Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Жіті бактериялық аурулар патоморфологиясы: сальмонеллез, пастереллез, шошқа тілмесі, некробактериоз"Содержание книги
Поиск на нашем сайте №4 зертханалық жұмыс Тақырыбы: "Жіті бактериялық аурулар патоморфологиясы: сальмонеллез, пастереллез, шошқа тілмесі, некробактериоз" Жұмыстың мақсаты - жіті бактериялық ауруларға (сальмонеллез, пастереллез, шошқа тілмесі, некробактериоз) тән морфологиялық өзгерістерді анықтау. Жұмысқа керекті құрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар. 2. Гистологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: торайдың созылмалы сальмонеллезіндегі дифтериялық колит, торай сальмонеллезіне тән ошақгы дифтериялық колит, сиыр пастереллезіндегі қанталаулар, жһі пастереллезден өлген сиырдың крупозды пневмониясы, шошқа тілмесіндегі сүйелді эндокардит, некробактериозбен ауырған қозы бауырындағы ошақты некроздар, некробактериозбен ауырған сиырдың қатпаршак қарындағы некроз ошақтары, некробактериозбен ауырған сиыр мес қарынындағы некроз ошақтары. 3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: торай бауырындағы сальмонеллез гранулемасы (80), бауырдың майлану декомпозициясы (16). Жұмысты орындау әдістемесі 1 тапсырма Сальмонеллез (қылау) - малдың септицемия және пневмония түрінде өтетін бактериялык ауруы. Қоздырушысы Enterobacteriaceae тұқымдас- тығына жататын микроорганизмдер. Негізінен төл (бұзау, торай т.б.) ауырады. Ересек малдарда (қой, жылқы) сальмонеллез іш тастау (аборт) түрінде кездеседі. Макропрепарат.. Торайдың созылмалы сальмонеллезіндегі дифтериялық колит. Тоқ ішектің кілегейлі қабығы қатпарлы, кедір-бұдырлы, бетін сұрғылт түсті фибрин басқан. Ішек қабырғасы қалыңдаған, қатайған, оның табиғи серпімділігі жойылған. Макропрепарат. Торай сальмонеллезіне тән ошақты дифтериялық колит. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында дөңгелек пішіні, диметрі 2-3 см-ге жететін қабыну ошақтары бар. Олар шығыңқы, қабыршықгы, кей жерлерде қатпарлы, сұрғылт-сары түсті (фибрин шөгіндісі). Сонымен қатар ойылымдар да бар. Олардың жиектері көтеріңкі, түбінде сүзбе тәрізді некроз қойыртпағын көресіз. №80 гистопрепарат. Торай бауырындагы салъмонеллез гранулемасы. Препарат гематоксилин-эозинмен болған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда бауыр бөліктерінің ішінде бірен-саран сальмонеллез туйіндерін (гранулемасын) табуға болады. Олар көптеген торшалар шоғырынан тұрады. Орта үлкейткіш арқылы қарағанда сальмонеллез гранулемасы гистиоциттерден, нейтрофилды лейкоцитерден және лимфоциттерден тұратынына көз жеткізесіз. Кейбір гранулеманың ортасы некрозға ұшыраған. Сурет салыңыз: гранулеманы және оның айналасындағы бауыр белараларын көрсетіңіз. Пастереллез (геморрагияық септицемия) - сүтқоректілер мен кұстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Pasteurella тұқымдас микроорганизмдер. Ауруға крупозды пневмония, кілегейлі жэне сірлі қабықтарда пайда болатын көптеген нүктелі, дақты қанталаулар жэне тері асты шелінің домбығуы тән. Сиыр мен шошқада ауру өте жіті және жіті түрде