Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)Содержание книги
Поиск на нашем сайте VБӨЛІМ Студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты студентті барлық ауруларда кездесетін типтік патологиялық процесстерді танып, оларды сипаттауға, мал өлексесін сойып зерттеп, оның қандай аурудан өлгенін ажыратуға, әрбір ауруға тән негізгі патологиялық морфологиялық өзгерістерді білуге және осы саладағы кұжаттарды жазуға үйрету. Мал ауруларын балауда (балау-диагноз) өлексені немесе ауру малды әдейі сойып зерттеудің ерекше мәні бар. Малды сойып зерттегенде мынандай қағидаларды сақтаған жөн: а) мал толықтай сойылып зерттелуге тиісті; б) негізгі мүшелерге жеке-жеке толық сипаттама беріліп олардағы сырқаттық өзгерістердің мән-мазмұны анықталуы керек. в) сойып зерттеу малдың қандай аурудан өлгені, не қандай ауруға малдың (әдейі сойған жағдайда) шалдыққаны туралы қорытындымен, яғни нозологиялық диагнозбен (nosos-aypy) аяқталуы керек; г) өлу себебі туралы қорытындыны шығаруда өлекседе табылған өзгерістерімен қатар аурудың клиникалық көрінісі, алдын-ала жиналған басқа деректер (анамнез), қосымша жүргізілген гистологиялы, бактериологиялық ж.б. зерттеулер нәтижелері ескеріледі. Өзіндік жұмыс кафедра тарапынан берілген тақырыпқа (белгілі бір типтік патологиялық процеске немесе ауруға) жазылады. Бұл типтік патологиялық процеске немесе ауруға тән деректерді тек оқулықтан ғана емес басқа ғылыми, медициналық жэне т.б. әдебиеттерден алады (типтік патологиялық процесті немесе ауруды талдау). Жүмыста таңдап алған такырып бойынша типтік патологиялық процеске немесе ауруға тән өзгерістердің суреттерін келтіру оның құндылыгын арттырады. Студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұскаудың негізгі міндеттері: - мал патологиясынан (жалпы және жеке патологиялық анатомиядан) алған білімді бекіту және одан ары тереңдету; - әдебиет көздерін іздеуге, пайдалануға және оларды библиографиялық рәсімдеуге дағдылану; - типтік патологиялық процестерді және ауруларды зерттеп, дұрыс сипаттауды үйрену; - патологиялық анатомиялық сойып зерттеу қүжаттарын дұрыс рәсімдеуді үйрену; - өзіндік жұмысты рәсімдеуден және көпшілік алдында қорғаудан дағды алу. ЕСКЕРТУЛЕР 1. Өзіндік жүмыс реферат, эссе, крассворд, ребус, іскерлік ойын, презентация, баяндама, интеллектуалды ойындар т.б. түрінде студенттердің қалауы бойынша жазылады; 2. Өзіндік жұмысты студент оқу әдістемелік нұсқауда берілген тақырыптар бойынша өз еркімен таңдау құқұғығына ие. 3. Студентке қойылатын негізгі талап: жалпы патологиялық анатомиядан типтік патологиялық процесті берілген нобай бойынша, ал жеке (арнайы) патологиялық анатомиядан өзіндік жұмыс қандай түрде орындалмасын, міндетгі түрде сойып зерттеу хаттамасы толтырылу қажет.
Өзіндік жұмысты орындауға қойылатын ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР: 1. Жұмыс стандартты қағазда, № 14 кегльмен, 15-20 бетке жазылуы қажет. 2. Word редакторында, А 4 форматында, сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10мм, жоғаргы және төменгі жағынан 20 мм болуы шарт. 3. Мәтін KZ Times New Roman шрифтінде терілуі қажет. 4. Өзіндік жұмыстың алғы беті әдістемелік нұсқауда көрсетілген нұсқа бойынша жазылуы қажет. 5. Жұмыста мүшелердегі өзгерістердің макроскопиялық және микроскопиялык көрінісінің түрлі-тусті суреттері, графиктер, диаграммалар және т.б. келтірілуі кажет. 6. Бір семестр аралығында студенттер 2 өзіндік жұмыс орындайды және олардың тақырптары кафедра ұсынған тақырыптар негізінде болады.
