Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулардың патологиялық морфологиясы " 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулардың патологиялық морфологиясы "

Поиск

Дәріс жоспары

1. Катарлы бронхопневмония

2. Крупозды пневмония

3. Өкпе эмфиземасы

4. Өкпе ателектазы

5. Өкпенің домбығуы

Негізгі және қосымша әдебиет:

1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялык патологиялық анатомия. Алматы, 2010,  258-271 бет.

2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001,  225- 234 бет

3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 159-168 бет.

4. Боль К.Г., Боль Б.К. Осковы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,235-247 бет.

5. Жаров А.В., Иванов H.B. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Ксшос, 2003, 202-208 бет.

6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,28-50 бет.

Дәрістің мазмұны

Пневмония - өкпенің қабынуы. Экссудаттың түріне байланысты сарысулы, фибринді, геморрагиялық, ірінді және катарлы түрлері бар. Продуктивтік пневмония сирек кездеседі (туберкулез). Қабыну процесінің өкпеде таралуы бойынша пневмонияның түрлері: а) ацинозды — қабыну ацинус көлемінде байқалады. Бронхиолалардын ең соңғы тармағы мен олардың айналасындағы альвеолаларды зақымдайды. б) лобулярлы - қабыну өкпенің жеке бөлікшелерімен шектеледі. в) лобарлы пневмония — қабыну өкпенің түгелдей бір бөлігін қамтиды. г) тоталды пневмония — оң және сол жақ өкпенің қабынуы.


Жануар өкпесінің қабынуы негізінен инфекцияға байланысты болады.

Бронхопневмония - өкпенің катарлы қабынуы. Төлдер жиі ауырады (торайлар, бұзаулар, қозылар, қойлар). Өкпенің алдыңғы ортаңғы бөліктері қабынады. Жіті және созылмалы түрде өтеді.

Жіті катарлы пневмония: зақымдалған бөлікшелердің көлемі үлкейеді, түсі көкшіл-қызыл, тығыздығы көк бауырға ұқсас - қатты. Тілік беті біркелкі, тегіс, дымқыл, саусақпен басқанда көмескі сұйық ағады, бронхтарды қысқанда - кілегейлі зат шығады. Жөтелгенде экссудат сыртқа шығуы немесе сорылуы мүмкін. Созылмалы катарлы пневмония - дәнекер ұлпаның өсуінен зақымдалған бөліктер тығыздалады. Тығыздығы, түсі бойынша өкпе ұйқы безіне ұқсайды. Сыртқы беті кедір-бүдырлы, тілік беті түйірлі болады. Катарлы пневмония іріңді процеспен асқынуы мүмкін. Көптеген, көлемі әртүрлі абсцестер пайда болады (ірінді катарлы абсцестелген пневмония).

Крупозды пневмония - өкпенің фибринді қабынуы. Көбінесе өкпенің бір бөлігі түгел қабынады (лобарлы пневмония). Жылқының, ірі қара малдың жұғымтал плевропневмониясында, пастерелезде (қой, ірі қара мал, бұғы, шошқа), асқыну ретінде шошқа обасында, торай мен бұзаудың сальмонеллезінде т.б. кездеседі. Төрт кезеңі бар: гиперемия, қызыл гепатизация, сұр гепатизация, шешуші.

Гиперемия кезеңі: қан тамырлары шамадан тыс кеңейіп қанға, ал альвеолалар сарысулы экссудатқа толады. Зақымдалған бөліктер біраз үлкейеді, қара-қошқыл түсті, нығыз, тілік беті біріңғай тегіс, қолмен басып көргенде қанга үқсас сүйық агып тұрады.

Қызыл гепатизация (бауырлану) кезеңі: қан тамырлары бұрыңғыдай кеңіген, қанға толған. Эритроциттер диапедезі, плазма протеиндерінің, әсіресе фибриногеннің альвеолаларға өту деңгейі жоғарылаған. Альвеолаларда фибрин, эритроцитгер, аздаған лейкоциттер орналасқан. Зақымдалған бөліктер біраз үлкейген, қызыл-қоңыр түсті, нығыз, бауырға ұқсайды. Тілік беті қүрғақ және түйіршікті. Өкпе ұлпасында ауа болмайды, өкпе кесекшелері суға батып кетеді.

