтаксистік категориялар орыс. синтаксические категории — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формағабағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

• Синтаксистік қатынастар орыс. синтаксические отношения — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.

• Синтаксистік құрылым орыс. синтаксическая структура — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.

• Синтаксистік мағына орыс. синтаксическое значение — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына,бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына,пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.

• Синтаксистік талдау орыс. синтаксический разбор — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.)