Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері ауруларының патоморфологиясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері ауруларының патоморфологиясы

Поиск

№ 2 практикалық сабақ

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері ауруларының патоморфологиясы

Сабақтың мақсаты - ас қорыту мүшелерінің атап айтқанда, қарынның, ішектің және бауырдың ең кең тараған ауруларының морфологиялық көрінісін аныктау.

Құрал-жабдықтар:плакаттар, макропрепараттар.

Тапсырманы орындауға арналган әдістемелік нүсқаулар

Ас қорыту мүшелерінің алуан түрлі аурулары бар. Олардың бірқатары бірінші кезекте болатын дербес аурулар, екінші біреулері инфекциялық және инвазиялық ауруларға байланысты екінші кезекті патологиялық процесс ретінде пайда болады.

Аурулар жіті және созылмалы түрде өтеді. Олардың көбіне қабыну процесі тән, кейбіреулерінде қабыну процессі болмайды.

Макропрепарат. Жылқының созылмалы катарлы гастриті. Қарынның кілегейлі қабығы қалыңдаған, кедір- бұдырлы, сұрғылт түсті. Өлексені, сондай-ақ арнайы өлтірілген малды сойып-зерттегенде мұндай қарын ішінде қою, көмескі, созылмалы кілегейлі заттың мол болып жиналғаны анықталады.

Макропрепарат. Аш ішектің түйілуі. Ішектің түйілуі деп - ішектің шажырқайды бойлай бұралуын және ішектің белгілі бір жерінің түйінделуін айтады. Бұл негізінен жылқы, шошқа, ит дерті. Препаратта ішектің түйінделген жері күңгірт тартқан, қызғылт-көкшіл түсті, ішек қабырғасы қалыңдаған. Әдетте түйінделген ішек бөлігінің түтігінде қызғылт сұйықтық мол болып жиналады.

Препараттан сурет салыңыз. Ол үшін «жылқы тоқ ішегінің түйілуі» деп аталатын түрлі-түсті плакатты пайдаланыңыз.

Макропрепарат. Аш ішектің инвагинациясы. Инвагинация - ішектің бір бөлігінің екінші көршілес бөлігінің қуысына енуі. Ішектің қуысы тарылады. Ішек инвагинациясы энтерит (ішек қабынуы) және басқа себептердің салдарынан болады.

Ыдысқа салынған ішектің инвагинацияға ұшыраған бөлігі жуандап қарайған. Инвагинацияның ашылған жеріндегі шұжық тәрізді құрылым ішектің көршілес бөлігіне енген ішек бөлігі. Оның кілегейлі қабығы көмескі тартқан, қызарған. Препараттың суретін салыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Гастрит, энтерит, колит дегеніміз не? Олардың түрлері мен себептері.

2. Жіті және созылмалы катарлы гастрит, ондағы макро- және микроөзгерістер.

3. Ішектің түйілуі және ішек инвагинациясы дегеніміз не? Олардың морфологиясы.

4. Бауыр циррозы: анықтамасы, морфологиясы, түрлері.

5. Бауырдың токсикалық дистрофиясы: анықтамасы, морфологиясы, себебі, қандай жануарларға тән?

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)