Сұр гепатизация (бауырлану) кезеңі: өкпенің зақымдалған жерлерінде фибрин шөгінділерінің мөлшері көбейеді, лейкоциттер саны артады. Қабынған бөліктер үлкейген, нығыздалған, сұргылт түсті, тілік беті кұрғақ.

Шешуші кезең - сирек кездеседі. Фибрин лейкоцитгер ферменттерінің әсерінен сұйылады, сорылады. Макроскопиялық көрінісі: зақымдалған жерлер жұмсарған, босаңсыған, басып көргенде тілік бетінен ылайлы, іріңге ұқсас, қызыл түсті масса ағып тұрады.

Өкпе эмфиземасы - өкпеде ауаның шамадан тыс жиналуы. Түрлері: альвеолалық, интерстициялык- Альвеолалық эмфизема - ауаның альвеолаларда көбеюі. Жіті альвеолалық эмфизема өкпеге қосымша жүк түскенде (мысалы бәйгеге қосқан жылқыда), тұншығып өлгенде кездеседі. Өкпе солғын түсті, үлкейген, серпімділігі төмендеген. Қолмен басып көргенде басылады (созылмалы эмфиземада басылмайды). Созылмалы альвеолалық эмфиземада өкпе альвеолалары және олардың серпімді ұлпасы атрофияға ұшырайды. Өкпе солғын қызыл түсті, қолмен басқанда із қалады (серпімділігі төмендеген). Кескен кезде сытырлаған дыбыс шығады (крепитация). Тілік беті біртегіс және кұрғақ.

Интерстициялық эмфизема - өкпенің бөлікшеаралык дәнекер ұлпасының ауаға толуы. Респираторлық бронхтар және альвеолааралық ұлпа зақымдалған кезде дамиды. Ауа көпіршіктері бөлікшеаралық дәнекер ұлпада, көк пердеде, тіпті тері асты шелде жиналады. Себептері: өкпеге паразиттердің енуі, өкпенің жарақаттануы, ішке қарай қатты дем тарту, қатты дем шығару.

Өкпе ателектазы - өкпенің ондағы ауаның шығып не сорылып кетуіне байланысты ауасызданып, басылуы.

Өкпе көпіршіктеріндегі ауа басқа жаққа ауысады немесе сорылады. Өкпенің түгелдей ауасыз күйі апневматоз деп аталады. Ателектазға ұшыраған өкпенің көлемі кішірейеді. Ошақты ателектазда қабынған өкпе бөлікшелері мүше деңгейінен аздап төмен түсіп тұрады, шекарасы айқын, тығыздығы нығыз, бұлшық етке ұқсайды, серпімділік қасиеті жойылады. Тілік беті біртегіс, күңгірт–қызыл немесе сұрғылт–қызыл түсті.

Микроскопиялық көрінісі: эпителиден тұратын альвеолалар қабырғалары бірі біріне параллельді орналасады.

Ателектаз – талғаусыз жануарларда жиі кездеседі. Оның туа біткен және жүре біткен түрлері болады.

Туа біткен ателектаз барлық жануарларда, әсіресе әлсіз, әлжуаз, үстіртін дем алып, туа салысымен өліп қалған, сонымен қатар тыныс жолдары кілегейлі затпен, мекониймен бітеліп өлген торайлар мен бұзауларда (ошақты түрде) кездеседі.

Жүре біткен ателектаз – дем алған өкпенің екінші кезекті ауасыздануы. Себебіне байланысты компрессиялық (лат. compressio – қысым) және обтурациялық (лат. obturatio – бітелу) түрлері болады.

Компрессиялық ателектаз - өкпеге әсер ететін сыртқы қысым альвеола қабырғасына ауаның тигізетін қысымынан басым болған кезде дамиды. Мысалы плевра қуысында экссудат, транссудат, газ жиналып қалғанда, көкірек қуысында көлемді ісіктер пайда болғанда және т.б. ателектаз дамиды. Басылған жерлер солғын түсті болады, өйткені өкпе көпіршіктерімен бірге қан тамырлары да қысылып қалады.

