Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жұмысты орындау әдістемесіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жұмысты орындау әдістемесі 1 тапсырма Паратуберкулезкүйіс қайыратын малдың созылмалы, ішектің жайылмалы пролиферациялық қабынуымен сипатталатын ауру. Макропрепарат. Сиыр аш ішегінің паратуберқулездік қабынуы. Ішектің кілегейлі қабығы қалыңдап қатпарланған қаракөл елтірісіне ұқсайды. Мұндай өзгерістер тоқ ішек бойында да кездеседі. Макропрепарат. Сиыр шажырқай лимфалық түйінінің паратуберқулездік зақымдануы. Лимфалық түйін ұлғайған, тілік бетінде зақымданған жерлер ақшыл-сұр тұсті. №78 гистопрепарат. Жайылмалы пролиферациялық паратуберқулездік энтерит (сиырдың). Гематоксилин-эозинмен боялған. Аш ішек кесіндісін зерттейміз. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарал (об. 8, ок. 10) ішектің кілегейлі қабығына назар аударыңыз. Ішек бүрлері жуандаған, (цилиндр тәрізді) эпителиінен айырылған, Кілегейлі қабықтың өзіндік қабатын иін тіресіп орналасқан түрлі торшалар басқан. Микроскоптың орташа (об. 40, ок. 40) үлкейткішімен қарағанда бүл торшалық инфильтрат эпителиоидты торшалардан, лимфоидты торшалардан және бірен-саран көп ядролы алып торшалардан тұратынына көз жеткіземіз. Олардың морфологиясымен сіздер туберкулезбен зақымданған мүшелерді зерттегенде танысқан болатынсыз. Эпителиоидты торшалар - біршама үлкен көлемді, солғын көкшіл түске боялған, торшааралық шекара айқын көрінбейді. Лимфоидты торшалар (лимфоциттер) - ұсак, домалақ, ядросы қара-көк түске боялған, цитоплазмасы әлсіз көрінетін торшалар. Циль-Нильсен тәсілімен боялған ішек препаратын микроскоптың орташа үлкейткіші арқылы қарағанда эпителиоидты, алып торшалар цитоплазмасында орналасқан, қою қызыл түске боялған, өте ұсақ, көптеген паратуберкулез қоздырушысын (Ионе бактериясы) көреміз. Сурет салыңыз: зақымданған кілегейлі қабықты, яғни бүрлерді, өзіндік қабықтағы көптеген торшаларды көрсетіңіз. №786 гистопрепарат. Паратуберкулезбен ауырган ірі қара малдың шажырқай лимфалық түйіні. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы лимфалық түйіннің сыртқы қабатын табыңыз; иін тіресе орналасқан лимфоидты торшалардан тұрады, қою көк түске боялған. Зер сала зерттеп, осы қабатта солғын боялған жерлерге көңіл аударсаңыз, микроскоптың орташа үлкейткішімен қарап осы аралардың эпителиоидты торшаларының жиынтығынан тұратынына көз жеткіземіз. Препаратта бірен-саран көп ядролы алып торшалар да кездеседі. Сонымен паратуберкулезбен ауырған сиырдың шажырқай лимфалық түйініндегі өзгерістер эпителиоидты торшалар мен алып торшалардың пайда болуымен сипатталады. Сурет салыңыз. Бруцеллез— көптеген сүтқоректілермен адамның созылмалы бактериялық ауыруы, мононуклеарлы-макроофагалдық және жыныс жүйелері мүшелерінің зақымдануымен сипатталады. Макропрепарат. Қошқардыц инфекциялық эпидидімиті. Ен қосалқысы тым ұлғайған, оның тілік бетінде қалың гиалинденген қапшық (капсула) ішінде бос жатқан-сары түсті, көмескі некроз ошағы бар. №67 гистопрепарат. Инфекциялық эпидидимитпен ауырған қошқардың ен қосалқысы. Әдетте ен қосалқысының басы көптеген ұсақ түтікшелерден, ал белі ирелеңкі түтіктен тұрады. Бұл түтіктің қабырғасы екі кабатты эпителиден, дәнекер ұлпадан, бірыңғай салалы ет ұлпасынан тұрады. Түтік ішінде көптеген сперматозоидтар болады. