Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулар патоморфологиясы: сүт қоректілер мен құстар туберкулезі"Содержание книги
Поиск на нашем сайте 5 зертханалық жұмыс Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулар патоморфологиясы: сүт қоректілер мен құстар туберкулезі" Жұмыстың мақсаты - туберкулездік гранулеманың морфогенезі мен құрылысын, мүшелердегі туберкулезге тән патоморфологиялық өзгерістерді анықтау. Құстың туберкулездік гранулемасының кұрылысын және құс туберкулезінің морфологиялық ерекшеліктерін анықтау. Жұмысқа керекті кұрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті караңдаш, плакаттар. 2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепаратгар: кодас өкпесінің марлы туберкулезі, бога ішкі мүшелерінің милларлы туберкулезі, жайылмалы туберкулездік лимфаденит, лобарлы казеозды пневмония, қара мал плеврасының пролиферациялық туберкулезі (“інжу- маржан”), тауық бауырының миллиарлы туберкулезі, тауық көк бауырының туберкулезі, түйе құс мүшелерінің (бауыр, көк бауыр, өкпе) туберкулезі, тауық ішегінің туберкулезі. 3. Гистоколлекциялык микропрепараттар: гну-бөкен (антилопа) өкпесінің милиарлы туберкулезі (76а), тауық бауырындағы милиарлық туберкулезі (76). Жұмысты орындау әдістемесі 1 тапсырма Туберкулез — сүтқоректілер мен құстардың және адамның ұзакқа созылатын көптеген мүшелерді зақымдайтын бактериялық ауруы. Сүтқоректілерде көбінесе өкпе мен лимфалық түйіндер, ал кұстарда бауыр зақымданады. Туберкулезбен әсіресе қара мал және түйе, тауық пен күркетауық жиі ауырады. Туберкулезге шалдыққан мал мүшелері мен ұлпаларында ерекше пролиферациялык немесе экссудациялык қабыну процесі туындайды. Әдетте туберкулездік қабыну процесі казеозды некрозға ұласады. Макропрепарат. Қодас өкпесінің милиарлы туберкулезі. Өкпенің тілік бетінде көптеген, акшыл-сұр түсті, домалақ, біреулері тары дәніндей, ең ірілерінің диаметрі 0,5 см шамасындай туберкулез ошақтары - туберкулдер, төмпешіктер бар. Туберкулездің мұндай миллиарлы (milius- тары) түрі мал организмінің ауруға төзімділігі төмендегенде байқалады. Макропрепарат. Ботаның ішкі мүшелерінің милиарлы туберкулезі. Шыны ыдыста туберкулезбен зақымданған өкпе, көк бауыр, бауыр және бүйрек бар. Мүшелердің тілік бетінде тары дәніндей көптеген төмпешіктерді көреміз. Төмпешіктер домалақ пішінді, олардың орта шені сарғыш түсті, көмескі (некроз), шет жағы сұр түсті. Мұндай көрініс туберкулездік сепсиске тән. Макропрепарат. Жайылмалы туберкулездік лимфаденит. Лимфалық түйін бірнеше есе үлкейген, түгелдей некрозға ұшыраған. Онын тілік беті ақшып-сары түсті, көмескі, үгіліңкі, әдеттегі кұрылымынан айырылған. Бүл процесс мүшенің сарысулы-фибринді қабынуымен басталып казеозды некрозға ұласады. Макропрепарат. Лобарлы казеозды пневмония. Шыны ыдыста туберкулезбен зақымданған қара мал өкпесінің бір бөлігін көріп отырсыз. Ол тым үлкейген, қатайған, оның тілік беті сары-сұр түсті, көмескі үгілмелі (казеозды) некроз. Макропрепарат. Ірі қара мал плеврасының пролиферациялық туберкулезі (“інжу-маржан”). Плевра бетінде көптеген, көлемі әртүрлі түйіншектер бар. Олардың тілік беті сары-түсті, көмескі, біркелкі, күрылымсыз (некроз). Жаңа сойылған малдан алынган макропрепаратта мұндай зақымдану түйіндері маржан моншақтарына ұқсайды. №76а гистопрепарат. Гну-бөкен (антилопа) өкпесінің милиарлы туберкулезі. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда препаратта бірнеше үлкенді-кішілі туберкулез ошақтарын (туберкулдарды, төмпешіктерді) көреміз. Олар орналасқан жерде өкпенің табиғи қүрылымы, дәлірек айтқанда өкпе альвеолалары жойылған, шағын төмпешіктер - “жас”, жаңадан түзілген төмпешіктер негізінен эпителиоидты торшалардан тұрады. Микроскоптың орташа үлкейткішімен қарағанда бұл торшалардың шекаралары айқын білінбейді, ядросы домалақ, гематоксилинмен солғын сұр түске, ал цитоплазмасы эозинмен солғьш боялғаны анықталады. Төмпешіктердің шеткей жағында лимфоциттер шоғырланған. Олардың ядролары домалақ, көк түске боялған, орташа көлемді, өте жұқа цитоплазмамен қоршалған. Ірі төмпешіктер құрылымының мынадай ерекшеліктері бар. Оның орта шені эозинмен қызғылт боялған, кұрылымсыз, өлі қойыртпақтан (некроз), шеткі жағы түрлі торшалардан тұрады. Некрозданған орталықты қоршаған, солғын бояған белдеуде негізінен эпителиоидты торшалар шоғырланған. Олардың арасында бірен- саран алып (гигант) торшалар кездеседі. Алып торшалар басқа торшалардан өзінің зор көлемімен, ядролар санының көптілігімен ерекшеленеді. Алып торшаларда ядролар саны кейде 30-50-ге дейін жетеді. Цитоплазманың шетінде тізбектеле торшаның бүкіл шеңберін қамтиды, не торшаның бір полюсінде шоғырлана орналасқан. Төмпешіктердің шеткі аймағы негізінен лимфоидты торшалардан тұрып көк түске боялған. Сурет салыңыз: эпителиоидты торшалардан және лимфоидты торшалардан тұратын жас төмпешікті, орта шені некрозданған, кемелденген төмпешікті көрсетіңіз. №76 б гистропрепарат. Кодас плеврасының пролиферациялық туберкулезі (туберкулездік “інжу-маржаны”). Препарат гематоксилин- эозинмен боялған, плеврадағы туберкулез түйінінен дайындалған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен препараттың бір-біріне қосылып жатқан, бірнеше түйіншектерден тұратынына көз жеткізіңіз. Бұл түйіншектер кұрылымы туберкулез төмпешіктеріне тән: эпителиоидты және лимфоидты торшаларынан тұрады, орта шені некрозданған және әктелген (әк түйіршектері мен үйінділері көк түске болған). Бір-біріне қосылып жатқан бұл туберкулдер бәріне ортақ дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалған. Сурет салыңыз: бір-біріне қосылып жатқан 2-3 туберкулдерді және оларды қоршап жатқан қабықты көрсетіңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 84; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.) |