Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Поиск

№1 практикалық сабақ

Тақырыбы "Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының патоморфологиясы”

Сабақтың мақсаты - жүрек пен тамырлар ауруларының жіктелуін анықтау. Сүйел тәрізді тромбоэндокардит және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа аурулары кезіндегі макро- және микроөзгерістерді сипаттау.

Кұрал-жабдықтар: плакаттар, макропрепараттар.

Жүрек-қан тамырлар жүйесі мүшелерінің (жүрек, артериялар, веналар) зақымдануы бірқатар инфекциялық және инвазиялык аурулар салдарынан, органикалық, минералдық улармен уланудан, кейбір мүшелердің (бауыр, бүйрек, т.б.) қабынуынан болады.

Эндокардиттер.Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының арасында ең маңыздысы - эндокардиттер (жүректің ішкі қабатының кабынуы). Эндокардит көбінесе инфекциялық аурулардың барысында екінші кезекті процесс ретінде пайда болады (шошқа тілмесі, ірі қара малдың стафилококктық инфекциясы, ірі қара малдың, жылқының және шошқаның стрептококктық инфекциясы, иттің лептоспирозы, т.б.). Сондай-ақ, ол ит уремияға, жылқы деляфондиозға шалдыққанда кездеседі. Инфекциялық эндокардиттің өту механизмінде мал организмінің аллергиялык ахуалы айтарлықтай роль атқарады. Қабыну процесстері әдетте жүрек кақпақшаларын қамтиды. Жүрек қабырғасы мен хордасы сирек қабынады. Эндокардиттер негізінен сүйел тәрізді және ойылымды болып екіге бөлінеді.

Макропрепарат. Созылмалы шошқа тілмесіндегі сүйел тәрізді эндокардит. Қос жармалы қақпақшаның қан ағысына қарсы бетінде сүйел тәрізді, сұрғылт түсті, домалақ құрылымдар бар. Олар қап-қатты, қақпақша ұлпасымен тығыз байланысқан. Мұндай қабыну процесі қақпақшаның дәнекер ұлпасының фибриноидты некрозынан басталады, одан әрі эндотелий зақымданады да тромб түзіледі. Кейінірек тромбты дәнекер ұлпа басуы мүмкін.

Препараттағы көріністерді суретке салыңыз.

Макропрепарат. Шошқа стрептококкозындагы ойылымды эндокардит. Қос жармалы қақпақшаның қан ағысына қарама - қарсы бетінде ойылым бар. Ол борпылдақ, лайлы-сұр түсті шөгіндімен жабылған. Мұндай қабыну процесі жүрек қақпақшаларының некрозға ұшырап, оларда нейтрофилді лейкоциттердің шоғырлануымен басталады. Кейін некрозға ұшыраған ұлпа ыдырайды. Іріңдеп балқиды. Осыған орай сол арада ойылым пайда болады. Кейде ойылымды үлкен-үлкен тромбылар басады, олар үзіліп түсіп тромбэмболдарға айналады.

Жүрек қабырғасының ойылымды эндокардиті иттің штутгарт ауруына (лептоспироздың сарғаюсыз өтетін түрі) тән құбылыс.

Макропрепарат. Жылқының тромб-эндокардиті және іріңді миокардиті (миокардтағы абсцестер). Септикопиемиядан өлген жылқы жүрегін зерттейміз. Қос жармалы қақпақшада қоңыр-сұрғылт түсті тромбтық қойыртпақ шөгіндісі, ал миокардта әрбіреуі тарының дәніндей ақшыл ошақтар — іріңмен толған ұсақ ошақтар бар. Тромбоэндокардиттер (ойылымды эндокардит) мал денесіндегі сепсис ошағына байланысты дамиды: бұл арадан іріңдеткіш микроорганизмдер қанға еніп бүкіл организмге тарайды. Миокардтағы іріңді ошақтар осылай пайда болған.

Макропрепарат. Қара малдың жарақаттық перикардиті. Жүректің сыртқы қабығы (эпикард) әдетте бірыңғай тегіс, жұқа, жылтыр келеді. Қолдарындағы препаратта эпикард қалыңдаған, сұрғылт фибрин қойыртпағымен қапталған. Бұл жарақаттық перикардиттен жүрегі қабынып өлген сиырдың жүрегі. Бөгде зат жұмыршақ қарыннан көк перде арқылы өтіп, жүрек қабын тырнап зақымдауына байланысты қабыну процессі дамыған. Сиырды сойып-зерттегенде жүрек қабынып кеңейгенін, қалыңдағанын, оның ішінде 20 литрге жуық ірінді-фибринді қоңыр-қызғылт түсті эксудаттың бар екенін көруге болады.

Макропрепарат. Шошқа жүрегінің миогендік кеңеюі. Бұл препаратта жүректің қарыншалары көлденеңінен қарағанда кеңейген. Жүрек қуысындағы талшық (папиллярлық) еттер мен трабекулдар. Қарыншалар қабырғалары тым жұқарған. Мұндай езгерістер сәйгүлік (қазанат) жылқылар мен тазы иттерге, яғни шабыс-жүгіріске түсіп, зорыққан малға тән.

Макропрепарат. Деляфондиозга шалдыққан жылқының алдыңғы шажырқай артерия тромбозы мен аневризмасы. Препаратта артерия түтігінің бір бөлігі қалталанып кеңейіп (аневризма), оның іші үгілмелі, коңыр-сұрғылт тромб қойыртпағымен бітелген. Бұл өзгерістер артерияның қабынуына (артериит) байланысты, ал қабыну жұмыр құрт - деляфондия балаңқұрттарының әрекетінен туындаған.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Жүректің тоногенді және миогенді кеңеюі дегеніміз не, оның себептері, морфологиясы.

2. Жарақаттық перикардит, морфологиясы, себептері.

3. Миокардиттер, олардың түрлері, морфологиялық сипаттамасы.

4. Эндокардиттер, себептері, түрлері және морфологиясы.

5. Артерииттер мен флебиттердің морфологиялық сипаттамасы.

6. Веналардың аневризмасы және варикозды кеңеюінің морфологиясы.

7. Лимфаденит дегеніміз не? Оның түрлері және морфологиясы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)