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап ен қосалқысының түтік кұрылымының өте күрделі өзгергеніне көз жеткіземіз. Түтік кұрылымының өте күрделі эпителий торшаларың көбеюіне және лейкоцитгік инфильтрацияға байланысты түтік қабырғасы қалыңдаған. Түгік ішінде сперматозоидтармен қатар іргесінен ажыраған эпителий торшалары лейкоциттер мен лимфоциттер басқан. Сурет салыңыз: Маңқа - тақ тұяқты жануарлардың созылмалы жұкпалы ауруы. Негізгі белгісі: зақымданған жерлерде түйін-гранулемалар (маңқа түйіншектері) мен ойылым-ошақтар пайда болады. Негізінен ас қорыту жолы арқылы жұғады. Өкпе, лимфалық түйіндер, кеңсіріктің кілегейлі қабығы, тері зақымданады. Макропрепарат. Жылқы өкпесінің милиарлы маңқасы. Өкпе тілігінде әрбіреуі тарының дәніндей ақшыл-сұрғылт, қатты, кұрылымы біркелкі түйіншектер көрінеді. Ірі түйіншектің ортаңғы бөлігі үгілмелі, сұрғылт, көмескі (некроз). Макропрепарат. Жайылмалы некрозды-фибринді ринит - кеңсіріктің кілегейлі қабығы ісінген, кедір-бұдырлы, ақшыл-сұрғылт тартқан, көмескіленген. Макропрепарат. Кеңсіріктің кілегейлі қабыгындагы маңқа ойылымдары мен тыртықтары. Препараттың жоғарғы жағында пішіні әр түрлі ойылымдарды көреміз. Олардың жиектері тегіс емес, түбі мүжілген сияқты. Сонымен қатар, ойылым орнында пайда болған тыртықтар бар: ақшыл түсті, жұлдызша пішінді. Макропрепарат. Тері маңқасы. Теріде диаметрі 1,5-2 см шамасындай екі ойылым бар. Олардың жиегі көтеріңкі тері бетінен бұлтиып шығып түр: түбі гранулалық ұлпамен көмкерілген. №77 гистопрепарат. Жылқы өкпесіндегі экссудациялық маңқа түйіні. Гематоксилин-эозинмен болған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда өкпеге тән ауаға толған өкпе альвеолалары препараттың кей жерлерінде ғана сақталғанына көз жеткіземіз. Препаратты әрлі-бері қозғай отырып екі-үш көкшіл түске боялған ошақтарды табуға болады. Бұлар экссудациялық маңқа түйіндері. Түйін көлемі жағынан оңдаған өкпе альвеолаларын қамтиды. Оның ортасы некроз қойыртпағынан, ал шет жағы сарысулы-фибринді экссудатпен толған өкпе альвеолаларынан тұрады. Түйіннің некрозданған орталығында көптеген, ұсақ, әртүрлі пішінді, көк түске боялған ядро бөлшектері (сынықтары) бар. Олар лейкоциттердің кариорексиске (сагіоn-ядро, rhexis-бөлшектену) ұшырап өлуіне байланысты пайда болған. Мұндай көрініс, яғни некрозданған жерде көптеген ядро калдықтарының болуы, маңқаға тән құбылыс. Сурет салыңыз: экссудациялық маңқа түйінін көрсетіңіз. Бақылау сұрақтары: 1. Паратуберкулез туралы жалпы түсінік. 2. Паратуберкулезге тән сойып-зерттеу көрінісі. 3. Ішектегі және лимфалық түйіндегі паратуберкулезге тән макро- және микрокөріністер. 4. Бруцеллез туралы жалпы түсінік (аурудың анықтамасы, оған шалдығатын мал түліктері, аурудың жұғу жолдары). 5. Бруцеллез кезінде мал жатыр мен төл қабықтарында дамитын морфологиялык өзгерістер. 6. Бруцеллез ауруына байланысты іш тасталған төлді сойып-зерттеу көрінісі. 7. Бруцеллезге байланысты енде және оның қосалқысында туындайтын өзгерістердің морфологиясы. 8. Маңқа жөнінде жалпы түсінік (ауыратын жануарлар, қоздырушысы, кандай мүшелер зақымданады). 9. Маңқамен зақымданған өкпенің, кеңсіріктің, терінің сырт көрінісі. 10. Маңқа гранулемасының морфологиясы.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.) |