Жақсыз сөйлем, жасалу жолдары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жақсыз сөйлем, жасалу жолдары.

Поиск

Жаңа материалды түсіндіру кезеңіне қойылатын талаптар. Жаңа оқу материалын өту сабағы. Бұл сабақтың мақсаты жаңа материалды жан-жақты талдап, меңгертуге негізделеді. Ол үшін оқушылар мынандай дидактикалық міндеттерді шешуге тиіс: жаңа ұғымдарды білу; әрекет тәсілін іріктеу; өздігінен ізденіс әрекетін табу; құзыреттілікті жүйе ретінде қалыптастыру; Оқытудың бұл түрі мынадай жолдармен іске асады: дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, эвристикалық әңгіме, оқулықпен жұмыс, грамматикалық талдаулар және т.б. Онда мұғалім тілден белгілі бір жаңа тақырыпты оқушылардың өздерін нақты мысалдармен іздендіре отырып түсіндіреді де, олармен әңгімелесе отырып, оның әржақты ерекшеліктерін түсіндірмелі талдау жолдарымен меңгертеді және оны дәлелдеттіріп айтқыза отырып, әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Бұл сабақта мұғалім оқушының танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша түрлі мәтіндер беріп, оларды талдата отырып, оларды пікір-таласқа шақырып, өз ойларын айшықты да анық жеткізуге баса назар аударады. Мұның бәрі ойдағыдай жүзеге асу үшін мұғалім жаңа материалды ақпараттық технологиялар арқылы қызықты да көрнекі түрде өткізіп, оқушылардың сабаққа деген қабілеті мен белсенділігін арттырып, қызығушылығын тудыру арқылы шығармашылыққа баулуы тиіс. Сабақ барысындағы жүзеге асатын негізгі дидактикалық міндеттер білімді, қабілет пен дағдыны жетілдіруге қатысты мынадай мәселелерді тірек етіп алуы қажет: игерген білімді жүйелеу, жинақтау; бұрынғы білімдерін қайталау және бекіту; алған білімдерін тереңдету және кеңейту; қабілет пен икемділіктерін қалыптастыру; оқу материалдарының өтілуін бақылау; білік, дағды, қабілеттерін жетілдіру.

Жергілікті диалект және әлеуметтік диалект, өзіндік белгілері, әдеби тілге қатысы.Қазақтың халық тілімен ұлт тіліндегі жергілікті диалектілермен сөйленістердің сипаты еш уақытта бірыңғай болған емес. Мәселен, диалектілер мен сөйленістердің шын мәнінде жергілікті сипатта дамыған уақыты қазақтың халық тілі қалыптасқан кезге сай келеді. Сол себепті Н.Т.Сауранбаев осы күнгі қазақ тіліндегі сөйленістердің пайда болу кезін XV-XVIII ғасырлар аралығына жатқызады. Ал ұлттық тілде, керісінше, жазба әдеби тілдің күшеюіне байланысты диалектілік ерекшеліктер азайып отырады. Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер негізінен халық тілі кезінен сақталған қалдық ретінде танылады. Бірақ ұлт тілі құрамындағы диалектілер мен сөйленістерде дамудың кейбір элементтері жоқ емес. Мысалы, Кеңес үкіметі жылдарындағы қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтарға байланысты бір сыпыра неологизмдер әдеби тілде де, сөйленістерде де қатар туып отырғаны байқалады. Әдеби тілдегі нұсқау сөзі кейбір сөйленістерде көрсетпе, демалыс-жатыскүн, тікелей басшылық-аяқтай басшылық, қабырға газеті-жар газеті,дуал газеті, шара қолдану-шара көру, мәжіліс-шақырыспа, тексеру(ревизия)-бұрлау, т.б. түрінде айтылған. Осылайша әдеби сөздердің жергілікті нұсқалар пайда болып отырған.

Жіктік жалғау, сөз таптарының жіктелу жөйесі. Жіктік жалауының қызметі Жіктік жалғауы — қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жагынан қиыстырып түрады. Мысалы: Мен оқушымын. Сіз оқушысыз. Біз келеміз. Ол келеді.
Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.Қазақ тіліндегі сөздер төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі: бірінші — отыр, тұр, жур, жатыр етістіктері (мен тұрмын, сен тұрсың, сіз түрсыз, ол тұр) есімшелер (мен барғанмын, сен барғансың, сіз барғансыз, ол барған), зат есімдер (мен оқушымын, сен оқушмсың, сіз оқушысыз, ол оқушы), сын есімдер (мен аласамын, сен аласасың, сіз аласасыз, ол аласа), сан есімдер (мен ушіншімін, сен үшшшісің, сіз үшіншісіз, ол үшінші), есімдіктер (мен кіммін, сен кімсің, сіз кімсіз, ол кім), үстеу (мен біргемін, сен біргесің, сіз біргесіз, ол бірге); екінші — өткен шақ
1.a, -e, -й көсем-шелері (мен барамын, сен барасың, сіз барасыз, ол барады).
2.-п, -ып, -іп көсемшелер (мен барып-пын, сен барыпсың, сіз барыпсыз, ол барыпты); үшінші 1) айтты, өтті т.б.