Обтурациялық ателектаз – бронх қуысы бітеліп қалғанда кездеседі.

Ол бронхитте (микробтық, паразитарлық) байқалады. Бұл кезде шектелген өкпе бөліктерінен ауа сорылып кетеді. Ең әуелі оттегі, сонан соң көмір қышқылы, ең соңында азот сорылады. Ауа жойылғаннан кейін өкпенің серпімді аймағының деңгейі төмендейді. 

Көбінесе өкпенің алдыңғы және ортаңғы бөліктерінде дамиды. Ателектазға ұшыраған өкпе бөлікшелері шектелген, көкшіл–қызыл түсті (қанның іркілуінен). Зақымдалған жерді жауып тұратын плевра кедір – бұдырлы, қатпарланған (өкпенің басылып, кішіреюіне байланысты).

Ателектаздың ақыры оның ұзақтығына байланысты. Өкпеге қысым тез арада тыйылса немесе бронхтар өткізгіштігі қалпына келсе онда тыныс алу қызметі қалпына келеді. Басқа жағдайда дистрофиялық-қабыну процесстердің өрбуінен дәнекер ұлпа өсіп, зақымданған ошақтар қатаяды.

Өкпенің домбығуы – альвеолалар қуысында, аралық ұлпада домбығу сұйықтығының жиналуы. Себебі: веналық іркілу, жүрек қызметінің әлсіздігі, өкпеге улы заттардың енуі, жантәсілім кезіндегі күй. Улы газдардан уланғанда өрбуі мүмкін.

Макрокөрінісі: көлемі қалыпты, плеврасы тегіс, басқанда ойық қалады, тығыздығы қамыр тәрізді, тілік беті тегіс, ылғалды, түсі ашық-қызыл немесе күрең-қызыл.

Өкпенің іркілмелі домбығуында өкпенің түсі көкшіл болады. Тілік бетінен көбік аралас ашық-қызыл не қызғылт көмескі түсті сұйықтық ағады. Өкпеден кесіліп алынған кесекшелер су бетінде ауыр қалқиды, бір бөлігі суға батып кетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Өкпе ауруларын түрлері

2. Бронхопневмонияның макро -, микрокөрінісі

3. Крупозды пневмонияның кезеңдері, олардың макро-, микрокөрінісі

4. Эмфизема: түрлері, себептері, морфологиясы

5. Ателектаз дегеніміз не, түрлері, морфологиясы

 

3 дәріс

Тақырыбы:"Несеп-жыныс жүйесі ауруларының патологиялық морфологиясы"

Мақсаты мен міндеттері: нефроз бен нефрит арасындағы айырмашылықты білу, олардың жіктелуін және макро-, микрокөрінісін игеру.

Дәріс жоспары

1. Нефроздар

2. Нефритгер

3. Метриттер

4. Маститтер

Негізгі және қосымша әдебиет:

1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 297-314 бет.

2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 253-267 бет.

3. Вертинский КЛ. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 187-203 бет.

4. Боль K.T., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961, 268-286 бет.

5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Кодос, 2003, 224-229 бет.

6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,132-149бет.

Дәрістің мазмұны

Бүйректің зақымдануы екі топқа бөлінеді: 1) нефроздар; 2) нефриттер.

Нефроз - капилляр шумақтары мен түтікшелерде дистрофиялық процестердің басым болуы. Несеп құрамында протеиннің болуымен, организмде хлоридтердің кідіруімен, домбығулардың дамуымен сипатталатын өзгерістерді де нефрозға жатқызады.

Нефроздың себебі: жіті және созылмалы улану, буаз малдың токсикозы, гемолитикалық анемия, кейбір токсикоинфекциялар, ішектің анаэробтық инфекциясы. Дистрофиялык процестің орналасуна байланысты нефроздың 2 түрін ажыратады: 1) гломерулонефроз; 2) тубулонефроз.

