Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Жылқының вирустық аурулары: инфекциялық энцефаломиелиті (ИЭМ), инфекциялық анемиясы (ИНАН)"Содержание книги
Поиск на нашем сайте 1 тапсырма Аусыл - аша тұяқтылардың, қатерсіз және қатерлі түрде өтетін вирустық ауруы. Қатерсіз аусыл сиырдың аузы мен таз қарнының кілегейлі қабығында, желін терісіңде, тұяқтарының арасында, шошқада - тұмсығы мен тұяктары айналасындағы теріде күлдіреуіктердің (афтаның) пайда болуымен сипатталады. Қатерлі аусылмен ауырғанда бұл өзгерістермен қатар миокард, қаңқаның бұлшық еттері альтерациялық қабынуға ұшырайды. Макропрепарат. Аусылдан өлген зубробизон таз қарынының кілегейлі қабыгындагы ойылымдар. Диаметрі 1-2 см жететін, ойылымдар көрініп тұр. Олар аусыл афталарына шалдыққан жерлерде пайда болған. Макропрепарат. Аусылмен ауырган сиыр тілінің кілегейлі қабыгындагы эрозиялар. Тіл бегі тегіс емес: жамылғы эпителидің кей жерде бұзылуына байланысты эрозиялар пайда болған. Олар аусыл афталарының (күлдіреуіктер) жарылуынан болған. Макропрепарат. Қатерлі аусылдан өлген сиыр жүрегі. Миокардтың тілік бетінің түсі біркелкі емес: әдеттегідей қызыл-қоңыр түсті жүрек етімен қатар сұрғылт түсті көптеген жолақ пішінді және дақ тәрізді қабыну ошақтарын көресіз. Олардың шекаралары айқын емес. Мұндай жүректі “жолбарыс терісі тәрізді ала жүрек” деп атайды. Аусылмен ауырған мал өлімінің тікелей себебі болған жүрек етінің альтерациялық қабынуының сыртқы нышаны осыңдай болады. №94 гистопрепарат. Аусылга тән альтерациялық миокардит. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы қарағанда әдеттегі көріністен өзгеше, сондықтан бірден көзге түсетін бірнеше қабыну ошақтары бар. Мұнда миокардтың қалыпты құрылымы сақталған, бірақ ет талшықтары негізінен көкшіл, кейбіреулері көкшіл-күлгін түскс боялған, онда ядролар жөнді көрінбейді, не мүлде жойылған. Бұл қабыну ошақтарын қоршай жэне бойлай лимфоцитгер және басқа лейкоциттер шоғырлаған. Микроскоптың орташа үлкейткіші арқылы қараңыз. Қабыну ошақтарындағы ет талшықтарында әдеттегі көлденең және бойлай орналасқан жолақтар көрінбейді. Ет талшықтары кей жерлерде кесек-кесек болып ыдыраған. Бұл некрозға ұшыраған ет талшықтарында көкшіл түсті кальций тұзының түйіршіктері мен үйінділері бар (дистрофиялық әктену). Интерстициялық ұлпадағы торша инфильтраттарының лимфоциттерден, гистиоциттерден, нейтрофилді лейкоциттерден, плазмоциттерден және фибробластардан тұратынына көз жеткізесіз. Миокардтың альтерациялық қабынуы әдетте мал өлімімен аяқталады. Сурет салыңыз. 2 тапсырма Шешек - мал мен адамның жіті түрде өтетін вирустық ауруы. Негізгі сипаты: теріге шешектік бөртпелер шығады. Онымен әдетте қой, ешкі, сиыр, шошқа, түйе, тауық ауырады. Адам мен ірі қара малдың шешек бөртпесінің дамуы 5 кезеңнен тұрады: розеола (ұсақ қызыл дақ), папула (нығыз түйін), везикула (сарысулы экссудатқа толы көпіршік), пустула (іріңге толы көпіршік), крустоза (қабыршақтану). Басқа мал түліктерінде шешек бөртпесінін дамуында жоғарыда аталған кезеңдер бола бермейді. Қой мен ешкіде бірнеше пустула бір-бірімен бірігіп, іріңді ірі ошаққа айналады. Кейде шешек бөртпесіндегі экссудатта эритроциттер көп болады (қара шешек). Макропрепарат. Шошқа құлагындағы шешектік бөртпелер. Құлақ терісінде көптеген қабыршақтанған, қара-қошқыл түсті шешек бөртпелері көрініп түр. П.И. Кокуричевтің түрлі-түсті атласын пайдалана отырып (211 бет), препараттың суретін салыңыз Макропрепарат. Шешекпен ауырып өлген екі апталық торай қарнындагы шешектік бөртпелер. Кілегейлі қабықты әрбіреуінің диаметрі 5 мм-дей шешек бөртпелері басқан. Олардың көбісінің жиектері көтеріңкі (шығыңқы) келген, ортасы біршама ойықтау, қара-қошқыл түсті. Бақылау сұрақтары: 1. Аусылға тән афтаның гистологиялық құрылысы. 2. Аусылдың қатерлі тұрінің морфологиялық көрінісі. 3. Шешек экзантемасы дегеніміз не? Оның даму сатыларын атап, сипаттама беріңіз. 4. Қой мен шошқада шешек (күл) экзантемасының гистологиялық даму ерекшіліктері және морфологиясы. 5. Шешекпен ауырған койда экзантемадан басқа қайда және қандай өзгерістер байқалады? 6. Пашен және Гварньери денешіктері дегеніміз не, олар қай ауруда, қай жануарларда болады және қай жерде орналасады?
9 зертханалық жұмыс Жұмыстың мақсаты - инфекциялық энцефаломиелитке тән макро- және микро өзгерістерді анықтау. Инфекциялық анемияны әртүрлі өту формаларына тән морфологиялық өзгерістер бойынша анықтау. Жұмысқа керекті құрал жабдықтар:1. Микроскоптар, балауса секциялык материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаштар, плакаттар. 2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: инфекциялық энцефаломиелиттен өлген жылқының бауыры, делбемен ауырған жылқының қуығы, жылқы инфекциялық анемиясының жіті түріне тән талақтағы өзгерістер, жылқы инфекциялық анемиясының жітілеу түріндегі көк бауыр, инфекциялық анемиядан өлген жылқының бауыры. 3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: жылқы делбесіне тән альтерациялық гепатит (93), жылқының инфекциялық анемиясының жітілеу түріндегі бауыр (92а), жылқының инфекциялық анемиясының созылмалы түріндегі көк бауыр (92в).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 82; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |