Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтас құрм.сөйлем, белгілері,жасалу жолдары,түрлері. Көпқұрамды сабақтасСодержание книги
Поиск на нашем сайте Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемніңбаяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.[1] Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді: 1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады. 2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) 3. Себеп бағыныңқылы сабақтас; • Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов) 1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін, 2. мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын, 3. қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді. 4. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев). Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады: 1. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас); 2. Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас). [2] Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсызболып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтасқұрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес,ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлембасыңқы сөйлем деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары төмендегідей:
1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы:Аудан орталығына қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.
2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.
3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеуболғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылыптұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп атабергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ертежиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.
4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынанекіден де көп болса, ондай сөйлемдер көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқан соң, көпшіліктің өтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар:
1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысуына қарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:
1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы көп бағыныңқысабақтас.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланысаалады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатыр; қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр.
Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарларыбасыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-бірімен байланысып барыпбасыңқымен байланысады. Мысалы: Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқысөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1)шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгілбағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше, -байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарынақайтсе, не етсе, қайткенде, не еткенде, қайтпейінше, не етпейінше, қайтпей, не етпей? деген сұрақтар қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Шартты рай -са, -се Қайтсе? Не етсе? 2 Көсемше Ма+й, ме+й; майынша/мейінше Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше? 3 Есімше -ған+да, -ген+де Қайткенде? Не еткенде?
2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-бірінеқарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да,(қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышытөмендегідей жолдармен жасалады:
1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы:Екеуінің мақсаты екі түрлі болса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.
2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаныболмаса, жаңбыр жауған жоқ.
3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен, жолды болжауға әбден болады.
4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.
5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңдібілдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.
6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Терімшілер күннің салқындығынелеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Шартты рай -са да, -се де Қайтсе де? Не етсе де? 2 Есімше -ған/ген+-ша/ше Қайткенше? Не еткенше? 3 Есімше -ған/ген,-қан/кен+-мен Қайткенмен? Не еткенмен? 4 Шартты райдың болымсыз түрі -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+са/се Қайткені (не еткені) болмаса? 5 Көсемше -а/е, -й + тұра Қайте тұра? Не ете тұра? 6 Есімше -ған+ы+на(-ген+і+не)+ қарамастан Қайткеніне (не еткеніне) қарамастан?
3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрімезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтасабайланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарықашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышытөмендегідей жолдармен байланысады:
1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғануарқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.
2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріптұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейінсептеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы:Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?),аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қыс басталысымен (қашан?), Ораз да аңға шығуға дайындалады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Есімше -ған/ген, -қан/кен+ -да/де, -та/те,-нда/нде Қашан? 2 Есімше -ған/ген, -қан/кен+ -ша/ше Қашан? 3 Есімше -ған/ген,-қан/кен+ соң, кейін, сайын, бері, шейін Қашан? 4 Есімше -ған/ген, -қан/кен+кезде, шақта, уақытта Қай кезде? Қашан? Қай уақытта? Қай шақта? 5 Көсемше -қалы/келі, -ғалы/гелі Қашан? 6 Етістік -са/се, -ысымен/ісімен Қашан?
4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылғанойдың себебін білдіреді. Мысалы: Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегіҚожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары төмендегідей жолдармен жасалады:
1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Есі шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді.
2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Халі ауыр болған соң, (неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.
3. Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы:Қалада қона қоятын ағайын-туған болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім.
4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Үйдегілерді оятып алмайын деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып өз бөлмесіне өтті.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына үтірқойылады.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Өткен шақ есімше -ған/ген, -қан/кен + -дықтан/діктен Неліктен? Не себепті? 2 Өткен шақ есімше және шылау -ған/ген, -қан/кен және соң шылауы Неге? Неліктен? 3 Болымсыз етістік және көсемше -ма/ме, ба/бе, па/пе+-й Неліктен? Не себепті? 4 Ашық райлы етістік және көмекші етістік ашық рай+деп Не деп? Неліктен? Не себепті?
5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанынбілдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп?деген сұрақтар қойылады.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы төмендегідей:
1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы:Домбыра шертіп отырған әнші әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы қызу әңгімелесіп отыр.
2. -ған/ген, -қан/кен өткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, күйі, қалпында сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді басынан кешірді.
3. Болжалды келер шақ есімшеге –тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ол жөн-жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жөнелді.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Көсемше -ып/іп, -п Қалай? Қайтіп? 2 Есімше -дай/дей болып, күйі, қалпында Қалай? 3 Есімше -ма/ме, ба/бе, па/пе+ -с+-тан/тен Қалай?
6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарытөмендегідей жолмен жасалады:
1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.
2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.
3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулікшылауының тіркесуі арқылы жасалады. Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.
4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?)атының аяғына киіз орап тастады.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарыныңбаяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы Баяндауышының тұлғалық белгісі Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар 1 Мақсатты келер шақ етістік -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек және болып Не мақсатпен? 2 Тұйық етістік -у және үшін Не үшін? 3 Болжалды келер шақ есімше -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+ -с және үшін Не үшін? Неге?? 4 Қалау және бұйрық рай -айын/ейін, -сын/сін және деп
Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріменсалаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларыныңорын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, тыныс белгісі Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерініңкестесі
ЖАЙ СӨЙЛЕМ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ 1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді. Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. 2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады. Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады. 3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады. Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады. 4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа жәнесабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқанқұрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштарытиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағынабайланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Түрлері Құрамы Белгісі Мысалдары Салалас құрмалас сөйлем Кемінде екі жай сөйлемнен құралады Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады. Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды. Сабақтас құрмалас сөйлем Кемінде екі жай сөйлемнен құралады. Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады. Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. Аралас құрмалас сөйлем Кемінде үш жай сөйлемнен құралады. Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады. Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.
2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де дегенқарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде дегенталғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарайсалалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2)себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5)түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.
1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған оймен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлассалалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрідеген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса,жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.
Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса,жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.
Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.
Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасынаүтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.
2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы:Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар:себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:
1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді жай сөйлем сол себепті жай сөйлем
1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.
Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасынаүтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.
Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасынақос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.
3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтірқойылады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрыпбайланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы:Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.
4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрітүсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасынақос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.
Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.
5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.
6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттіңкезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылауларарқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы:Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
№ Түрлері Жалғаулықтары Тыныс белгісі 1 Ыңғайлас салалас Және, да, де, та, те, әрі. Үтір 2 Қарсылықты салалас Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де. Үтір, үтір мен сызықша 3 Түсіндірмелі салалас Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады. Қос нүкте, сызықша
4 Себеп-салдар салалас Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б. Үтір, қос нүкте немесе сызықша
5 Талғаулы салалас Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я болмаса, Үтір
6 Кезектес салалас Кейде, бірде, біресе. Үтір
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.013 с.) |