Өзіндік жұмыстың алғы бет үлгісі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Ветеринария факультеті Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
тақырыбына орындалған
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Орындаған: топ студенті Өткізген күні: Тексерген: Тексерген күні: Оқытушының қолы:
Алматы, 2010 Жануарлар патологиясынан (жеке патологиялық анатомиядан) өзіңдік жұмыс реферат, эссе, кроссворд, ребус, іскерлік ойын, презентация, баяңдама т.б. түрінде студенттің қалауы бойынша орындалады. Осы тұрғыда бұлардың әр қайсысына түсініктеме беруді ұйғардық. Реферат — белгілі бір мәселе бойынша ғылыми немесе арнайы әдебиет көздерінің қысқаша баяндалуы. Кейде әдебиет көздерін талдау. Бұл студентті арнайы әдебиетпен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді өңдеуге, қарастырылып отырған проблемалардың теориясы мен практикасын сынауға, материалды жазбаша түрде дұрыс баяндауға үйретеді. Рефератга бір немесе бірнеше әдебиет көздерінен алынған деректер тұжырымдалады. Рефераттың екі түрі болады: продуктивті және репродуктивті. Репродуктивті реферат алғашқы мәтіннің мазмұнын кайталайды. Продуктивті реферат әдебиет көзін шығармашылық тұрғыдан талқылайды немесе сынайды. Рефераттың кұрылымы мынандай болуы мүмкін: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім. 3, Тұжырым. Эссе - студенттің белгілі бір тақырып бойынша қысқаша талқылауы. Эссе ерекшелігі - ұстаз ұсынған белгілі бір мәселені жеке өз бетімен талқылап, тұжырымдау. Мұнда ұстазды студенттің осы мәселе жөніндегі пікірі қызықтырады. Кроссворд — анықтамасы бойынша сөздер мағынасын шешуден тізбектелетін ойын. Ребус - шешімін талап ететін сөздер сурет, әріп, басқа да белгілер түрінде берілетін жұмбақ. Ребусті шешу, ребус арқылы сөйлесу (яғни түсініксіз, жүмбақтап сөйлеу деген мағынаны білдіреді). Презентация — техникалық құралдарды қолдана отырып, белгілі бір тақырыптағы мәселені көпшілік алдында жариялау. Презентацияның ерекшелігі - оның интербелсендігінде. Ол әдетте бірыңғай стильде орындалған мәтіннен және оның көрнекі жабдықталуынан тұрады. Баяндама - студенттің белгілі бір тақырыпты талдап, айтып беруі. Іскерлік ойын - берілген ереже бойынша бір топ студенттердің белгілі мәселені шешу мақсатында имитация әдісін қолдану.