Гломерулонефроз — дистрофиялық процестер негізінен капиляр шумақтарында дамиды. Мұнда гиалинді және амилоидты дистрофия жиі болады.

Тубулонефроз - күрделі дистрофиялық процестер бүйрек түтікшелерінің эпителиінде басым болады. 3 түрі бар: протеиндік, липоидтық, некроздық.

Нефрит - (nephritis) - бүйректің қабынуы. Инфекциялық-токсикалық ауруларда жиі кездеседі. ІҚМ - лептоспироз, қатерлі катарлы қызулану, тейлериоз. Жылқы - ИНАН, нуталиоз, гемоспоридиоз. Шошқа - тілме, оба, сальмонеллез. Итте дербес ауру. Нефриттер екі топқа бөлінеді: гематогенді және урогенді. Гематогенді нефрит өз кезегінде іріңсіз және іріңді гломерулонефрит, іріңсіз және іріңді интерстицийлік нефрит деп бөлінеді. Іріңді гломерулонефрит экстракапилярлық (сарысулы, фибринді, геморрагиялық) және интракапилярлық болып бөлінеді. Іріңсіз интерстицийлік нефриттің ошақты („үлкен шұбар бүйрек”) және диффузды деген түрлері болады.

Гломерулонефриттер - негізінен капиляр шумақтарының капсуласында жүреді. Экссудациялық гломерулонефритге капсула қуысында сарысулы, фибринді, гемморагиялық, экссудат жиналады. Капилляр шумақтары үлкейеді, тамырлары қанға толады.

Интракапиллярлы гломерулонефрит - шумақ қан тамырлары эндотелиінің көптеп көбеюімен сипатталады. Макроскопиялық көрінісі: жіті түрде бүйрек үлкейеді, қабығы оңай алынады, түсі біркелкі емес. Сыртқы қабаты калыңдайды, шумақтар үлкейеді, қызғылт-сұр түсті түйіршіктер болып көрінеді. Созылмалы түрде бүйрек бүрісіп, кішірейеді, түсі солғын тартады, қатаяды, беті кедір-бұдырланады. Қабығы жабысып, әрең сыпырылады.

Интерстицийлік іріңсіз нефрит малда жиі кездеседі. Бруцеллез, лептоспироз, сальманеллез, ит обасында кездеседі, ірі қара малда, бұзау, шошқа, жылқыда, тауықта кездеседі. Диффузды интерстицийлік нефрит - бүйректің пролиферациялық қабынуы. Бүйректер кішірейеді, беті кедір - бұдырлы немесе түйіршікті, қатты, қабығы әрең сыпырылады, сыртқы қабаты жұқарады, милы немесе ортаңғы қабаттарымен шектескен жерде ұсақ кисталар пайда болады. Ошақты интерстицийлік нефрит - барлық үй жануарында кездеседі. „Үлкен шұбар бүйрек”, „ақ шұбар бүйрек” деп аталады. 2 — 3 апталық, 6 айлық бұзауларда жиі кездеседі. Макроскопиялық көрінісі: бүйрек аздап үлкейеді, түсі солғын, сыртқы қабатында ақшыл түсті, дөңгелек немесе сына пішінді ошақтар көрініп тұрады.

Іріңді гематогенді нефрит жылқыда, ірі қара малда кездеседі. Организмдегі алғашқы ірің ошағынан бөлінген микробты эмболдарға байланысты дамиды (мысалы сақаумен ауырған жылқының іріңді процесстері, іріңді метрит, сепсистік эндокардит). Макроскопиялық көрінісі: бүйрек үлкейген, капсуласы оңай алынады, сыртында көптеген, ақшыл - сары, қызыл жиекпен шектелген „түйіншектер” көрінеді - бұл абсцесстер.

