Көмекші морфема. Оған тән белгілер, қазақ тілінің қосымшалар жүйесі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Көмекші морфема. Оған тән белгілер, қазақ тілінің қосымшалар жүйесі.

Поиск

Көмекші сөздер түлері, ерекшелігі, қызметі. Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әртүрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз. Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер болып екі салаға бөлінеді.Көмекші сөздер көмекші есімдер және көмекші етістіктер, шылау болып 3 түрге бөлінеді. Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтыналдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. көмекші есімдер зат есімнен ілік септігі арқылы байланысады. зат есім ілік септігінде тұрып көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы: Қаланың сырты, жердің үсті. Көмекші етістіктер е, екен, еді, де, т.б. арқылы жасалады.

Көмекші сөздер түрлері, айырмашылығы. Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижемсінде лексикалық мағынасынан айырылып, гармматикалық қызметке көшкен. олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дебес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға грамматикалық мағына қосады. Грамммтикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздер құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мысалы, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астынақарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)