Ауруды талдау Ауруды талдау барысында мына сұрақтар қамтылуы керек: 1 Аурудың қысқаша анықтамасы. 2. Этиологиясы. 3. Патогенезі (дерттенуі). 4. Аурудың негізгі клиникалық-анатомиялық түрлерінің патологиялық-морфологиялық көрінісі. 5. Балау қою және басқа аурудан ажырату белгілері. 6. Қолданылған әдебиеттер тізімі. Типтік патологиялық процесті сипаттау немесе ауруды талдау барысында макроскопиялық өзгерістерді белгілі тәртіп бойынша келтіреді. Тұтас мүшені (бауырды, бүйрекгі, өкпені, көк бауырды, лимфалық түйіндерді) зерттеу және сипаттау: 1. Мүшенің көлемі (ұлғайғанда мүшенің жиектері доғалданады, тіліп көргенде оның паренхимасы сыртқа тебеді. Кішірейген мүшенің жиектері сүйірленеді, ал паренхимасы ішке кіреді). 2. Мүшенің пішіні (домаланады, шар пішіндес, алмұрт пішіндес, т.б.). 3. Консистенциясы - тығыздығы (қатты, жұмсақ, болбыр, қамыр тәрізді, резеңке тәрізді, қою қаймақ тәрізді, т.б.). 4. Түсі (күрең-қызыл, сұрғылт-қызыл, шие түстес, т.б.). 5. Тілік бетінің суреті (сақталған, біркелкіленген, жойылған, айқын керінеді). Мүшеде патологиялық ошақтар бар болса, олардың орналасу ерекшеліктері, саны, мөлшері, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, түсі, тілік бетінің суреті, айналасындағы ұлпасының реакциясы көрсетіледі. Қуысты мүшені (қарын, ішек, өңеш, куық, несеп жолы, кеңірдек, т.б.) зерттеп, сипаттау тәртібі мынандай: 1. Мүшенің мөлшері. 2. Сыртқы қабығының (сірлі қабык, адвентиция) жай-күйі. 3. Қабырғасының қалындығы. 4. Ішінде орналасқан заттың сипаты. 5. Ішкі қабығының (эндокард, интима, кілегейлі қабық) жай-күйі. Дене қуыстарын (құрсақ, көкірек, жүрек қабы қуыстары) зерттеп, жазу тәртібі: 1. Қуыстар ішіндегі мүшелердің орналасуы (әдетгегідей ме, әлде ауытқыған ба?). 2. Қуыс ішінде бөгде заттар бар ма? Сұйықтық болса, оның мөлшері, мөлдірлігі, түсі, иісі, құрамы. 3. Сірлі қабықтар (перитенеум, плевра, перикард, эпикард) ылғалдылығы, құрғақтығы, жылтырлығы, түсі, бұдыр-тегістігі, шөгінділер мен жабысқан жерлердің бар-жоқтығы. Мүшелер мен патологиялық ошақтардың мөлшерін белгілі бір цифрлармен көрсеткен жөн. Мүше «ұлғайған», «кішірейген» деген субъективті анықтамаларды мүмкіндігінше сирек қолдану керек. Мүшелердегі өзгерістер туралы жазбалар кімге болса да түсінікті болуға тиіс. Мысалы, «қарынның жіті қатарлы кабынуы» деп жазудың орнына «қарынның кілегейлі қабығы ісінген, қызарған, ақшыл-сұрғылт түсті, қою да жабысқақ кілегейлі затпен жабылған, көптеген қанталаулар бар деп жазған дұрыс». Мүшелердегі өзгерістерді белгілі бір көрсетеіштермен салыстыра жазу керек. Мысалы, мүшенің түсі қызғылт, күйдірілген кірпіштің түсіндей, қан түстес; жұмсақтығы (қаттылығы) қамыр, резеңке тәрізді, жұмсақ, босаң, қатты, серпімді; сұйықтығы суға, кілегейге ұқсаған, мөлдір, т.