Урогенді іріңді нефрит пиелонефрит ретінде белгілі (іріңді пиелит + нефрит). Мұны төменнен жоғарыға бағытталған нефрит деп те аталады. Өйткені қабыну процессі несеп шығару жолдарынан, бүйрек астаушасынан басталады. Несеп жолдарынын қабынуына, тастарға, куық үсті безінің гипертрофиясына байланысты несеп жиналып іриді, бұл жерде микроорганизмдер көбейіп, алдымен бүйрек астаушасы қабынады (пиелит), сонан соң ол нефритпен асқынады. Макроскопиялық көрінісі: бүйрек қабығы сыпырылған кезде көптеген ақшыл-сұрғылт ірің ошақтары көрініп тұрады. Бүйрек астаушасы қабынған: кеңіген, кілегейлі-ірінді экссудатқа толған. Кілегейлі қабаты ісінген, көптеген қанталаулар бар. Несеп жолдарының қабырғасы қалыңдаған, ішкі қабаты қызарған.

Метрит - жатырдың қабынуы. Қабыну процесінің орналасуына байланысты түрлері: эндометрит — жатырдың кілегейлі қабығының қабынуы; миометрит — жатырдың етті қабығының қабынуы; периметрит - сірлі қабығының қабынуы; параметрит — жатыр айналасындағы ұлпаның қабынуы. Қабыну процесі эндометрийден басталып, басқа қабықтарға тарайды. Жатырдың қабынуы эндометрит және метрит түрінде жиі кездеседі.

Жіті катарлы эндометрит - кілегейлі қабық қызарған, домбыққан, қанталаған, сарысулы кілегейлі экссудатпен жабылған. Экссудат көмескі, қою. Кілегейлі қабықтың беті кедір-бұдырлы, өлген ұлпа қиқымдарымен жабылған. Некроздалған жерлерді алып тастағанда саяз ойылымдар мен эрозиялар көрінеді. Созылмалы катарлы эндометрит - кілегейлі қабық қалыңдайды, қатаяды, бездер кішірейеді.

Мастит— желінсау, сүт безінің қабынуы. Жиі ауыратындар ірі қара мал, қой, ешкі. Себептер: жарақаттану, улану, инфекция.

Бақылау сұрақтары:

1. Нефроз, нефрит дегеніміз не, олардың жіктелуі?

2. Бүйрек қабынуын тудыратын себептер

3. Төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге

бағытталған нефриттердің айырмашылығы

4. „Үлкен шұбар бүйрек” деген не?

5. „Бүріскен” бүйрек дегеніміз не?

6. Мастит, онын түрлері, макро -, микрокөрінісі

7. Метрит, оның клиникалык-анатомиялык түрлері, себептері, морфологиясы

4 дәріс

Тақырыбы:"Инфекциялық патологияға кіріспе. Сепсистің патологиялық морфологиясы"

Мақсаты мен міндеттері: инфекциялық ауруда болатын жергілікті және жалпы патоморфологиялық өзгерістердің ара қатынасын, олардың диагностикалық маңызын білу.

Дәріс жоспары

1. Инфекциялық аурулар туралы түсінік және оларға тән жалпы патологиялық морфологиялық өзгерістер.

2. Инфекциялық аурулардың патогенезі.

3. Сепсис.

Негізгі және қосымша әдебиет:

1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010,

372-384 бет.

2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001,

325-329 бет.

3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973,

244-248 бет.

4. Боль К.Г., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,306-312 бет.

5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 261-263 бет.

6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,219-226бет.

Дәрістің мазмұны

Инфекциялық ауру:

а) биологиялық агенттің, яғни қоздырушының әсерінен бейімделген организмде туындайды;

ә) ол күрделі иммундық процестермен қосақтаса жүреді;

б) организмде жалпы және жергілікті морфологиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталады.

Инфекциялық ауруларға жалпы патологиялық морфологиялык өзгерістер тән:

- қан тамырлары қызметінің бұзылуы;

- лимфалық түйіндердің, көк бауырдың реактивті түрде көлемінің үлғаюы;

- паренхималық мүшелерде дистрофиялар мен некроздардың дамуы;

- қабыну процестердің өршуі.

