Республикасының мемлекеттік тілі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Республикасының мемлекеттік тілі

Поиск

Республикасының мемлекеттік тілі

Сабақ жоспары, құрылымы, маңызы

Сабақтың тақырыбы........

Сабақтың мақсаты.

А)Білімділік

Ә)Дамытушылық

Б)Тәрбиелік

Сабақтың түрі...

Сабақтың әдісі...

Сабақтың көрнекілігі...

Пәнаралық байланыс...

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы

3.Жаңа сабақ

Жаттығу орындау.

Қорытынды.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Сабақ жоспарының үлгісі:

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер және оның тіл мәдениетін арттырудағы өзіндік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Шешендік сөздер туралы түсінігін кеңейту, оның танымдық мазмұны мен мағынасын оқушылар санасына сіңіру.

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тығырықтан жол тауып, өз бетінше әрекет жасай білуге дағдыландыру.

3.Тіл мәдениетін, халық қазынасын сақтай білуге, анап тілін құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес іскерлік ойындар (интербелсенді әдістер).

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызба, интерактивтік тақта.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география т.б.

Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушыларды іскерлік ойын тәртібімен, барысымен таныстырады, әділ қазылар алқасын сайлайды. Әділқазылар алқасы үш адамнан кем болмауы керек.

Алдын-ала үйге берілген тақырыптар бойынша төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі.

1. Реферат жазу.

а) Шешендік өнер және оның оқушылар танымын кеңейтудегі маңызы.

ә) Шешендік өнер тіл мәдениетін жетілдірудің алғышарты.

2. Пікірталас. «Шешендік өнер мен пікірталас ойыны үйлесе ме?»

3. Жоба қорғау.

Тақырыбы: Үшінші мыңжылдықтағы шешендер.

4.Ой ұшқырлығы. «Егер мен .... (сот төрағасы, судья, адвокат т.б.)

5.Шығармашылық жұмыс (қойылым).

6.Әділқазылар қорытындысы.

Мұғалім сабаққа келген оқушыларды (сынып оқушыларынан басқа), мұғалімдерді, қонақтарды іскерлік ойынның ережелерімен таныстырады. Іскерлік ойынның жоспары слайдқа жазылып, көрсетіледі.

1. Рефератты қорғау. Рефератты жазу кезінде оқушы төмендегі талаптарды ескеруге тиіс:

А) Рефератты не мақсатпен жаздыңыз? Тақырыбының идеясы мен өзектілігі неде деп ойлайсыз?

ә) Осы мәселені зерттеудегі өзіндік жаңалығыңыз қандай?

Б) Жұмысты орындағанда пайдаланған деректер мен әдебиеттерде қарама-қарсы мәліметтер, пікірлер бар ма?

В) Өзіңіз орындаған жұмыстың болашақта маман иесі болғанда қандай пайдасы бар деп ойлайсыз? Жұмыстың құндылығы неде, кімдерге қажет?

Рефераттың тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады. Реферат оқылып, сұрақтарға жауап берілген соң, олардың алдын-ала сайланған оппоненттеріне сөз беріледі. Олар рефератпен кем дегенде бір апта бұрын танысып, бағалап, ұсыныстар беруі тиіс. Оппонент басқа сыныптан болуы керек. Бұл талдаудың әділ жасалуына ғана әсер етіп қоймайды, оқушыларды әділдікке тәрбиелейді. Оппонент рефераттың безендірілуіне, көлеміне, жоспарына, мазмұнының ашылуына, реферат иесінің өзіндік үлесіне, тақырып өзектілігіне, баяндау тіліне, пайдаланған әдебиетіне, сілтемелердің дұрыс берілуіне, тұжырымына, қорытындысына еркін баға береді, кеткен кемшіліктерін көрсетіп, болашақта мына мәселелер ескерілу керек деген өз ұсынысын білдіреді.

2. Пікірталас. «Шешендік өнер мен пікірталас ойыны үйлесе ме» атты тақырыпты пысықтау мақсатында топ екіге бөлініп, пікірталасады. Рефератта айтылған пікірлер мәні пікірталас кезінде тағы да ашыла кеңейіп, толыға түседі. Пікірталас кезінде төмендегідей сұрақтар қоюға болады.

– Шешендік өнер мен пікірталас ойынының айырмашылығы неде?

– Пікірталас ойынына сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Пікірталас ойынында уақытты шектеуге келісесіз бе?

3. Бұдан кейін екі топ өздері даярлаған «Үшінші мыңжылдықтың шешендері» жобасын қорғайды. Әр топ өздері дайындаған жобаның жетістіктерін айтып, оның маңызын ашады.

4. «Егер мен...» атты пікірталасқа екі топтан екі оқушы: біреуі – сот төрағасы, екіншісі – судья болып тақырып туралы өз қиялдары мен армандарын және оны жүзеге асыру жолдарын баяндайды, яғни бұрынғы өткен шешендер тәжірибесін пайдалана отырып, алдына келген істі қазіргі заман тұрғысына сай қалай шешетіндері туралы ой толғайды.

5. Шығармашылық жұмыста белгілі бір тақырыпқа сценарий құрып, қойылым көсетеді.

6. Әділқазылар сабақты қорытындылап, топқа, жеке-жеке оқушыларға балл арқылы баға қояды.

7. Үйге тапсырма.

Сабақтың құрылымы

сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:

1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).

2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.

4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).

5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады.

Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымы:

– Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

– Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру.

– Оларды сабаққа әзірлеу.

– Жаңа оқу материалын ендіру.

– Жаңа білімді пысықтау, бекіту.

– Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы

–Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

–Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

– Жаңа оқу материалын ендіру.

– Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

– Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.

Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.

Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы

– Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

– Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

– Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.

– Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.

– Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.

Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді. Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады. Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.

Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы

–Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

–Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

–Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі.

–Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.

– Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.

Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабора-ториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді.

Қайталау сабағының құрылымы

–Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

–Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

– Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

– Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

– Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі.

Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.

Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.

Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.

Аралас сабақтың құрылымы

–Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

–Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру,

оларды сабаққа әзірлеу.

– Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.

– Жаңа оқу материалын ендіру.

– Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

– Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

– Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы.

Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көптеп қолданылады.

Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р.Г.Лемберг өзінің ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді.

Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді:

Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.

Үйге тапсырма беру.

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы

– Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

– Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру, оларды сабаққа әзірлеу.

– Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

– Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

– Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау.

– Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың бұл түрінің көздейтін мақсаты - оқушы-лардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың білетіндері мен білмейтін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)