б. деп жазылады. Малдың өлу себебі туралы қорытындыда (нозологиялық балауда) малдың қандай аурудан өлгені жөнінде шешім айтылады. Қорытынды патологиялық анатомиялық балаулар негізінде, аурудың клиникалық белгілері, шаруашылықтағы індеттін жағдайы жөніндегі деректер және қосымша зертханалық зерттеулердің нәтижесі ескеріле отырып, тұжырымдалады. Малды тікелей немесе асқынулар арқылы өлімге ұшыратқан ауру негізгі ауру деп аталады. Негізгі ауру екеу болуы мүмкін. Мұндай қосақтасқан аурулар бәсекелес аурулар деп аталады. Жалғыз өзінен мал өле қоймайтын бірақ, екеуі бірігіп, малды өлтіретін аурулар тіркес аурулар деп аталады. Ауру асқынулары (асқыну бірнешеу болуы мүмкін) негізгі ауруға байланысіы пайда болатын, бірақ себептері басқа аурулар. Астар аурулар - өздігінен малды өлтіре алмайтын, бірақ негізгі аурудан бұрын дамып, оны өршітетін аурулар. Қосалқы аурулар негізгі аурудан бұрын немесе негізгі ауру барысында дамитын, бірақ себебі мен патогенезі жағынан негізгі ауруға, немесе оның асқынуларына тікелей байланысы жоқ аурулар (қатерлі ісіктер, кейбір гельминтоздар, т.б.). Патологиялық анатомиялық балауларды құрастыру мысалдары. Ауруға тән өзгерістер жеке жүйеде шоғырланған болса, алдымен осы жүйедегі өзгерістер көрсетіледі де, одан әрі бірізді даму зандылықтарына сәйкес басқа сырқаттық процесстер тізіледі. Мысалы, мал несепте тас байлану дертінен өлген болса, патологиялық анатомиялық балаулар былайша құрылады: бүйректе тас байлануы, бүйрек астаушасының фиброзы және семуі, бүйректің милы қабатында ұсақ кисталар бар, несепте құм бар, гематурия, құрсак қуысы аумағындағы тері асты шелінің сарысулы домбығуы. Күйісті мал паратуберкулезі кезінде алдымен ас қорыту мүшелеріндегі және шажырақай лимфалық түйіндердегі өзгерістер (созылмалы диффузды пролиферациялық энтерит, шажырқай лимфалық түйіндердің гиперплазиясы), сонан соң жалпы улану процестеріне және қоректік заттар алмасуының бұзылуына тән өзгерістер (бауырдың, бүйректің, жүректік, түйірлі дистрофиясы, кұрсақ, көкірек қуыстарында транссудаттың жиналуы, жүдеу, жалпы анемия). Сепсистік инфекциялық ауруларға патологиялық анатомиялық балаулар кұрастырғанда, алдымен жалпы сепсистік процестерге байланысты туындаған өзгерістер тізіледі, сонан соң жеке мүшелердегі өзгерістер келтіріледі. Мысалы, шошқа тілмесіне (сепсистік түрі) патологиялық анатомиялық балаулар былай жазылады: терідегі эритемалар (сарысулы дерматит), геморрагиялық диатез, сепсистік бауыр, сарысулы лимфаденит, бүйректің түйірлі дистрофиясы және жіті веналық гиперемиясы, сарысулы-геморрагиялық гломерулонефрит, жіті катарлы гастроэнтерит, өкпенің жіті веналық гиперемиясы және домбығуы. Сиыр тейлериоздан өлген жағдайда патологиялық анатомиялық балаулар былай құрастырылады: сарғаю, жалпы анемня, геморрагиялық диатез, сепсистік көк бауыр, жауырын алдындағы, тобық үстіндегі, желін үстіндегі, қарын, бүйрек, бауыр лимфалык туйіндердің сарысулы-геморрагиялық қабынуы, түйінді-эрозиялы-ойылымды абомазит және энтерит, бауырдың, бүйректің, миокардтың түйірлі дистрофиясы, жұмыршақ атониясы, жүдеу. Өлу себебі туралы қорытындыны дүрыс жазу үшін өлімнің аныктаушы және тікелей себептерін білу керек. Өлімнің анықтаушы себебі дегеніміз - өзі, немесе асқынуы малды өлімге душар еткен белгілі бір ауру. Малдың қандай аурудан (инфекция, инвазия, улану, т.б.) өлгеніне қарамастан, организмдегі тіршілік әрекетінің тоқтауының тікелей себебі асфиксиядан, жүректің немесе мидың салдануынан, не қансыраудан болады. Мысалы, лейкоздан өлген сиыр өлімінің тікелей себебі көк бауыры жыртылып, қансырауға байланысты туындаған асфиксия болу мүмкін. Өлім туралы қорытынды нозологиялық немесе танатологиялык принципте жазылады. Нозологиялык, қорытындыда малдың тек қандай аурудан өлгені ғана айтылады. Мысалы, шошқа сальмонеллезбен асқынған обадан өлді. Өлімнің себебі туралы танатологиялық қорытындыда негізгі аурумен қатар, өлімнің тікелей себебі көрсетіледі, яғни қорытынды кеңейтіліп жазылыл, өлу процесінің даму механизмі ашылады. Мысалы, сиыр жоңышқаны шектен тыс көп жеу салдарынан іші кеуіп, тұншығып өлген. Бұл жерде іш кебу (мес қарынның тимпаниясы) негізгі ауру, ал тұншығу (асфиксия) өлімнің тікелей себебі болып табылады. Өлексені сойып зерттеу барысында негізгі аурудың аскынғаны белгілі болса патологиялық анатомиялық балауда негізгі аурумен бірге осы асқыну сипатын көрсету керек. Мысалы, лейкозбен ауырып өлген сиырды сойып зерттеу. нәтижесінде мынандай патологиялық анатомиялық балаулар тізбектелуі мүмкін. 1. Спленомегалия. 2. Бел, жамбас лимфалық түйіндердің гиперплазиясы. 3. Көк бауыр қабығының жыртылып, оның астына және құрсақ қуысына қанның құйылуы. 4. Созылмалы ошақты фибринді плеврит. 5. Өкпенің жіті гиперемиясы және домбығуы. 6. Жүректің оң жақ қарыншасының кеңеюі. Көк бауырды, лимфалық түйіндерді, бауырды, бүйректі, журекті гистологиялық әдіспен зерттегенде лимфоидтық лейкозға тән өзгерістер анықталады. Қорытынды былай тұжырымдалады. Патологиялық анатомиялық сойып-зерттеу және гистологиялық зерттеулердің нәтижелері сиыр көк бауырының жыртылып, құрсақ қуысына қан кетумен асқынған лимфоидтық лейкоздан өлгенін көрсетті. Екі ауру қосақтаса өршісе, қордыда негізгі жэне қосалқы аурулар көрсетіледі. Мысалы, шошқа обасы және пастереллез. Мал инфекциялық не инвазиялық емес аурудан өлсе, патологиялық анатомиялық балзулар ретінде тізілген патологиялық процестің ең негізгісі өлімнің себебі деп қорытылады. Мысалы сиырды сойып зерттеу нәтижесінде патологиялық анатомиялық балаулар тізбегі төмендегідей болуы мүмкіи. 1. Жарақаттық диффузды фибринді-іріңді перикардит. 2. Жұмыршақтан перикардқа дейін созылған, ішінде бөгде заты (сымтемір) бар, дәнекер ұлпалы өзек. 3. Жалпы веналық гиперемия, күре тамырдың қанға шамадан тыс толуы. 4. Алқа, төс, аяқтар тұсындағы тері асты шелдің іркілмелі сарысулы домбығуы. 5. Жүдеу. Бұл жағдайда мал өлімінің себебі туралы қорытынды (нозологиялық балау) сиыр жарақаттық перикардиттен өлді деп жазылады. Кейбір жұқпайтын аурулар жөніндегі қорытындыда негізгі аурумен бірге осы аурудын туындау себептері көрсетіледі. Мысал: сиыр сепсиспен асқынған іріңді-ихорозды эндометриттен өлген: эндометрит малдын қиналып төлдеуіне байланысты дамыған. Сойып зерттеу нәтижелері күмәнсіз нозологиялық қорытынды айтуға мүмкіндік бермесе, өлімнің себебі туралы болжам айтылады да, қосымша (гистологиялық, бактериологиялық, т.б.) зерттеулер жүргізу үшін өлекседен патологиялық материал алынады. Сойып зерттеу барысында керек болған кезде өлекседен қан жағындысын алып, бактериоскопиялық зерттеулер жүргізіледі. Шаруашылықта мал арасындағы шығынның себебі болған ауру етек алған кезде, бірнеше өлексе сойылып зерттеледі.