Көк бауырдың ұлғаюы жіті сепсистік ауруларда байқалады (топалаң, сальмонеллез). Көк бауыр 2-3 есе үлкейеді, тығыздығы жұмсарады, оңай жыртылады, түсі қара-қошқыл, қырындысы мол, тілік бетінің суреті жойылады (сепситік көк бауыр). Кейбір жіті өтетін ауруларда (ботулизм, микоздар), вирустық ауруларда көк бауырдың көлемі өзгермейді. Кәрі, көтерем малдың, жаңа туылған төлдің көк бауыры айтарлықтай өзгере қоймайды. Созылмалы ауруларда көк бауырда гиперплазиялық процестер басым болады. Оның көлемі үлкейеді, тілік беті түйіршікті, түсі солғын тартады (көк бауыр гиперплазиясы).

Қоздырушының организмге енген жері инфекция қақпасы деп аталады. Инфекция қақпасы зақымдалған тері, тыныс алу, ас қорыту жүйелердің кілегейлі қабығы, несеп, жыныс мүшелері болуы мүмкін.

Қоздырушының организммен алғашқы жанасқан жерде алғашқы ошақ (алғашқы аффект) пайда болады. Қоздырушы алғашқы аффектен лимфа арқылы аймақтық лимфалық түйіндерге жетіп, оның қабынуына себепкер болады. Сонымен алғашқы инфекциялық кешен алғашқы аффектен және зақымдалған аймақтық лимфалық түйіндерден тұрады. Алғашқы инфециялық кешеннің түрлері: толық, жартылай, күрделі.

Алғашқы кешеннің ақыры: а) сәтті аяқталу (жазылу, инкапсуляция, организация); б) генерализация - қоздырушының алғашқы ошақтан бүкіл организмге таралуы. Түрлері: гематогенді, лимфогенді, интраканаликулярлы.

Инфекциялық аурудың ақыры: 1) толық жазылу, иммунитеттің қалыптасуы; 2) толық жазылмау, сенсибилизацияның туындауы; 3) созылмалы түрге айналуы; 4) бактерия тасымалдаушылық; 5) өлім.

Сепсис (гр. septein - шіру) - организмде бір инфекциялық ошақтың пайда болуына байланысты дамитын және басқа инфекциялық аурулардан: этиологиялық, індеттік, клиникалық, иммундық, патоморфологиялық ерекшеліктері бар жедел түрде өтетін инфекциялық ауру. Ерекшеліктері:

а) этиологиялық - тұрақты қоздырушысы жоқ;

э) індеттік - ауру малдан сау малға жұқпайды;

б) клиникалық — инфекциялық процеске тән кезенділік болмайды;

в) имундық - иммунитет қалыптаспайды.

г) патоморфологиялық — жергілікті және жаппы патологиялық анатомиялық өзгерістер трафаретті түрде жүреді.

Қақпасының, ошағының орналасуына байланысты сепсистің түрлері: жаралық сепсис, пуэрпералды сепсис, кіндіктік, күйгеннен кейін, тонзилогенді, уросепсис, криптогенді.

Клиникалық анатомиялық белгілері бойынша сепсистің түрлері: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит, созылмалы сепсис (уросепсис).

Септицемия - гиперергиямен, жіті түрде өтумен, іріңді метастаздардың жоқтығымен, геморрагиялық диатезбен сипатталады.

Септикопиемия - алғашқы ошақтың ірінді қабынуымен, көптеген мүшелер мен ұлпаларда абсцестердің пайда болуымен көрінеді.

Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларының, жүрек-қантамырлар жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Жіті, жітілеу және созылмалы өтеді.

Уросепсис іріңді пиелонефритте, циститте, маститте, метритте дамиды. Ішкі мүшелері семіп, мал жүдейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Инфекциялық ауру дегеніміз не, инфекциялық

процестің мәні

2. Инфекциялық аурулардың жіктелуі

3. Инфекциялық процес кезінде микро- және макроорганизмнің арақатынасы

4. Инфекциялық ауруда болатын жергілікті және жалпы патоморфологиялық өзгерістер

5. Сепсис: анықтамасы, жіктелуі

6. Сепсистің ерекшеліктері, түрлері

 

5 дәріс

Тақырыбы: «Жіті бактериялық аурулардың патологиялықморфологиясы»

Мақсаты мен міндеттері: пастереллез бен сальмонеллезде болатын патоморфологиялық өзгерістерді, олардың дамуын, патологиялық анатомиялық балауын, басқа ұқсас аурулардан айырмашылығын білу.

Дәріс жоспары

1. Пастереллездің патоморфологиясы

2. Сальмонеллездің патоморфологиясы

Негізгі және қосымша әдебиет:

1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 396-411 бет.

2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 342-353 бет.

3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 258-269 бет.

4. Боль КГ., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,321-337 бет.

5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 268-272,276-280бет.

6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,193-199бет

Дәрістің мазмұны

Пастереллез (Pasteurellosis) - сүт қоректілер мен кұстардың септицемиялық өзгерістермен, қанталаулармен, өкпенің фибринді қабынуымен, тері асты шелдің домбығуымен сипатталатын инфекциялық ауруы. Үй және жабайы сүтқоректілер мен құстың барлық түрлері бейім. Адам да ауырады. Ауру әртүрлі жастағы малда кездеседі.

Қоздырушысы — Pasteurella туыстығына жататын спора түзбейтін, грамтеріс, қозғалмайтын бактериялар.

Патогенезі. Ауру тыныс және ас корыту жолдары арқылы, кейде зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушы ауру қақпасында көбейіп, қан немесе лимфа арқылы бүкіл организмге таралады. Уытты өнімдері - агрессиндер - қан торшаларының фагоцитарлық қасиетін жояды, көп мөлшерде көбейіп септицемия тудырады. Қантамырлар қабырғасының өткізгіштігі артып геморрагиялық диатез, тері асты шелдің домбығуы, паренхималық мүшелерде, жүйке жүйесінде дистрофиялық процестер өрбиді.

Патологиялық анатамиясы. Ірі қара мал пастереллезі өте жіті, жіті және жітілеу, кейде созылмалы өтеді. Жасырын кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Өте жіті түрінен ауру мал тез арада ешбір клиникалық белгісіз өліп кетеді. Жіті өткенде ауру домбығу, көкіректік және ішектік түрде байқалады.

Домбығу турінде тері асты, бұлшық ет шелісінде, әсіресе бас, мойын, сыртқы жыныс мүшелері аумақтарында сарысулы қабынуға байланысты домбыққан жерлерді көруге болады. Домбығу жұтқыншақ айналасында, астыңғы жақ сүйектері арасыңда жиі дамиды. Домбыққан ұлпалар кесіп көргенде жалқаяқ тәрізді, ашық сарғыш түсті. Тілік бетінен сарғыш сұйық ағып тұрады. Кілегейлі, сірлі қабықтарда, ішкі паренхималық мүшелерде қанталаулар болады. Әсіресе қабырға мен өкпе плеврасы жиі қанталайды. Бастың, мойынның, көк перденің лимфалық түйіндері үлкейеді, канталайды. Ұлтабар мен аш ішек катарлы, кейде катаралды-геморрагиялық қабынады. Жүрек еті, бауыр, бүйрек паренхималық дистрофияға ұшырайды.

Пастереллездің көкіректік крупозды пневмониямен, фибринді плевритпен сипатталады. Крупозды пневмонияның ерекшеліктері болады. Жіті өтетіндіктен өкпенің түсі мәрмәр тасқа онша ұқсай қоймайды. Экссудатта эритроциттер мөлшері көп болады. Бұл ауруда крупозды пневмонияньщ үшінші ерекшелігі — токсиндердің әсерінен өкпеде некроздардың пайда болуы. Қабынудың плевраға таралуына байланысты сарысулы-фибринді плеврит, перикардит, кейде перитонит дамиды. Геморрагиялық диатез байқалады.

Бронхтық, көк перделік лимфалық түйіңдері сарысулы қабынады, үлкейді, тілік беттері ылғалды болады.

