Жұмысты орындау әдістемесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жұмысты орындау әдістемесі

Поиск

Жұмысты орындау әдістемесі

   1тапсырма

Малдың бүйрегінде несеп шығару кызметінің бұзылуына әкеліп соғатын патологиялық процестер екі топқа бөлінеді: нефриттер мен нефроздар.

Нефрит - бүйрек қабынуы; инфекциялық - улану процесінің қан арқылы, сондай-ақ несеп жолдары арқылы таралуы салдарынан туындайды.

Нефроз - бүйректің дистрофиялық және некробиоздық өзгеруі. Әртүрлі уытты заттардың әсерінен туындап, несепке протеиннің араласуымен, денеде хлорлық заттардың жиналуымен, домбығулармен сипатталады.

Макропрепарат. Қара малдыц гематогендік іріңді нефриті. Бүйрек ұлғайған, сырты сәл кедір-бұдырлы, онда әрбіреуінің көлемі 1-3 мм, ақшыл- сары түсті, іріңді ошақтар (абсцестер) бар. Мүшені тіліп қарағанда, тілік бетінен ірің ошақтарының негізінен бүйректің сыртқы қабатында орналасқанын көреміз. Бүйректе мұндай ірің ошақтары денедегі етек алған пиосептицемшшық процестін көрінісі ретінде, кейде белгілі бір мүшедегі іріңді ошақтың салдарынан туындайды.

Макропрепарат. Қара малдың урогенді нефриті. Бүйретің астыңғы кабатында және астаушасында әрбіреуі грек жаңғағындай ірің толған ұралар (қуыстар) бар. Несеп жолы кеңіген, оның кілегейді қабығы ісініп, сарғыш іріңмен жабылған. Несеп жолынан басталған іріңді қабыну әуелі бүйрек астаушасынын қабынуына (пиелит), содан кейін бүйректің қабынуына ұласады.

Макропрепарат.. Шошқаның «ақ-шұбар бүйрегі» (ошақты интерстициялың нефрит). Бүйрек ұлғайған, оның сыртында әрбіреуінің диаметрі 2 см-дей, пішіні әртүрлі, ақшыл ошақтар көрінеді. Тіліп қарағанда, бұл ошақтар негізінен бүйректің үстіңгі қабатына сына тәрізденген сопақша құрылым ретінде көрінеді.

Макропрепарат.. Диффузды интерстиялық нефрит (итте). Бүйрек аздап кішірейген, сұрғылт-қоңыр түсті, кедір-бұдырлы, оның тілік бетінде қуыстар (кисталар) бар. Бұл қабыну процесі аралық ұлпаның қаулап өсуіне байланысты, кейбір бүйрек түтікшелерінің қысылуымен, кейбір түтікшелердің керісінше, созылып, кеңейіп, онда несептін көп жиналып қуысқа айналуымен сипатталады.

№68 Гистропрепарат. Интракапиллярлық гломерулонефрит. Гематоксилин-эозинмен боялған. Пролиферациялық қабыну процесі» капиллярлар шумағын қамтыған. Препаратты микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттеуге кірісіңіз. Капилляр шумақтарының көлемі ұлғайған, несеп қуысы тарылған. Шумақтарда ядролар әдеттегіден әлдеқайда көбейген. Капиллярлар анық көрінбейді. Осы өзгерістер капиллярлар эндотелиі мен шумақ мезангиумы торшаларының көбеюіне байланысты туындаған. Шумақтар мен түтікшелер арасынан аздаған лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын инфильтратты көруге болады. Зақымданған капиллярлар шумағын және оны қоршаған ұлпаның суретін салыңыз.

2тапсырма

№69 гистопрепарат.. Екінші кезекті бүріскен бүйрек (созылмалы гломерулонефрит). Микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттегенде үлкенді - кішілі капиллярлар шумақтарына, бүйрек түтікшелеріне және дәнекер тоқыманың біркелкі емес екендігіне көңіл аударыңыз. Кейбір шумақтар ұлғайған, оларда ядролар саны көбейген. Кейбір шумақтар бүріскен, ақшыл- қызғылт түсті, оларда торшалар саны азайып, біріңғай гиалинденген ұлпаға айналған. Көптеген шумақтардың тысы (капсуласы) қалыңдап гиалинденген. Интерстициялық ұлпаның қаулап өсуіне байланысты бүйрек түтікшелері бір- бірінен алшақтаған, біразы қысылып, жаншылған. Микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарағанда қаулап өскен дәнекер ұлпа негізінен әртүрлі торшалар жиынтығынан кұралған гранулалық ұлпадан тұрады.

Көлемі ұлғайған, торшалары көп капиллярлар шумағын, гиалинденіп бүріскен шумақтарды қаулап өскен аралық (дәнекер) ұлпаның суретін салыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Нефроз және нефрит дегеніміз не? Олардың жіктелуі.

2. Төменнен жоғары (урогенді) және жоғарыдан төмен қарай өрбитін нефриттердің бір-бірінен айырмашылығы.

3. Ақ шұбар бүйрек, оның түрлері, морфологиясы.

4. Гломерулонефрит, оның түрлері және

 морфологиясы

                                        



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.)