Кімнің меншігінде, қандай мал өлексесі немесе арнайы өлтірілген мал түрінің патологиялық анатомиялык сойып-зерттеу
ХАТТАМАСЫ
Сойып зерттеуді (кім, қашан, кайда, кімнің қатысуымен жүргізді) 1. Анамнез 2. Сыртқы көрінісін зерттеу __________________________ (мал түлігі, жасы, жынысы, түсі, қоңдылығы, тұқымы) Дене бітімі_________________________________________ Жалпы конфигурациясы ____________________________ Өлекселік өзгерістер ________________________________ Денедегі табиғи тесіктер, көз, кұлақ___________________ Тері, түк, шел, шелдегі қантамырлар___________________ Сілекей бездер_____________________________________ Беткейлік лимфалық түйіндері________________________ Қаңқа еттері, сүйектер, буындар, сіңірлер_______________ Ішкі құрылысын зерттеу:_____________________________ Кұрсақ қуысы______________________________________ Көкірек қуысы _____________________________________ Мойын, ауыз, көкірек қуысындағы мүшелер:____________ Тіл _______________________________________________ Жұтқыншақ, өңеш__________________________________ Көмекей, кеңірдек__________________________________ Қалқанша, қалқанша маңы бездері, тимус ______________ Өкпе______________________________________________ Бронхтық және медиастеналдык лимфалық түйіндер_____ Жүрек_____________________________________________ Жүрек қабы________________________________________ Эпикард___________________________________________ Миокард___________________________________________ Эндокард__________________________________________ Қолқа және басқа ірі қан тамырлары___________________ Құрсақ, жамбас куыстарындағы мүшелер_______________ Көк бауыр_________________________________________ Қарын_____________________________________________ Аш ішек___________________________________________ Тоқ ішек___________________________________________ Шажырқай және шажырқай лимфалық туйіндері_________ Бауыр_____________________________________________ Бүйрек үсті безі_____________________________________ Бүйрек____________________________________________ Несеп жолы________________________________________ Қуық______________________________________________ Жатыр, аналық бездер, ұрық жолдары_________________ Ми сауыты. Қатты және жұмсақ ми қабықтары__________ Ми________________________________________________ Маңдай және жақ қуыстары__________________________ Жұлын____________________________________________ 4. Патологиялық анатомиялық балаулар 5. Қосымша зерттеулер нәтижесі 6. Өлімнің себебі туралы қорытынды
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Оқу бағдарламасынан көшірме
1-ші рейтинг сұрақтары
2-ші рейтинг сұрақтары
Аралық аттестация сұрақтары
I бөлім. Дәрістік кешен
II бөлім. Зертханалық жұмыстар
1. Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы (катарлы бронхопневмония, өкпе эмфиземасы)
2. Өкпе ауруларынын патологиялық морфологиясы (крупозды пневмония және ателектаз)
3. Бүйрек ауруларының патоморфологиясы
4. Жіті бактериялық аурулар патоморфологиясы: сальмонеллез, пастереллез, шошқа тілмесі, некробактериоз
5. Созылмалы бактериялық аурулар патоморфологиясы: сүтқоректілер мен кұс туберкулезі
6. Паратуберкулез, бруцеллез, маяқа патоморфологиясы
7. Нейротроптык вирустық аурулар патоморфологиясы: кұтырық. Ауески ауруы
8. Эпителиотроптық вирустық аурулар патоморфологиясы аусыл, шешек
9. Жылқының вирустық аурулары: инфекциялық энцефаломиелиті (ИЭМ), инфекциялық анемиясы (ИНАН)
10.Микоздар патоморфологиясы: актиномикоз, аспергиллез
III бөлім. Тәжірибелік сабақтар 1.Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының патоморфологиясы
2.Ас қорыту мүшелері ауруларының патоморфологиясы
3. Зат алмасу ауруларының патоморфологиясы
4. Листериоз бен лептоспироздың патоморфологиясы
5.Құстың инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: Ньюкасл ауруы, шешек-дифтерит, инфекциялық ларинготрахеит, тиф-пуллороз.
6.Иттің инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық гепатит
7. Микоплазмоздар патоморфологиясы: ірі қара малдын жұғымтал плевропневмониясы, құстардың респираторлы микоплазмозы
8. Полицеллюляротроптық вирустық аурулар патоморфологиясы: шошқа мен ІҚМ обасы
9. Протозооздар патоморфологиясы (пироплазмоз, тейлериоз, безноитиоз, эймериоз)
10. Гельминтоздар патоморфологиясы: фасциолез, эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз
IV бөлім Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
V бөлім Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Мазмұны
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.009 с.) |