Тақырыбы: "Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы" 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: "Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы"

Поиск

I БӨЛІМ

Дәрістер кешені

1 дәріс

Тақырыбы:"Жеке патологиялық анатомияға кіріспе. Мүшелер патологиясы. Жүрек қан-тамырлар ауруларының патологиялық морфологиясы"

Мақсаты мен міндеттері: эндокардиттің түрлерін, макро-, микрокөрінісін білу.

Дәріс жоспары:

1. Ауру туралы ұғым. Нозология. Мүшелер патологиясы

2. Эндокардиттер

3. Миокардиттер

4. Перикардиттер

Негізгі және қосымша әдебиет:

1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 233-246 бет.

2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001,202- 211бет.

3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 136-149 бет.

4. Боль К.Г., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,215-228 бет.

5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 192-202 бет.

6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,52-62 бет.

Дәрістің мазмұны

Жеке немесе арнайы патологиялық анатомия - барлық аурулардың материалдық негізін, олардың этиологиясын (себебін), патогенезін (дамуын), патологиялық морфологиялық өзгерістерін басталуынан ақырына дейін зерттейді, басқа аурулардан ажырату балауын үйретеді.

Ауру - организмде зиянды факторлар әсерінен дамитын мүшелердегі құрылымдық және қызметтік бүлінулер мен орнын толтыру-бейімделу механизмдер белсенділігінің артуымен қатар жүретін ерекше процесс.

Жеке патологиялық анатомия патологиялық процестерді мүшелердің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты зерттейді, бұл тәсіл аурудың организмнен жойылуының негізі болып есептелінеді (мүшелер патологиясы).

Ауру - патологиялық процесстен гөрі кең үғым, әр аурудың клиникалық- анатомиялық көрінісі болады. Ауру туралы ілім нозология (грек. nosos - ауру) деп аталады.

Патологиялық анатомияның жалпы бөлімі әрбір патологиялық процесті өз алдына қарастыратын болса, жеке бөлімі осы процестерге байланысты туындайтын ауруларды зерттейді.

Мысалы: патологиялық анатомияның жалпы бөлімінде қабыну туралы жалпы түсініктер берілсе, жеке бөлімінде кейбір мүшелердің қабынуы (пневмония, гепатит, гастрит) қаралады.

Қазіргі уақытта организм тіршілігінің әр түрлі себептер әсерінен бұзылуын ауру деп түсінеді. Аурудың туындауына әртүрлі биологиялық, физиологиялық, механикалық және т.б. факторлар әсер етеді.

Аурудың себебін білумен қатар оның патогенезін де үйрену қажет. Әрбір аурудың өзіне тән себептері (этиологиясы), даму механизмдері (патогенезі), морфологиялық және клиникалық ерекшеліктері болады.

Ауру дамуында жергілікті және жалпы процестердің өзара қарым қатынасының орны ерекше. Ауру жергілікті патология болып басталады да, кейін бүкіл организм сырқатына айналады.

Патогенез механизмдері негізіне бейімделу және орын толтыру процестері жатады. Организмнің патогендік әсерлерге жауап беруі сол сырқаттан толық айығып кетумен аяқталса, осы жағдайларға жеткілікті бейімделе алмауы аурудың созылмалы түр алуына немесе әртүрлі асқынуларына әкеп соқтырады.

Ауру дамуында бұзылулармен бірге осы өзгерістердің орнын толтыру процестері қатар жүріп жатады. Осы екі процестің диалектикалық бірлігін есепке алғанда ғана сырқат жөнінде толық түсінік алуға болады.

Демек ауру дамуының әрбір кезеңін, оның морфологиялық көріністерін және клиникалық белгілерін үйрену сол ауруды дұрыс емдеу үшін аса қажет.

Ауруда бір қатар жалпы патологиялық процесстер тіркесе бірге өтеді, мысалы ауру барысында қан айналымының бұзылуын, дистрофиялық, атрофиялық, гипертрофиялық және т.б. өзгерістерді көруге болады. Кейбір ауруда қан айналымының бұзылуы басым болады, ал кейбір ауруда дистрофиялық процесстер басым болады (процесстер бір деңгейде дамиды).

Жеке патологиялық анатомия патологиялық процестерді мүшелер құрылысы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты зерттейді, бұл тәсіл аурудың организмнен аласталуының негізі болып есептелінеді (мүшелер патологиясы). Мүшелер патологиясы принципінің үлкен әдістемелік маңызы бар, өйткені ол аурудың белгілі бір жүйелерде және мүшелерде жайылу ерекшеліктерін ашуға көмектеседі.