Зат есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері. Зат есім – бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз. Зат есім -кім?-не?-кімдер?
-нелер? деген сұрақтарға, тәуелдік жалғауларының -кімің? -нең? -кімі? -несі? деген сұрақтарына және септік жалғауларының сұрақтарына жауап береді.
Кім? деген сұрақ тек адамға қатысты қойылады. Не? деген сұрақ басқа атаулардың барлығына қойылады.1. Нақтылы (деректі) зат есім– көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауы.
Мысалы: мектеп, әріп, қала, Азамат, үй, қоян т.б.
2.Жалпылық (дерексіз) зат есім– көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын заттар атауы. ( Абстрактные имена – отвлеченные понятия). Мысалы:намыс,әдет,егемендік, мінез т.б.
3. Жалпы зат есім– бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы.
(Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов).
Мысалы: кітап, қалам, қоян, есік, шаш, қол, доп т.б.
4. Жалқы зат есім –адамның аты-жөні, бірыңғай заттың дараланған жеке атауы. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге жатып, барлықсөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады.
Мысалы: Абай, Құлагер, Еңбек Ері, Оқу министрі, Ғылым академиясы т.б. Есте сақта. (Запомни).
Күрделі есім құрамындағы анықтауыш екінші сөз болып келсе, онда ол кіші әріппен жазылады.
5.Жанды зат есім – тек адамға байланысты атаулар.
(Одушевленные имена – к ним относятся существительные, обозначающие людей).
6.Жансыз зат есім – адамдар атауынан басқа барлық заттың атауы.
(Неодушевленные имена – все прочие названия предметов, кроме людей.
7. Заттық зат есім – заттық ұғымның атауы. (Вещественные имена – названия веществ).
Мысалы: көмір, сүт, үн, мұнай т.б.
8. Жинақтау зат есім – бірыңғай заттардың жалпы атауы.

Интербелсенді әдістер,сабақ үдерісінде қолдану. «Интерактив» деген сөз ағылшынның «inter- act» («inter»-«өзара», «act»-«әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Интербелсенділік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал, интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі.Интербелсендіәдіс арқылы оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Интербелсенді әдіс арқылы оқытудың формасы мұғалім мен оқушының алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Cондай мақсаттардың бірі – оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интербелсенді оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. Информатикада бұл ұғымды «пайдаланушының бағдарламамен диалогы, яғни мәтіндік командалармен (сауалдармен) және жауаптармен (шақырулармен) алмасуы ретінде немесе кез келген субъектілердің бір-бірімен өздеріне тиімді құралдар, әдістер арқылы полидиалогқа түсуі», – деген мағынада қолданылады[9,28б].Интербелсенді әдістер арқылы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың өздік әрекет жасауының дамуына, оқу материалын жеке тұлға қабілетін ескере отырып, меңгеруге байланысты жұмыс жасау іскерлігін дамытуға жәрдемдесу.Интербелсенді оқытуда тіл білімі салаларын немесе белгілі бір сөз табын меңгертуде оның өзіне тән құрылымы болады. Мысалы, есімдікті оқушыларға игертудегі басты мақсат: есімдік және оның мағыналық түрлерінің теориялық, практикалық жағынан білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру болса, оны интербелсенді әдістер арқылы меңгерту оқушыларға анағұрлым түсінікті әрі қызықты. Қазақ тілін интербелсенді әдіс арқылы оқытудың тиімділігін атап өтейік. А.К.Жанабилова интербелсенді әдістердің тиімділігін төмендегідей тұжырымдайды:ойындар оқушыларды инновациялық іс-әрекетке жетелейді, өзін-өзі тануына түрткі жасайды; жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады;

өзін-өзі басқара білуі, өз бетімен алдағы мақсатқа жетуіне көмектеседі; алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін дамытады;білімін тереңдетеді, толықтырады; сөздік қорлары байиды, әсіресе ауызекі тілдерін жетілдіреді Сөйлем мүшелерін оқытуда заманның дамуына байланысты интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, жұмыс нәтижесін білдіріп келеді. Қазіргі таңда оқушылар оқулықпен жұмыс жасағаннан гөрі, жаңа технологиямен меңгергенді жөн көреді. Солардың бірі – интерактивті тақта. Сөйлем мүшелерін слайд жасау арқылы оқушыларға меңгертуге болады. Сөйлем мүшелері – сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөз және сөз тізбегі. Сөйлем мүшелері сөйлем құрай алу қасиетіне қарай екіге бөлеміз: тұрлаулы және тұрлаусыз мүше. Тұрлаулы мүше: бастауыш пен баяндауыш.Тұрлаусыз мүше: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш...



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)