Бауыр, бүйрек, миокард түйірлі дистрофия күйіңде. Бауырда некроз ошақтары болуы мүмкін. Көк бауыр өзгермейді.

Аурудың ішектік түрімен бұзаулар ауырады. Аш ішектің, ұлтабардың жіті катарлы, кейде геморрагиялық қабынуымен сипатталады.

Сальмонеллез(Salmonellosis, паратиф) - төлде септицемия және токсемиямен, ас қорыту, тыныс жолдарының қабынуымен, бие мен қойда іш тастаумен көрінетін инфекциялық ауруы. Адамда сальмонеллез тағамдық токсикоинфекция түрінде өтеді.

Қоздырушысы - Salmonella туыстағына Enterobacteriaceae тұқымдастығына жататын таяқша, спора түзбейтін, грамтеріс бактериялар.

Патогенезі. Төл ішегіне енген бакгериялар көбейіп, қабыну туғызады, қан мен лимфаға өтіп, бүкіл организмге таралады. Сальмонеллалардың токсиндері әсерінен қан тамырлар эндотелиі бүлінеді, қанның ұюы күшейеді. Ұсақ қан тамырларының арнасы кеңейіп, қан ағысы баяулайды, тромбтар мен стаз туындайды, паренхималық мүшелер дистрофияға ұшырайды, қанталайды. Буаз мал іш тастайды.

Сальмонеллатасымалдаушылық ересек мал арасында кең тараған. Әр түрлі жағымсыз факторлар әсерінен малдың төзімділігі нашарлаған кезде ауру өрбиді.

Бұзау сальмонеллезі — жіті және созылмалы түрде өтеді. Қоздырушысы

- S.dublin, S.typhimurium, S.enteritidis. 10 күннен 2 айға дейінгі бұзаулар ауырады. Аурудың жіті түрі: 5-10 күнге созылады. Жіті сепсистік ауруларға тән өзгерістер дамиды: сарысулы-катарлы немесе геморрагиялық энтерит. Ұлтабар да осылай қабынады, ойылымданады. Пейер бляшықтары мен солитарлы фоликулдер ісінеді, фибринмен жабылады. Шажырқайлық лимфалық түйіндер ұлғаяды, ісінеді, қанталайды. Сепсистік көк бауыр. Бауыр үлкейеді, онда көптеген көмескі сарғыш түйіншектер болады.

Созылмалы түрде өкпе қабынады. Негізінен сарысулы-катарлы бронхопневмония, кейде крупозды-некрозды пневмония болады. Гистологиялық өзгерістер: бауырдағы ошақтар 2 түрде болуы мүмкін: 1) бауыр торшаларының токсикалық некрозы; 2) „паратифтік” фанулемалар.

Торай сальмонеллезі - қоздырушысы Salm. cholera suis, Salm. typhi murium, Salm. dublin. Негізінен 2 апталық - 6 айлық торайлар ауырады.

Аурудың жіті түріңде патологиялық анатомиялық өзгерістер бұзау сальмонеллезіне ұқсас болады. Созылмалы түрінде өзгерістер тоқ ішекте, әсіресе соқыр ішек пен бүйен ішекте жүреді. Ошақты немесе диффузды дифтериялық қабыну туындайды. Процесс лимфоидты кұрылымдардан басталады, олар ірі торшалы гиперплазияға ұшырайды. Кейіннен бұл ірі торшалы инфильтраттар ішек эпителиімен бірге некрозданып, қабыршақтанады - «түйме» тәрізді ойылымдар пайда болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Пастереллездің жеке түрлерінде болатын

патоморфологиялық өзгерістер

2. Пастереллезді басқа аурулардан ажырату

3. Бұзау сальмонеллезінің патоморфологиялық

ерекшеліктері

4. Торай сальмонеллезінің патоморфологиялық

ерекшеліктері

 

6 дәріс

Мақсаты мен міндеттері: туберкулез патоморфологиясының ерекшеліктерін, туберкулдың құрылысын, біріншілік және екіншілік туберкулез кезеңдерін, жеке мүшелер туберкулезін білу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.016 с.)