Бірақ мүшелер патологиясы біртұтас организм қызметінің бұзылуының жеке клиникалық-анатомиялық көрінісі болып есептелінеді. Сеченовтың И.М., Павловтың И.П., Боткиннің С.П., Давыдовскийдің И.В. организмнің бір тұтастығы туралы ілімі бойынша кез келген ауру жалпы организмнің ауруы болып саналады. Алайда жалпы ауру туралы ұғымды жергілікті процессті бүкіл мүшелерге, ұлпаларға тарату деп түсінуге болмайды. Патологияда жалпы және жергілікті процесстер диалектикалық бірлікте. Мүшелер патологиясын талдау нозологиялық талдаумен, немесе ауруды анықтаумен аяқталады.

Жеке патологиялық анатомия ауру анықтамасына, этиологиясына, патогенезіне, морфогенезіне, патологиялық процесстердің организмде жайылу ерекшеліктеріне, аурудың клиникалық-анатомиялық түрлеріне, асқынуына және ақырына үлкен назар аударады. Ауруға тән патологиялық анатомиялық және басқа аурулардан ажырату диагнозын қоюдың негізін құрайды.

Жеке патологиялық анатомияда төмендегі аурулар топтарын өтеміз:

1. Жүрек – тамырлар жүйесінің аурулары.

2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары.

3. Несеп – жыныс мүшелерінің аурулары.

4. Ас қорыту мүшелерінің аурулары.

5. Зат алмасу аурулары.

6. Инфекциялық аурулар.

7. Инвазиялық аурулар.

8. Микоздар.

9. Уланулар.

Жүрек – тамырлар жүйесінің аурулары алуан түрлі және мал патологиясында ерекше орын алады.

Олардың арасындағы маңызы зоры эндокардиттер — оның ішкі қабатының қабынуы. Екіншілік процесс ретінде инфекциялық ауруларда пайда болады (шошқа тілмесі, ірі қара малдың стафилококктық инфекциясы, ірі қара малдың, жылқының, шошқаның стрептококктық инфекциясы, иттің лептоспирозы және т.б.).

Эндокардиттер иттің уремиясында, жылқы деляфондиозында да кездеседі. Кейбір улы заттардың әсерінен де туындайды. Қабыну процестері негізінен қақпақшаларды зақымдайды.

Морфологиялық тұрғыдан эндокардит үш құбылыстың қосындысы болып табылады: альтерация; гистиоцитарлық реакция; тромбтың түзілуі. Процесс ұзаққа созылғанда дәнекер ұлпа өсіп, қақпақшалардың склерозына ұласады. Қабыну процесінің орналасуына байланысты эндокардиттің мынадай түрлері бар:

1) қақпақшалық (вальвулярлық);

2) қабырғалық;

3) сіңір жіптерінде (хордалық);

4) папиллярлық;

5) трабекулалық.

Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін қақпақшалық эндокардит. Қақпақшалар дәнекер ұлпадан тұрады, беті эндотелий торшаларымен жабылған. Әдетте қақпақшалар серпімді, мөлдір, өте жұқа болады.

Қақпақшалық эндокардиттің түрлері: қарапайым (E. simplex), сүйелге ұқсас тромбоэндокардит, ойылымды (E. ulcerosa). Қарапайым қақпақшалық эндокардит көбінесе улануға байланысты туындайды. Мәні: қақпақшаға экссудат сіңеді. Осы себептен коллаген талшықтары ісінеді, босаңсиды, торшалар көбейеді. Қақпақшалар мөлдірлігінен, серпімділігінен айырылады. Кейіннен нығыздалады, түсі сұрғылт тартады. Жүрек қызметі бұзылады.

Сүйелді тромбоэндокардит - әдетте қақпақшалардың дәнекер ұлпалық құрылымының бүлінуінен басталады. Коллаген талшықтары ісінеді, бір-бірімен қосылып, құрылымынан айырылады. Кейіннен бұл жерге фибринді экссудат сіңеді. Қақпакшаның бетін жауып тұратын эндотелий торшалары бүлініп, ісінеді, іргесінен ажырайды. Тромбтың пайда болуына жағдай туындайды. Кейін оның көлемі үлкейеді, дәнекер ұлпа өседі. Яғни, тромб ұйымдасады (организация).

Ойылымды немесе сепсистік эндокардит - қақпақшаның қатты зақымдануымен сипатталады. Қабыну процесінде альтерация басым болады. Микроскоппен қақпақшалардың ыдырағанын, некроздалғанын, онда микробтардың, лейкоциттердің жиналғанын көруге болады. Сырт қарағанда қақпақшаның беті көмескіленген, сарғыш түсті, некроздалған. Соңынан іріңдеп, жұмсарады. Некроз ошақтары бөлініп түсіп қалуы мүмкін. Осылайша қақпақшада ойылымдар пайда болады.