өтеді. Макропрепарат. Сиыр пастереллезіндегі қанталаулар. Шыны ыдыстағы сірлі қабықта (плевра) көптеген нүктелі, дақты қанталауларды көресіз. Осы ыдыста пастереллезден өлген малдың ұлтабары мен аш ішегі бар. Олардың кілегейлі қабығы ісінген, қызарған (катарлы-геморрагиялық абомазит және энтерит). Қабырға плеврасындағы қанталауларды көрсетіп суретін салыңыз. Макропрепарат. Жіті пастереллезден өлген сиырдың крупозды пневмониясы. Өкпе тым ұлғайған, нығыз, оның тілік беті сұр түсті (крупозды пневмонияның гепатизация кезеңі). Тілмемен 3 айдан 1 жасқа дейінгі шошқа ауырады. Қоздырушысы-Bact. Rhusiopathiae suis. Ауру өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Клиникалық-анатомиялық тұрғыдан жіті тілмеге қызулану, экзантема, ал аурудың созылмалы түріне - некрозды дерматит, эндокардит және полиартрит тән. Макропрепарат. Шошқа тілмесіндегі сүйелді эндокардит. Жүректің қос жармалы қақпақшасын кедір-бұдырлы, сұрғылт-сары түсті, нығыз, сүйел тәріздес құрылымдар басқан. Некробактериоз (жегі) — малдың инфекциялық ауруы. Қоздырушысы Bacterium necrophorum. Ауру тұяққа іргелес терінің ауыз және қарын кілегейлі қабығының, ішкі паренхималык мүшелердің некрозданып-іріңдеп зақымдануымен сипатталады. Макропрепарат. Некробактериозбен ауырған қозы бауырындагы ошақты некроздар. Бауырда көптеген некроз ошақтары бар. Олар домалақ пішінді, бұршақтың көлеміндей, сарғыш-ақшыл түсті, нығыз, айқын шектелген. Макропрепарат. Некробактериозбен ауырган сиырдың қатпаршақ қарнындагы некроз ошақтары. Кілегейлі қабықта некроз ошақтары бар. Олар домалақ пішінді, сұрғылт түсті, айқын шектелген, көмескі. Кішілері бұршақ шамасыңдай, ал үлкендерінің көлемі грек жаңғағындай. Макропрепарат. Некробактериозбен ауырган сиыр мес қарынындагы некроз ошақтары. Кілегейлі қабықта домалақ пішінді, анық шектелген, сұрғылт түсті, үгілмелі некроз ошақтары бар. Олардың кейбіреулерінің диаметрі 2-3 см жетеді. Бақылау сұрақтары: 1. Сальмонеллез туралы жалпы түсінік (кімдер ауырады, қоздырушысы, қандай мүшелер зақымданады). 2. Жіті сальмонеллезден өлген торай мен бүзауды сойып зерттегендегі көрініс. 3. Созылмалы сальмонеллезден өлген торайдың тоқ ішегіндегі өзгерістер. 4. Сальмонеллезбен ауырған торай меи бұзау өкпесінің сырт көрінісі (морфологиясы). 5. Сальмонеллез гранулемасы дегеніміз не, оның морфологиясы. 6. Өте жіті пастереллезден өлген сиыр мен шошқаны сойып зерттегендегі көрінетін өзгерістер. 7. Пастереллездід көкіректік түрінен (жіті пастереллез) өлген сиырды сойып зерттегендегі көрінетін өзгерістер. 8. Шошқаның жіті тілмесіне тән патологиялық анатомиялық өзгерістер (тері, талақ, лимфалық түйіндер. Ішек-қарын, бүйрек, бауыр, жүрек). 9. Шошқаның жітілеу тілмесіне тән терідегі патологиялық анатомиялық өзгерістер (тілме бөртпелеріне сипатгама беріңіз). 10. Шошқаның созылмалы тілмесіне тән жүректегі, буындардағы, терідегі патологиялық анатомиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз. 11. Некробактериоз ауруы жөнінде жалпы түсінік, оған тән морфологиялық өзгерістер.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.034 с.) |