Жылқыда деляфондиоздық эндокардит кездеседі. Қақпақшада ірі бұршақтың көлеміндей, домалақ, қатты, сүйелді түйіндер пайда болады. Онда деляфондия балаңқұрттарын көруге болады.

Миокардит - жүрек етінің қабынуы. Екіншілік процесс ретінде инфекциялық, инвазиялық ауруларға байланысты туындайды( аусыл, токсоплазмоз, пастереллез, уланулар). Аллергиялық фактордың да маңызы зор.

Морфологиялық тұрғыдан қарағанда миокардиттың 2 түрі бар:

1) альтеративтік

2) интерстициялық

 (аусыл, токсоплазмоз, пастереллез, улану). Аллергиялық фактордың да маңызы зор. Морфологиялық түрлері: альтерациялық; интерстициялык.

Альтеративтік миокардит - ет талшықтарының дистрофиялық және некроздық өзгерістерімен сипатталады. Ет талшықтары түйірлі, сулану, майлану дистрофиясына ұшырайды, кейде әктенеді, ет талшықтары арасында торшалар шоғырланады.

Сырт қарағанда жүрек еті көмескі, ала құла, сұрғылт-қызыл түсті, жұмсақ, ыстық суға малып алған етке ұқсайды. Тілік беті түрлі-түсті: сұрғылт-қызыл ошақтар мен сұрғылт-ақ ошақтар алмасып орналасқын.

Интерстициялық миокардит - аралық ұлпада экссудативтік және пролиферативтік өзгерістердің басым болуымен сипатталады.

Экссудаттың түріне байланысты сарысулы және іріңді миокардит болады.

Сарысулы миокардит - аралық ұлпа ісінген, аздаған торшалық шоғырлар бар. Ет талшықтары әлсіз дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды.

Іріңді миокардит - организмде сепсистік ошақтың болуына байланысты туындайды (пиемия, метрит және т.б.). Ірі қара малдың жарақаттық перикардитінде процесс перикардтан миокардқа ауысады. Миокардта көлемі әртүрлі абсцестер пайда болады.

Перикардит - жүрек қабының кабынуы. Көптеген жұқпалы ауруларда (пастереллез, ірі қара малдың плевропневмониясы) кездеседі. Мынадай түрлері бар:

1) сарысулы;

2) фибринді;

3) іріңді;

4) геморрагиялық.

Көбінесе араласып кездеседі.

Сарысулы перикардит - жүрек қабында мөлдір немесе сәл көмескі сұйықтықтың жиналуымен сипатталады. Жүректің беті көмескіленеді, қызарады. Созылмалы түрінде синехия байқалады (жабысқақтық). Жүрек қабы толығымен немесе жартылай эпикардқа жабысып қалады.

Фибринді перикардит – фибрин жүрек қабығының ішіне және эпикардқа шөгеді. «Құрғақ» перикард деп аталады.

Сарысулы-фибринді перикардит – жүрек қабы қуысында сарғыш-сұрғылт фибрин аралас сұйықтық жиналады. Фибрин пленка тәріздес болып жүрекке жабысады. Эпикард қызарады, қанталаулар пайда болады, көмескіленеді, ісінеді. Созылмалы түрінде фибринге дәнекер ұлпа бойлай өседі («түкті жүрек»).

Сарысулы-іріңді перикардит – жүрек қабында көмескі, лайлы қоймалжың сұйықтық (ірің) жиналады.

Сарысулы-геморрагиялық перикардит – жүрек қабында күрең- қызыл түсті экссудат жиналады, перикард көмескіленеді, ісінеді, көптеген дақты, жолақты қанталаулар пайда болады.

Лимфаденит – лимфалық түйіндердің қабынуы. Сарысулы, геморрагиялық, іріңді, продуктивті деген түрлері болады.

Спленит – көк бауырдың қабынуы. Түрлері: альтеративтік, экссудативтік, пролиферативтік.

 

Бақылау сұрактары:

1. Жеке патологиялық анатомия нені үйретеді?

2. Ауру туралы ұғым

3. Мүшелер патологиясын қалай түсінеміз?

4. Эндокардиттің себептері, түрлері және

 морфологиялық сипаттамасы

5. Миокардит дегеніміз не, түрлері, морфологиялық

сипаты

6. Перикардит, себептері, түрлері

 

2 дәріс

Мақсаты мен міндетгері: бронхопневмония мен пневмонияның түрлерін, патоморфологиясын, өкпенің басқа ауруларын біліп, игеру.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)